Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет37/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

АЛТЫ
АЛТЫ


37
жазды ол, – мәндірек әңгімелер ке-
рек болады. Мысалдарды қазақ бала-
ларының оқығысы келмейтінін, оқы-
са күлетінін, ал олардың ата-анала-
ры: балаларымызға сауысқан мен қар-
ға сөйлеседі деген сияқты жоқ нәр-
сені үйретеді деп, тіпті ренжитінін 
тәжірибемнен білемін. Қазақ бала-
ларына, меніңше, мағыналы анек-
доттар, жұмбақтар, ойына ой қосатын
әңгімелер немесе оларды қызықты-
ратын, мысалы жібек құртының көбе-
лектерінің өзгерулері, құндыздың 
өзіне үй салып алатыны сияқты әңгі-
мелер тәуірірек болады».
Алтынсариннің қазақ балаларына 
орыс тілін үйрету жөнінде айтқан пі-
кірлерінің қазіргі күн талабымен ұш-
тасып жатқан жерлерін ерекше атап 
өткен абзал. Мәселен, ол шәкірттердің 
алдымен орысша ауыз екі сөйлесуін 
дамытуды ойластырып, бұл үшін 
арнаулы дайындық сабақтарын өткі-
зу қажет дейді. Оның осы пікірлерін-
де де қазақ балаларының психология-
лық ерекшеліктерімен санаспайын-
ша, яғни екінші тілді үйрету үшін 
оларға арнаулы жағдай жасамайын-
ша оқыту ісі қиынға соғады деген тама-
ша идея жатыр. Қазақ мектептеріндегі 
орыс тілін оқытуда соңғы жылдарға 
дейін Ы.Алтынсарин ұсынған осы 
ұсыныстар ескерілмей келгені бізді 
қынжылтады.
Ы.Алтынсариннің тәрбиеші ұстаз,
мұғалімдік өнер жөніндегі айтқанда-
рында психологиялық түйіндер аз емес. 
Ол оқу-тәрбие процесіндегі мұғалім 
рөліне айрықша маңыз береді, мектеп 
ісінің сан-саласындағы жетістіктерді 
мұғалімнің білімі мен іскерлігіне, 
беделі мен өз жұмысын жан-тәнімен 
сүйе білуіне байланысты деп түсінді. 
«...Қазақ мектептерінің бар келешегі 
– деп жазды ол,- көбінесе істің қазіргі 
басталуына байланысты, сондықтан
да мен қазір жақсы оқытушыны дү-
ниедегі заттың бәрінен де қымбат кө-
ремін». Ол, әсіресе, Торғай облысында 
өзі инспектор болған жылдарында 
(1879-1889) мұғалім проблемасына, 
оның жеке тәлімгерлік қасиеттеріне 
ерекше көңіл бөлген еді. Ы.Алтынсарин 
мұғалімдердің оқыту тәсілдерін үне-
мі жетілдіріп отыруын, олардың «пе-
дагогикалық және оқытушылық» тә-
сілдерді меңгеру қажеттігін баса айт-
ты. Ол мұғалімдердің алдына мынадай 
міндеттер қойды: нағыз мұғалім бо-
лу үшін шәкірттердің, өзіндік ерекше-
ліктерімен мықты санасу қажет, ол 
үшін педагогикалық әдебиеттерді үне-
мі оқып, қадағалап отырмаса болмай-
ды. Мұғалімге аса сезімтал, бала жа-
нын жазбай танитын адам болу қажет 
екенін айта келіп, ол оқу-тәрбие сала-
сында ізденбейтін мұғалімдерге қат-
ты ренжиді. «Мұндайлар, – деп жаз-
ды ол, – оқушыларды адастырады, 
сонан кейін қойылған сұраққа оқушы-
лардың жауап бере білмегеніне ренжіп, 
өздері де ашулана бастайды, тіпті 
оқушыларға өшігуге дейін барады. 
Содан кейін оқушыларды бұрынғыдан 
да адастырады, мүлде шатастырып
оларды тіпті ешбір жауап бере алмай-
тын халге жеткізеді» дей келіп, сабақ 
беру методикасы төмен мұғалімдерді 
ол «баламен түсінісе алуға шорқақ, да-
рыны жоқ адам» деп сипаттайды. «Оқы-
тушыларды бағалағанда, – деп жазды 
Ы.Алтынсарин, – олардың іске қаты-
сы жоқ сөздеріне қарап емес, олар-
дың егістерінің бетіне шыққан жеміс-
теріне, яғни оқушыларына қарай ба-
ғалау қажет».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет