Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет43/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

АНАМ
АНДР


43
ға да, әйел адамға да тән психоло-
гиялық қасиеттерді қатар үйлестіретін 
индивидтің жыныстық-рөлдік сәйкес-
тілігі. Бірнеше онжылдықтар бұрын
ата-аналар мен мұғалімдерге балалар-
дың мектепке бару кезеңіне қарай өз 
жынысына тән мінез-құлықты игеру-
ге бар күш-жігерлерін салу ұсынылған. 
Көптеген зерттеулер ер адамдар мен 
әйелдер арасындағы психологиялық 
айырмашылықтар жыныс арасында-
ғы айырмашылықтан гөрі, ер балалар
мен қыздардың отбасылық тәрбиесі, 
сондай-ақ оларға әлеуметтік ортаның 
әсер етуі салдарынан пайда болып да-
митынын көрсетті. Ер адамдарға (мас-
кулиндік) және әйелдерге (феминин-
дік) тән қасиеттер өзара тәуелсіз си-
паттамаларға ие болып, бірімен бірі
түйіспейтін жекелеген екі континиум-
дерде ғана орналасуы мүмкін. Феми-
нинділік пен маскулинділік деңгейін 
өлшейтін көптеген тестілер осы прин-
ципке негізделген.
Осы тестілердің негізінде әрбір адам 
өзінің ер немесе әйел екеніне қатыс-
сыз мына төрт топтың біріне жатуы 
мүмкін:
1) маскулиндік индивидтер (атаққұ-
марлық, табандылық, батылдық тәріз-
ді дәстүрлі еркектік қасиеттері айқын 
танылатын адамдар);
2) фемининдік индивидтер (аффек-
тивтілік, жұмсақтық секілді әйелге тән 
қасиеттері басым адам);
3) андрогиндер, өз бойында дәстүрлі 
әйелдік әрі еркектік қасиетті үйлестір-
гендер;
4) маскулиндік немесе фемининдік бел-
гілері көмескі, яғни психологиялық 
жыныстық сәйкестігі айқындалмаған 
адамдар.
Бұдан байқалатыны: андрогинияның 
адамның жағдайға байланысты мі-
нез-құлқын өзгерте алу қабілетінің пси-
хологиялық сипаттамасын айқындау-
да маңызы зор екендігі. А. стреске (ти-
тықтау) қарсы табандылық таныту-
да, тұрмыс-тіршіліктің әртүрлі сала-
сында табысқа қол жеткізуге септігін
тигізеді. Бұл жағдай әрі қарай психо-
логиялық дезадаптация проблемасын 
болдырмаудан туындаған. Ал қазіргі 
заманда психологиялық әдебиеттер-
де тек маскулиндікке немесе феминдік-
ке бір жақты екпін жасау әйелдердің 
де, еркектердің де эмоциялық және
интеллектуалдық дамуын шектей-
тіні жөніндегі көзқарастар көптеп 
таралуда. Психологтардың тұжырым-
дауынша, бір адамның өзінде пози-
тивті еркектік және әйелдік қасиеттер 
де бола алады. Еркектер де, әйелдер 
де бірдей атаққұмар, сенімді, адал, 
мейірімді, нәзік, сезімтал бола алады. 
А. әдеттегіден өзгеше болатын тәр-
биенің нәтижесінде қалыптасады, 
яғни егер отбасында ата-аналар А. 
тұлғаларға тән мінез-құлық моделін 
көрсетсе, ал екіншісі оны қолдаса, 
бала олардың осындай ұстанымын 
және мінез-құлқын меңгеріп алады. 
А. адамның стреске төзімділігін, мі-
нез-құлық икемділігін, өмірдің түрлі 
аумақтарында сәттілікке жетуді қам-
тамасыз етеді. Сондықтан кейінгі кез-
дегі жыныстық психологиялық зерт-
теулер тек феминдік немесе муску-
линдікті қалыптастыру мәселесімен 
ғана емес, сондай-ақ А. да қалыптас-
тырудың әдіс-тәсілдерін іздеу жолында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет