№ Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан рөлі Орындаған: Мат-21-3 группа



Дата19.05.2022
өлшемі376,25 Kb.
#144037
Байланысты:
1 бож Әлкуметтану
2.08.21ж Салықбаева Мөлдір Қуандыққызы

№ 1. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан рөлі

Орындаған:Мат-21-3 группа

Бейбітқызы Рахат

Пән оқытушысы: Оразбай А.С.

-


Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті.
Ғылым және технология факультеті

Жоспар

  • Кіріспе

  • 2. Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы
    3. Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастары
    4.Қазақстан және халықаралық ұйымдар
    5. Қорытынды

1. Кіріспе


. Қазіргі халықаралық катынастар деп әлемдегі халықаралық қатынастар субъектілерінің арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулер, акциялар мен әрекеттер түсіндіріледі. Осы қатынастардың базалық әлеуметтік негізі Жер планетасында өмір сүретін бірлік пен тұтастықты калыптастыратын адамзат. Дегенмен осынау бірлік пен тұтастық — қайшылықты нақтылық және көп бейнелі, эр түрлі, тіпті карама-қарсы мүдделердің түйісуінің бірлігі болып табылады. Олар (осы мүдделер) қажет болғандықтан саясатқа еніп кетеді және саяси шешімдерді талап етеді

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.


2.Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы
Егеменді Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын ұлттық- мемлекеттік мүддесіне сай жүргізе бастады. Ол дүниежүзілік қауымдастыққа дербес субъект ретінде белсене кірісуде.
3. Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастары
Мұның жарқын дәлелі – Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі болуы. Еліміздің Хельсинки келісімне қосылуы, СШҚ – 1 Шартына, Лисобон хаттамасына қол қоюы және Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа неуі оның халықаралық беделін ны – ғайтып, егемендін, қауіпсіздігін және шекараларының мызғымастығын баянды етті. Бұған АҚШ – пен «Дмократиялық серіктестік туралы хартияға» қол қоюы, НАТО – ның «бейбітшілік мүддесіндегі серіктестік» бағдарламасына қосылу, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Қытай сияқты ядролы державалардың Қазақстанға берген қауіпсіздік кепілдіктері жәрдемдесті.

4.Қазақстан және халықаралық ұйымдар


Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы және оның халықаралык мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының көрегендік шешімдерімен мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері арасында толерантты қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде еліміз аймақтык, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды.

5. Қорытынды


Тәуелсіз Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдерімен тең деңгейде дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар орнатты. Тәуелсіздік жылдары еліміздің сыртқы саясаттағы күш-жігерінің арқасында орасан зор тарихи маңызы бар міндеттер орындалды. Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықта лайықты өз орнын алды. Егер 1991 жылы әлемдік қоғамдастықтың іс жүзінде Қазақстанға қандай да бір ықыласы аумай келсе, бүгінгі күні Қазақстанды әбден танып, құрметтеп отыр. Қазақстан Орталық Азияның көшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналды.

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет