« Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткіліксіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет»


Пән: физика (Қалалық директорлар семинары)



бет9/10
Дата04.05.2017
өлшемі1,96 Mb.
#15630
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Пән: физика
(Қалалық директорлар семинары)

Мұғалім: Калеева Ү.А.

2 Ақсу орта мектебі


Сабақтың тақырыбы: «Механикалық тербеліс және толқын».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: механикалық тербеліс пен толқынды сипаттайтын шамаларды қайталау; тақырып бойынша алған білімдерін жүйелеу, тексеру; ең өзекті мәселе - тербеліс кезіндегі энергия түрленуін түсіндіру және табиғатта кездесетін толқын құбылысының маңыздылығын көрсету.

Дамыту: алған білімдерін, үйренгендерін, дағдыларын практикада қолдана білу; оқушылардың танымдық қызметін, логикалық ойлауын дамыту.

Тәрбиелік: тәжірибе мен теорияның сәйкестігін байқай білуге; ғылымға қызығушылығын тәрбиелей отырып,білім беру жүйесіндегі ізгілендіру принципін жүзеге асыру.

Сабақты өткізу тәсілі: сайыс – сабақ.

Сабақтың түрі: тақырыпты жалпылау, жүйелеу.

Пәнаралық байланыс: математика, география.

Сабақтың көрнектілігі, құрал жабдықтар: толқындық машина,серіппе, мультимедиалық проектор, физикалық маятник, қабырға сағаты, суреттер,тест сұрақтары,деңгейлік есептер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың түгендеу, дайындықтарын тексеру, сабақтың мақсатымен таныстыру, топқа бөлу.


Психологиялық ықпал:

Толқыннан толқын туады,

Толқынды толқын қуады,

Толқын мен толқын жарысад.

Жарысып жарға барысад.
Сабақ зерттеу әдістері: бақылау, эксперимент, теориялық зерттеуқұрылымына сәйкес құрылған. Алдарыңда тербелмелі қозғалыстың графигі – синусоида көрсетілген және график дөңгелектермен жабылған , дөңгелектердің астында әр топтың тапсырмасы жазылған, тапсырма орындалған сайын дөңгелектер алынып отырады.

Сайыс – сабақ болғандықтан, сынып екіге бөлінеді: «Тербеліс» және «Толқын».

Жиналған ұпай сабақ соңында айтылады.

х, м


тербеліс


t, с


2700

толқын
1 тапсырма. «Бақылау»



Мұғалім: Табиғат туралы ілім зерттеу әдістерін қолдану арқылы жинақталады. Табиғатта зерттеу әдістерінің ішінен ең көп тараған үш ғылыми әдістер: бақылау, эксперимент және теориялық зерттеу.

(слайдтан әр түрлі суреттер көрсетеледі: физикалық маятник, алтыбақан, ағаштың тербелісі, Фуко маятнигі, бесік, сағаттың маятнигі, су бетіндегі толқын, жіп бойындағы толқын, т.б.)

Осы суреттерден толқын тобы және тербеліс тобы өздеріне сәйкес көріністерді жылдам айтулары керек.

2 тапсырма. «Ой түйіндеу»

Мұғалім: Бақылаудан деректер жиналған соң, ғалымдар бұл құбылысқа атау береді және басқа құбылыстармен салыстырады,анықтамалар, жаңа физикалық ұғымдар, терминдер енгізеді. Тапсырма ережесі: бір топтың оқушысы келесі топтың оқушысына ойын айтады, яғни оқушы құбылысқа сәйкес анықтаманы бастайды, ал келесі оқушы оның ойын аяқтайды.

«Тербеліс тобы»:

1) Дененің бірдей уақыт аралығындағы дәлме – дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын механикада ........ Механикалық тербелістер д/а.

2) Дененің тепе-тендік күйден аутқуын........ Ығысу д/а.

3) Дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт аралағы немесе бір толық тербеліс жасауға кеткен уақыт..........Тербеліс периоды д.а.

4) Бірлік уақыт ішіндегі тербелістер саны.........Тербеліс жиілігі д.а.

5) Дененің тепе-тендік күйінен ең үлкен ығысуын...........Тербеліс амплитудасы д/а. Заңдылықтарын айт.

6) Созылмайтын салмақсыз жіңішке ұзын жіпке ілінген кішкентай ауыр шарды.........Математикалық маятник д/а.

7) Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары ...Музыкалық дыбыстар деп аталады.



«Толқын тобы»

1) Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бір бөлщегіне таралу процесі........Механикалық толқын д/а.

2) Серіппеге ілінген жүкті серіппелі маятник д/а.Маятниктің 2π секундтағы тербеліс санын.........Циклдік жиілік д/а.

3) Толқын тербелістегі бөлшектерді тасымалдамайды,........ тек энергияны ғана тасымалдайды.

4) Мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келген кездегі еріксіз тербелістер амплитудасының кенет арту құбылысы........Резонанс д/а.

5) Толқын ішіндегі бірдей қозғалатын және тепе-тендік күйенен аутқулары бірдей болатын бір-біріне ең жақын жатқан екі нүктенің арақашықтығы......Толқын ұзындығы д/а.

6) Толқын ұзындығының бөлшектердің тербеліс периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама........Толқын жылдамдығы д/а.

7) Тербеліс жиілігі 16 Гц.- тен 20000Гц-ке дейінгі механикалық толқындар адамда дыбыс әсерін тудырады. Сондықтан мұндай толқындарды ...дыбыс толқындары д/а



Слайдтан тербеліс пен толқыннын түрлері көрсетіледі.




Мұғалім: механикалық тербелістің неше түрлері бар?

Оқушы: Екі түрі: еркін және еріксіз.

Мұғалім: Еркін тербеліс дегенеміз не?

Оқушы: Еркін тербелістер деп дене тепе-теңдік күйінен шығарылғаннан соң сыртқы күштің әрекетінсіз болатын тербелістері айтады.

Мұғалім: Еріксіз тербеліс дегенеміз не?

Оқушы: Еріксіз тербелістер дегеніміз – сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербелістер.

Мұғалім: Толқынның неше түрлері бар?

Оқушы: Екі түрі: көлденең және қума толқындар.

Мұғалім: Қандай толқынды көлденең толқын деп атаймыз?

Оқушы: Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең деп атайды.

Мұғалім: Қандай толқынды қума немесе бойлық толқын деп атаймыз?

Оқушы: Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқынды қума немесе бойлық толқын деп атайды.

Мұғалім: Дұрыс.

3 тапсырма. «Формулаларды білесің бе?» (топпен жұмыс)

Физиктер ашқан құбылыстарын көрнекті болу үшін физикалық шамалар арқылы математикалық түрде өрнектейді.



Слайдтан бірнеше әріптер көрсетеледі: , T, Eтол, , , x, cos, xm, 0, , l, 2π, n, t, g, m, k, , .

Мұғалім: Алдарыңдағы үлкен ақ қағазға осы белгілерді пайдаланып формуланы сурет түрінде көосетіңдер.





Кезең бағаланады.



4 тапсырма . «Эксперимент»

Мұғалім: Жоғарыда айтылғандардың барлығын дәлелдеу үшін және практикада қолдану үшін ғалымдар зертханада эксперимент жасап байқаған. Сондықтан келесі кезең эксперимент деп аталады.

Екі оқушы шығып:

1) адамның жүрек соғысы минуттына 60-80 рет соғатын көрсетеді. (балауызды жұқалап үстіне сіріңке шырпысын кіргізеді де, қолдың пульсінің үстіне қояды, сөйтіп адамның бір минуттағы жүрек соғысын анықтайды)

2) беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау.

Слайдта: Адамның жүрек соғысы минуттына 60-80 рет.

Торғайдың жүрек соғысы 600-850 рет.

Тауықтікі 176-460 рет.

Мысықтікі 140 рет

Иттікі 100-139 рет.

5 тапсырма. «Зеректер елінде»

Мұғалім: Құбылысқа анықтама берелді, формулалар алынды, эксперимент жасалынды, енді осы құбылыстың практикалық есептеулерін қарастырамыз.

Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазыңдар. Алдарыңдағы парақта деңгейлік есептер көрсетілген. Әрқайсыларың өз деңгейлерінің есептерін таңдап алыңдар. Ойлануға бір минут береледі. Содан соң тақтаға шығасыңдар.



1 деңгей

1) Математикалық маятниктің ұзындығы 40 м. Осы маятниктің тербеліс периоды неге тең?

2) Материялық нүкте 20 с ішінде 50 тербеліс жасаса, тербеліс периоды қандай болады?

3) Камертонның жиілігі 440 Гц болса, ол 5 с-та қанша тербеліс жасайды?



2 деңгей

1) Ұзындығы 99,5 см математикалық маятник 1 минутта 30 тербеліс жасайды. Еркін түсу үдеуін табыңдар.

2) Қатаңдығы 160 Н/м серппеге ілінген массасы 400 г, жүктің тербеліс периоды неге тең?

3) Қатаңдығы 250 Н/м серппеге ілінген массасы 1050 г, жүктің тербеліс жиілігі неге тең?



3 деңгей

1) Гармоникалық тербелістің қозғалыс теңдеуі . Тербелістің амплитудасын, жиілігін және периодын анықтаңдар.

2) Толқынның таралу жылдамдығы 340 м/с, ал жиілігі 200 Гц. Толқын ұзындығы қандай?

3) Көл бетіндегі толқынның ұзындығы 300 м, периоды 13,5 с оның таралу жылдамдығы қандай?

Кезең бағаланады.

6 тапсырма. «Ең өзекті мәселе».

Мұғалім: Енді ,балалар, біз осы тараудағы ең өзекті мәселе – тербелмелі қозғалыс кезіндегі энергияның түрленуіне және табиғатта кездесетін толқын құбылысының маңыздылығына тоқталамыз.

(топ басшылары өз топтарын қорғайды). Слайдтан жер сілкінісінен көрністер.

7 тапсырма . «Тестілеу».

Тербеліс тобы

1. Механикалық және электромагнит толқындар нені тасиды?

А) Ортадағы орналасқан денелерді

В) Ортаның бөлшектерін



С) Энергияны

2. Амплитуда қандай әріппен белгіленеді

А) Т В)А С) L

3. Синус немесе косинус заңы бойынша орындалатын тербелістерді қалай атайды?

А) Еркін

В) көлденең



С) Гармоникалық

4. Тербелмелі дененің тепе-теңдік күйінен ауытқуы –

А) Амплитуда

В) Орын ауыстыру



С) Ығысу

5. Математикалық маятниктің тербеліс периодының формуласы –



А)

B)

C)
6. Бірдей уақыт аралығында траекториясы қайталанатын дененің қозғалысы қалай аталады?

А) Ілгерілемелі

В) Бірқалыпты

С) Механикалық тербеліс

7. Тербелмелі жүйенің толық энергиясы неге тең?

А)

B)



C)

8. Бойлық толқындар қандай ортада тарайды?

А) Тек қана газда

В) Тек қана сұйықтарда



С) Газда, сұйықтарда және қатты денеде

Толқын тобы

1. период және жиілік арасында қандай байланыс бар?

А)nT В) T/ ν С) 1/T

2. Тербелмелі жүйедегі резонанс – бұл...

А) Тербеліс жиілігінің кенет артуы

В) Еріксіз тербеліс амплитудасының кенет өсуі

С) Тербеліс периодының кенет артуы

3. Сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербелістерді қалай атайды?

А) Еріксіз тербелістер

В) Еркін тербелістер

С) Гармоникалық теребелістер

4. Теңіз бетіндегі екі толқынның ара қашықтығы 4 м. Толқында тербелген қайық тербелісінің периоды 1,5 с. Толқын жылдамдығы неге тең?

А) 12 м/с

В) 2,7 м/с

С) 0,4 м/с

5. Серіппелі маятниктің тербеліс периодының формуласы –

А)



B)

C)
6. Бөлшектердің тербеліс толқынның тарау бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқын –

А) Серпімді

В) Бойлық

С) Көлденең

7. Еркін түсу үдеуінің сандық мәні...

А) 3,14 м/с2

В) 9,8 м/с2

С) 10 м/с2

8. Дыбыс толқыны қандай толқын болып табылады?

А) Қума

В) Көлденең

С) Еркін

Слайдтан дұрыс жауабын көрсету.






1

2

3

4

5

6

7

8

Тербеліс

С

В

С

С

А

С

С

С

Толқын

С

В

А

В

С

С

В

А

Бағалау рейтингі: 1 қате – «5», 2-3 қате – «4», 4 қате – «3», «2» алмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет