Табиғат – менің өз үйім
Бұл ертегіде кейіпкерлер жақсылыққа
жақсылық бар екенін дәлелдемекші болды
“ Баланың айласы”
Ей, жолаушы болсаң осы бұлақтай бол!
“Таза бұлақ”
Айшылық алыс жерлерден
Көзді ашып жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
“ Өнер, білім бар жұрттар
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған
“Кел, балалар оқылық”
Жаңа тақырып: Ы. Алтынсарин. “Өзен”
МАҚСАТЫ:
Білімділік: Ы.Алтынсарин шығармаларын еске түсіру, «Өзен» өлеңімен таныстыру.
Дамытушылық: өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну, талдау, суреттеу , өз ойын айтуға дағдыландыру
Тәрбиелік: табиғатты сүю, қорғау, оның адам үшін маңызын түсіне білуге тәрбиелеу
Ыбырай Алтынсарин
Өзен
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады.
Өксіген, оттай жанып жануарлар,
Өзеннен рақат тауып басылады.
Қынарда тілсіз тұрған тоғайлары
Шуылдап желмен бірге бас ұрады...
Он мың мал айдап өтсең лай қалмайды,
Тасыса су бармаған сай қалмайды.
Тасыған өзен судың қуатымен
Көк шалғын шөп бітпеген жай қалмайды.
Ел қыстап күн көреді жанабында,
Дәм болар алуан-алуан балығында...
Тас таста, алтын таста сынамаққа,
Сонда да аққан өзен қалыбында.
Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс
Сөздік
Қынарда- жағада
Жанабында- маңайында
1-топ: Ы.Алтынсарин кім?
3-топ:Ы.Алтынсариннің бір өлеңін жатқа айту
2-топ:Ы.Алтынсарин шығармалары
4-топ: Бүгінгі тақырып бойынша сурет салу, әңгімелеу
Қорытындылау
- Ыбырай Алтынсариннің “Өзен” атты өлеңін жатқа мәнерлеп оқу
- Қазақстан өзендерінің аттарын жазып келу
- Жазғы өзеннің суретін салу
Қатысқандарыңызға
РАХМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |