Ќ азаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет13/20
Дата06.02.2022
өлшемі2,11 Mb.
#37604
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Бірінші дәрежедегі соғылу - соғылудың ең жеңіл түрі. Жеңіл соққы әсерінен терінің, тері асты борпылдақ ұлпасының ұсақ қан, лимфа және жүйке тамырлары зақымданады. Ол жерге қан сіңіп, қызарып, шектеулі асептикалық қабынады, ісінеді. Соғылудың бұл түрі адамдарда оңай анықталады. Соғылған жер әуелі қызарады, ісінеді. Құйылған қан мен эксудат, ісіну бірте-бірте сіңе бастайды. Қан құйылған жер басында қызарады, 1-2 күндері көгереді, 3 күннен кейін қоңыр тартып, сарғайып 10 – 20 күнде жоғалады. Қанталаған жердің қызаруы қандағы гемоглобиннің түсіне байланысты. Ол метагемоглобинге айналғанда – көгереді. Ал гематойдинге айналғанда соған сай сарғаяды да гемосидеринге айналғанда қоңыр түске енеді. Ауыл шаруашылық малдарының терісі қалың болғандықтан ол көбіне анықталмайды. Соғылудың бұл дәрежесін малды сойып, терісін сыпырғанда анық көруге болады. Оны жыққан кездегі соғылудан болған жарақат терінің ішкі жағынан қанталап анық көрінеді.
Екінші дәрежедегі соғылу- соғу күші біршама қатты болғандықтан тері, тері асты ұлпалары, орташа қан және лимфа тамырлары жарақаттанады. Ұлпалар ыдырап, зақымдалған ошақ ісінеді (жарақаттық қабыну). Ісік ыстық, ауырушаң. Кейде малдың дене қызуы көтеріледі. Диаметрі үлкен қан, лимфо тамырлары зақымдалғанда тері астына, ұлпа арасына қан және лимфа ағып гематома, лимфоэкстравазат немесе гемолимфоэкстравозатқа айналады. Екінші дәрежедегі соғылуда көбіне көлемі кіші, аумағы шектеулі гематома мен лимфоэктравазат, ал буында гемартроз пайда болады. Мүізбен сүзу салдарынан құрсақ бұлшық еті жыртылып, шарбы, ішек тері астына шығып, «жарық» пайда болуы мүмкін.
Үшінші дәрежедегі соғылу – қатты соққыдан, соғылудан тері, тері асты ұлпалары, бұлшық еттер, сіңірлер жаншылып, ірі қан тамырлары жарақаттанады. Қан тамыры да жаншылса, томбокиназа көп түзіліп, қан тамыры тез тромбамен бекітіліп, ұлпаларға қан құйылу көп болмайды. Қан құылған жердің аймағы үлкеймейді, бірақ зақымдалған жерге қан сіңеді. Ал үлкен қан тамырлары үзіліп немесе кесіліп кеткен жағдайда пайда болған гематома мен көлемі үлкен болады. Қан ішкі қуыстарға ақса мал қансырап өлуі мүмкін. Сіңірлер мен бұлшық еттер созылады. Буындар шығып, сүйектер сынады. Үшінші дәрежедегі соғылуға тән нәрсе, тікелей соққы алған жерден алыс орналасқан ұлпалар мен ағзалар да қоса зақымдалуы мүмкін. Ішкі ағзалар (ми, бауыр, көкбауыр) шайқалады. Мүшелердің қызметі бірден бұзылады. Жарақаттанған жерге инфекция түссе абцесс, флегмона, газды гангрена дамып, организм сепсиске, улану - интоксикацияға ұшарайды.
Төртінші дәрежедегі соғылу – бұл аса қатты соққыдан болатын соғылудың ең ауыр дәрежесі. Соғылудан тері, тері асты ұлпалары, қан тамырлары, бұлшық еттері, сіңірлері жаншылады. Кейіннен жаншылған ұлпалар өліеттенеді, шіриді. Қан тамырылары жаншылғандықтан көбіне қан құйылу болмайды. Сіңірлер мен бұлшық еттер, буындар үзіліп, сүйектер майдаланып, ұматылып сынады. Соғылған жердегі аса қатты ауырсынудан жануарлар жарақаттық талмаға (шок) ұшарап өліп кетуі мүмкін.
Болжам. Бірінші, екінші дәрежелі соғылудың қауіпі жоқ, емдесе жазылады. Ал үшінші, төртінші дәрежелі соғылулар мал өміріне қауіпті, асқынулар пайда болады.
Емі. Бірінші, екінші дәрежелі соғылуда ауруға тыныштық жасап, қозғалысын шектеп, күтімін жақсарту керек. Алғашқы 24 сағатта соғылған жердегі аурушаңдықты басып, қабынуды азайту, қанды тоқтату үшін суық басып, қысып танғыш салынады. Осыдан соң ол жерге жылулық емдер жасап, қан айналысын, зат – газ алмасуын үдетіп, регенерацияға жағдай туғызу қажет. Осы мақсатта жылулық компресстер, қыздыратын майлар (камфора, Вишневскийдің бальзамды майы, бон -бинге) қолданылады. Инфекциялық асқынудың алдын алу үшін спиртелген иод ертіндісін, 5% калий перманганат ертіндісін немесе септонекс, септо - спрей, монклавит – 1 дәрілермен жарақаттанған жерді өңдейді. Үшінші, төртінші дәрежелі сағылуда гематома, лимфоэкстравазат пайда болып, ішкі ағзалар шайқалса, буын шығып, сүйек сынса, жарақатанған жерге инфекция түсіп, абцесс, флегмона, газды гангрена дамыса, организм сепсиске, улануға ұшыраса ол аурулардың арнайы хмрургиялық емдері қолданылады.
Гематома (Haematoma, қанды домбығу) – жабын ұлпалар араларына қан кетуден қан толған қуыс пайда болу. Ол екінші дәрежелі соғылудан қан тамырларыныңың бүтіндігі бұзылып, тері астына қан ағудан пайда болады. Мысалы сиырлар бірін – бірі сүзгенде мүйіз тиген қан тамырлары жарақаттанып, тері астына қан құйылады. Сол сияқты сынған сүйекпен қан тамыры жарақаттанғанда, жуан инемен қан алғанда қан тамырының қабырғасы бірнеше жерден жарақаттанып, қанды толық тоқтатпаса да ол жерде гематома пайда болады..
Гематомалар жарақаттанған қан тамырына байланысты артериалық, веналық, аралас, ал орналасуы бойынша тері астылы, фасция астылы, бұлшық ет аралық, мүше аралық, бас қаңқасының ішіне қан кету, құрсақ ішіне қан кету деп бөлінеді. Көлемі бойынша – шектелген немесе шектелмеген болады.
Клиникалық белгілері. Егер беткейлік гематома болатын болса бүлкілдеген ісінулер болады. Ол жердің терісі тығыздалып, ауырсынып, тамыр соғысы байқалады. Ісінген жер ортасында флуктуация (бүлкілдеп тұруы) болады. 3 – 4 күннен кейін ісіктің шеті тығыздалады. Ауырсыну реакциясы жоғалады.
Терең орналаласқан гематомалар жайылып, анықтау қиын болады..
Көлемі ірі, ішкі қуыстардағы гематомаларда жіті анемия, ал бас қаңқа ішінің гематомасында салдану болады. Құрсақ қуысына көп қан құйылғанда нәжістің бөлінуінің қыйындауы байқалады. Гематоманы тескенде (пункция жасағанда) одан қан шығады. Инфекция түсіп асқынғанда қанға ірің араласады.
Болжам. Егер жабық жарақаттарда артерия мен венадан аққан қан ұлпа аралығына толып, олардың арасын ыдыратып тамыр қабатының қарсы тұратын күші мен тамырдағы қан қысымы теңелгенше ол жерге қан толады. Ал содан соң қан ағу тоқтайды. Жарақаттанған қан тамырының ұштары қасында орналасқан ұлпаларға қысылып тартылады. Ол 2-3 тәулікте тромб түзуді қамтамасыз етеді. Гемотома ішінде бірте – бірте қан ұйып, дәнекер ұлпамен жабылады. Реактивті торшалық инфильтрация жүреді де капсула түзіледі. Онда кейде кальции тұздары жиналып, кейде киста ретінде болады. Егер гематома көлемі кішірек болса онда толық сорылады. Егер гематома толық сорылмай микробтар түсетін болатын онда абсцесс немесе флегмонаға айналуы мүмкін.
Беткейлік шектелген гематомалар қауіпсіз. Шектенусіз жайылған гематомалар, бас қаңқасының гематомалары қауіпті.
Емі. Көлемі кіші гематомада емдеу үрдісі 1 – 2 дәрежедегі соғылудағы сияқты. Бірінші тәулікте суық басу, қысып таңу. Ал тері астының ірі гематомасында стерильді ине арқылы қанды азайтып сору, қуысқа антибиотикті новокаин ертіндісімен жіберу, қысып таңу.
2 – ші тәуліктен кейін жылулық емдер, парафин, солюкс шамын қолданып, қыздырғыш майлар жағу.
Көлемі ірі, жайылған гематомалардың 4 – 5 тәулікте асептика және антисептика ережелерін сақтап, ортасынан кеседі де, сол жерден ұйыған қанды алады. Қуыс ішін фурацилин ертіндісімен шайады (1 : 5000), немесе септо – спрей, монклавит – 1 дәрілерінің бірімен өңдейді. Жарақатты жартылай тігуге болады. Егер инфекция түскен болса тігіс салмай ашық жарақат ретінде емдейді..
Ірі қан тамырлары жарақаттанып, қан тоқтамай гематома көлемі ұлғая берсе алдымен жарақаттанған қан тамыры анықталады. Қан кетіп тұрған тамырды тауып оған гемостатикалық пинцет салып, ұшын байлайды немесе пинцетті 24 – 48 сағатқа қалдырады. Ары қарай жасалатын емі клиникалық белгілеріне байланысты болады.
Лимфоэкстравазат (Limphoextrauasat, лимфалық домбығу) механикалық әсерлер салдарынан жарақаттанған лимфа тамырларынан ұлпа арасына аққан лифа толған қалта. Лимфоэкстравазаттар малдың жанай тиген мүйізінен, тістеуінен, тебуінен ірі лимфа тамырлары жарақаттануы салдарынан пайда болады. Сол сияқты малды терісінен тартып сүйрегенде, кең ертоқым қажағанда тері мен оның астындағы борпылдақ ұлпасы шектен тыс ажырап, қозғалып, онда орналасқан лимфа тамырларының үзілуінен лимфа жиналуынан пайда болады. Бұл жағдайда қан тамырлары да қоса зақымданса, ол жерде қан мен лимфа аралас сұйық толы қалта - гемолимфоэкстравазат пайда болады. Ол тері астында немесе ұлпалардың терең қабатында орналасуы мүмкін.
Клиникалық белгілері. Жарақаттанудан 3 4 күн өткеннен кейін денеде басқанда бүлкілдейтін, ауырмайтын ісік пайда болады. Ол жердің қызуы да қалыпты болады. Терісін анықтап қарау арқылы жүні түсіп сыдырылғын, сызылған жарақат анықталуы мүмкін. Гематомадан, абсцесстен ажырату үшін оны жіңішке инемен тесіп, ішіндегі сұйыған сорғызып алып зерттеу керек. Лимфоэкстравазатта қалта ішінен мөлдір сары түсті немесе аздаған қызғылт сары түсті лимфа анықталады.
Емі. Малға тыныштық беру керек. Қозғалыс жағдайында лимфа 5 есе жылдам әрі көп бөлінетіні белгелі. Лимфоэкстравазатқа суық және жылулық емдер қолдануға болмайды. Өйткені суықтан ұлпалардың өліеттенуі артса, жылу лифа ағысын үдетеді. Ол жерді Септо - спрей, Чеми – спрей, монклавит – 1 дәрілерінің бірімен өңдеп, қысып таңады. Асқынбаса 10 – 15 күнде жазылады. Көлемі біршама үлкен лимфоэкстравазатта мұнымен қоса оның ішіндегі сұйығын стерильді инемен сорып азайтады және оның орнына 0,5 пайызды новокайнға езілген антибиотик енгізіліп, қысып таңады. Ем күн аралатып қайталанып отырылады. Асқынбаса 18 – 22 күнде жазылады. Ал лимфоэкстравазатың көлемі аса үлкен болып, шелінен ажыраған терінің бір бөлігі созылып салбырап қалса, ткалапқа сай операция алаңын дайындап, оны оперативтік жолмен кесіп алып тастап, пайда болған ашық жарақаты емдеуге тура келеді. Лимфа ағысын тоқтату үшін алдымен жарақатты 5 пайызды иод ертіндісімен өңдеп, ары қарай күн сайын Септо - спрей, Чеми – спрей, монклавит – 1 дәрілерінің бірімен өңдеп отыру керек. Толық жазылуға бір айдан аса уақыт қажет. Егер лимфоэкстравазат мініс аттарының арқасында болса, әсіресе ашық жарақатқа айналдырып емдегенде (жауыр) оларды мінісек 1 жылдан соң пайдаланған дұрыс.
Созылу (Distorsio) – Тері мен оның астындағы ұлпалардың шектен тыс созу күші әсерінен морфологиялық бүтіндігі сақталғанмен гистологиялық бүлінулерге ұшырауы. Созылуға жиі тері, бұлшық ет, сіңір, буын ұшырайды. Бұлардың бәрі белгілі дәрежеде созылғыш. Оларға осы мүмкіндігінен жоғары созу күші әсер етсе созылады, торшалық деңгейде зақымдалып, қызметтерін толық атқара алмайды. Малды терісінен сүйреп тоғымаға түсіру кезінде терісі созылса, жығылған малды аяғынан тартып сүйрегенде буыны, буынның байлам сіңірлері созылып қалады. Тайға салмағы ауыр адам мініп шабатын болса оның қолтық асты еті, аяғының сіңірлері созылады. Бәйге кезінде шауып келе жатқан ат аяғын қия басса буындарының байлам сіңірі созылады. Буындардың шығуы олардың байлам сіңірлерінің созылуымен қоса жүреді. Сол сияқты ауыр салмақты бұқадан ұрық алғанда арнайы станокты пайдаланбаса оның аяғының сіңірлері, бел бұлшық еттері созылуы мүмкін. Созылу кезінде ұлпалардағы ұсақ қан және лимфа тамырлары үзіледі, асептикалық қабыну дамиды.
Клиникалық белгілері. Клиникасы соғылуға ұқсас. Созылған жерде асептикалық қабыну дамып, ісінеді. Аурушаң. Аяқтың буындары, сіңірлері, бұлшық еттері созылғанда мал сылтып ақсайды. Күш түсірсе алғашында ақсау басылғандай болғанмен, содан соң ол аяғын мүлде баспай, қатты ақсап қалады.
Емі. Жануарға тыныштық беріп, жұмыстан босатады. Алғашқы күні суық басу керек. Екінші күннен бастап жылулық емдер қолданылады. Ол үшін қыздыратын камфора майы, Вишневскидің бальзамды майы, Алезан гельі сияқты майлар жиі пайдаланылады. Емдік балшықтарды пайдалану жақсы нәтиже береді. Малдың аяғы жарақаттанғанда ем өлшемді мацион жасатумен қоса жасалады.
Үзілу (Ruptura) – ұлпалар мен ағзалардың шектен тыс созу күші әсерінен анатомиялық бүтіндігінің бұзылуы. Көбіне сіңірлер, буындардың байлам сіңірлері, бұлшық еттер үзіледі. Олар толық немесе жартылай үзілуі мүмкін. Себебі сан алуан. Бәйге кезінде шауып келе жатқан ат шабандоздың дұрыс басқармауынан, мысалы кілт тежеуінен немесе қатты қысауынан арты аяғының тұяғымен алдынғы аяғының тұсау буынын соғып, бақайды бүккіш сіңірді жартылай, кейде толық үзіп жібереді. Ол «аяқты шауып алу» деген атпен белгілі. Құлау, таю салдарынан малдардың буындарының шығуы олардың байлам сіңірлерінің созылуымен кейде жартылай немесе толық үзілуімен қоса жүреді. Сол сияқты ауыр салмақты бұқадан ұрық алғанда арнайы станокты пайдаланбаса оның аяғының сіңірлері, бел бұлшық еттері созылуы, үзілуі мүмкін. Бұлшық еттер, сіңірлер және басқа ұлпалар созылғанда, үзілгенде сол жердегі жүйке, қан және лимфа тамырлары да қоса жарақаттанатынын ескеру қажет.
Клиникалық белгілері. Мал кенеттен қатты ақсап, аяғын мүлде баспай немесе орнынан тұрмай қалады. Жартылай үзілу болған жерде асептикалық қабыну дамып, ісінеді. Сипағанда ауырсынады. Ал буындарды ашқыш және жапқыш сіңір мен бұлшық еттер толық үзілгенде сол буындар ашылмай немесе жабылмай қалады. Ал сіңірлер мен бұлшық еттердің орны босап қалады. Сипағанда олардың үзілген ұштары анықталады. Рентгенмен қарап, диагнозды нақтылай түседі.
Емі. Жартылай үзілген ұлпаларды емдеу созылуды емдегенмен бірдей. Тек ұзағырақ. Жануарға тыныштық беріп, жұмыстан босатады. Алғашқы күні суық басу керек. Екінші күннен бастап қыздыратын камфора майы, Вишневскидің бальзамды майы, Алезан гельі сияқты майлар жағады. Емдік балшықтарды пайдалану жақсы нәтиже береді. Малдың аяғы жарақаттанғанда ем өлшемді мацион жасатумен қоса жасалады. Ал толық үзілу кезінде негізгі ем хирургиялық тігіс салып үзілген ұлпаларды жалғау. Үзілген бұлшық еттер мен сіңірлерді тігіп емдеу ұсақ маладар мен ит – мысықтарда болмаса іері қара малдарда тиімсіз. Олар етке жіберіледі.

Шайқалу (Commotio) – қатты және тез жасалған соққыдан үлпершекті (паренхималық) ағзалардың және басқа ұлпалардың молекулалық деңгейде өзгерістерге ұшырап, қызметінің бұзылуы. Шайқалу сонымен бірге аса қатты жарылыстан болады. Ол «контузия» деген атпен белгілі. Мүндағы әсер етуші күш жоғарғы жиіліктегі дыбыс толқыны. Жиі ми шайқалады. Сонымен бірге оқ тиген жердегі жарақат айналасындағы ұлпалар да шайқалуға ұшырайтыны белгілі.


Клиникалық белгілері. Малда анықтау қиын. Клиникасы айқын емес. Көзге көрінетін патологиялық өзгерістер жоқ. Ауыр түрінде мал жарақаттық шоктан бірден өліп кетеді. Ал жеңіл түрі жасырын өтеді.
Емі. Жануарға тыныштық беріп, жұмыстан босатады. Аминазин, рампун, рометар, ветранквил, золетил, ксиланит сияқты ыныштандыратын , ұйықтататын дәрілер егіледі.
Басылу (Compressi) - механикалық басылу, қысылу салдарынан ұлпалар мен ағзаларда кейде тұтас организмде қан айналу, зат алмасу процестерінің бұзылуынан болатын жарақат. Организмнің жалпы басылуы қар, лай көшкіні, құлаған жар, құдық топырағы астында қалудан болады. Тар қорада үрккен малдар да бір – бірін таптап, басып тастауы, «бастырылу» кездеседі. Ұлпалар мен ағзалардың басылу себебі көп. Мысалы ірі қара мал көтерем болса жатқан жағының аяқ, бауыр терілері басылып қалады. Ертоқым тар болса аттың арқасы басылап, ақыры ол жер өліеттеніп, жауыр болады. Қан тоқтату үшін салған бұрауды уақытылы босатпаса да ол жердегі қан тамырының басылуы салдарынан одан төмен жатқан ұлпаларға қан бармай, ақыры өліп, өліеттенеді, шіриді. Басылудың салдары – ишемия, қан айналымының бұзылуы, ағзалар мен ұлпаларға қан бармай қалуы. Осыдан ұлпалар өліеттенеді, шіриді, одан пайда болған улы заттар организмді уландырады.
Емі. Басылудың себебін мейлінше ерте жойылса ем соғырлым тиімді болады. Жалпы қан айналысын, зат алмасуын жақсартатын емдер қолданады. Оттегі жастықшаларымен дем алғызады. Уқалау жасалады. Бағуы, азықтандырылуы мейлінше жақсартылады. Витаминдер егіледі. Егер ұлпаларда шірікті ошақтар пайда болса хирургиялық емдер қолданылып, өліеттерден арылтып, инфекцияға қарсы шаралар жасалады.

Дәріс 4. ЖАРАҚАТТЫҢ ОРГАНИЗМГЕ ЖАЛПЫ ӘСЕРІ


Механикалық, физикалық, химиялық жарақаттар организмге тек жергілікті әсер етпейді, сонымен бірге бүкіл организмге залалын тигізеді. Ауыр жарақат алған жануарлар есінен танып, жарақаттық шокқа, коллапсқа ұшырап, өліп те қалады.


Шоктың (талманың) жіктелуі. Шоктың пайда болу себептеріне байланысты негізгі түрлері:
- жарақаттық шок,
- күйіктен болған шок,
- операциялық шок,

  • анафилактикалық шок,

  • гемолитикалық шок.

Уақытқа байланысты:

  • алғашқы шок (жарақатанған мезетте, немесе сәл уақыттан соң пайда болуына байланысты),

  • қайталама шок (жарақаттанған малға бірнеше сағат өткенде қанға улы заттар сіңгендіктен пайда болады) деп бөледі.

Жоғарыда айтылғандай талманың екі кезеңі болады. Бірі оның күшею кезеңі болса, бірі бәсеңсу кезеңі.
Қырғыз ғалымы И.М.Ахунбаев және ГЛ.Френкель осы кезендердің әрқайсысын компенсация және декомпенсация сатыларына, ал аурудың жағдайына қарай И.Петров оны жеңіл, орташа және ауыр түрлерге бөледі.
Жарақаттық шок. Оның себебі өте ауыр ашық және жабық механикалық жарақаттар екені белгілі. Жарақаттану салдарынан жануардың бүкіл тіршілігіне қатысы бар мүшелерінің қызметінің күрт нашарлануы, өлімсіреуі - жарақаттану талмасы (жарақаттық шок) деп аталады. Мал организімінің мұндай жағдайға ұшырауы алдымен миындағы орталықтардың қалыптан тыс жағдайға ұшырауынан болады. Сондай ақ ауыр және ұзақ операциялар кезінде, операциядан кейінгі мезетте талма жағдайы байқалады.
Шок - естен тану, талма: басында қысқа уақыт қоздырылып, кейіннен жүйке жүйесі мен бүкіл организмнің терең тоқырауға түсуімен сипатталатын малдың жағдайының жалпы ауыр күйі.
"Шок" деген сөзді XVIII ғасырдың басында Француз дәрігері Ле-Драм енгізген және шоктың негізгі ауру белгілерін анықтаған Пирогов дүниеде бірінші болып, аурудың даму барысына түсінік беріп, оның емі мен алдын-алу шараларын ашты. Естен танудың жіктелуі - себептеріне байланысты:
1. Жарақаттан пайда болған - әр түрлі зақымдалудан туатын;
2. Операциялық естен тану — шала немесе толық жансыздандырмаудан туатын түрі;
3. Гемотрансфузиялық - сәйкес емес қан құйғанда, сәйкессіз белок еккенде болады;
4. Анафилактикалық — алдын-ала бөгде белокпен немесе бактерия уытымен (сенсибизацияланған) сезімдендіру кезінде болады.
Бұлардың ішінде жарақаттың әсерінен туатын естен тану өте жиі кездеседі. Белгілері: пайда болатын уақытына байланысты естен танудың алғашқы және кеш болатын түрлері болады.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет