31
де продуктивті, нәтижелі ойлау деген-
мен тоқайласады.
АҚЫЛДЫҢ САПАЛАРЫ –
ақыл-
ды дамыту және тәрбиелеу үшін оның
жеке сапаларын естен шығармау ке-
рек. Ол сапалардың ішіндегі ең басты-
лары мыналар:
1. Ақылдың сыншылдығы, яки ой жұ-
мысын қатты мінеп, сынай білу; бел-
гіленген гипотезаларды не қуаттайтын,
не жоққа шығаратын дәлелдерді әр
жағынан аударыстыра қарап, ақыл та-
разысынан өткізу керек. Ақылы сын-
шыл емес адам мәселені шешуде ойы-
на алғаш келгеннің бәрін тұжырым-
ды пікір деп қарауға бейім тұрады.
Ақылдың сыншылдығының көрсет-
кіші мыналар: адам өзінің болжаула-
рын қашан да сыннан өткізілетін
гипотеза деп қарауы керек; түрлі бол-
жаулардың ішінен бұл сынды көтер-
мейтін, лайықсыз деп танылғандары
алынып тасталады: егер де мәселенің
шартына және талабына дәл келме-
гені байқалса, онда әрекеттен бас тар-
ту керек. Сыншыл ақыл – «қатал»
тәртіпті ақыл.
Қиялы бай, жүйрік адам ақылының
сыншылдық сапасын тәрбиелеуге ерек-
ше көңіл бөлуі тиіс. Қиялдың байлы-
ғы ойдың қатал тәртіптілігімен қосы-
лып келсе, ол творчестволық қызмет-
тің мықты тірегі болмақ. Егер қиялды
сыншыл ой тәртіпке келтірмесе, онда
адам жүзеге аспайтын, іс болып шық-
пайтын жоспарларға салынып, бос
қиялшыл болып кетуі мүмкін.
2. Ақылдың орамдылығы деп еркін кең
ойлап, мәселені ескі әдетпен не үй-
реншікті жолмен шеше салмай, оның
орнына қарай, мәселенің шартына ла-
йық жаңа әдістерін тауып, шешу қа-
білетін айтады.
Ақылдың орамдылығы тек бірқа-
лыпты тәсілдердің әсерінен аулақ бо-
лудан ғана көрінбей, сонымен қатар,
мәселені түрліше әдістермен шешуге
әрекет жасаудан да бұрын бір сына-
лып, қате деп табылған әдісті қайтала-
мау әрекетінен де көрінеді. Көп адам-
дардың бір мәселені шеше алмайтын
себебі көбінесе баста бір ойына келген
әдістің жарамсыз әдіс екендігін, оның
ешқандай нәтиже бермейтінін біле
тұра, оған қайта-қайта орала беруін-
де. Бұл жерде ойдың өзінше «талап-
сыздығы» байқалады: адам өз ойын
бастапқы бір жолдан басқа жаққа бұ-
ра алмайды.
3. Ойдың кеңдігі мәселені тұтас, бү-
тіндей қамти білуден көрінеді, соны-
мен қатар іс үшін аса маңызы бар көп
бөліктері мен түрлі ұсақ жақтарын да
естен шығармайды.
Күрделі мәселені дұрыс шеше білу
мәселенің барлық жағын оймен қан-
шалықты толық қамти білуге, оның
бір жақтарын шеше бастағанда, басқа
жақтарының да қоятын талаптарына,
шарттарына көңіл аудара білуге бай-
ланысты. Күрделі математикалық есеп-
терді шығаруда кездесетін қиыншы-
лықтар мен қателердің көбі есептегі
берілген шарттардың барлығын бір-
дей қамти алмауға байланысты.
4. Ойдың ұшқырлығы. Әртүрлі іс-
әрекет саласы мәселені ойша шешу-
дің жылдамдығына түрліше талап
қояды... Бұл ақылдың басқа сапала-
рының жоғары дәрежеде дамуының
нәтижесі, ойлаудағы асығыстық бұ-
ған бүтіндей қарама-қарсы қасиет бо-
лып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: