Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет582/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   578   579   580   581   582   583   584   585   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ТЫНЫМСЫз ҚЫЛЫҚ 
невроз-
дықпен және қатты мазасызданумен 
сипатталатын адам қылығы, әдетте 
ТЫЙЫ
ТЫНЫ


549
мұндай қылықтар өз кезегінде еш-
қандай тіке, объективті анықталатын 
себептерсіз жасалады. Тынышсыздық 
(үрейлілік); 1. мазасыздану, мазасыз-
дануға бейімділік; 2. қауіп тудыра-
тын, қайғыру, алаңдау, әбігерлену, 
тынышсыздану, үрейлену, қауіпте-
нушілік.
ТІЛЕК
– ықылас, ниет. Ниет – қа-
жеттілікті қанағаттандыру үшін әре-
кеттенуге және оған іштей ұмтылу. 
Ниеттің жүзеге асуы материалдан-
ған сипатта болады. Т. – адамның бір 
іс-әрекеті, ой-пікірді іске асыруға 
ниет білдіруі. Адам тілегі арқылы 
алға қойған мақсатын іске асыруға 
жоспар жасап, әрекетке бағыт-бағдар 
алады. Тілек – іс-әрекеттің бастау бұ-
лағы, Ол адамды қарекетке, ойға ал-
ған, алға қойған жоспарын іске асы-
руға бағыттаушы саналы әрекеттің 
ұйытқысы. Бұл жағдайда оның іс-
әрекет объектісі санасынан орын 
алып қана коймайды, оны
іске асы-
рудың мүмкіндік жолдары да айқын-
дала түседі.
ТІЛЕНШІҰЛЫ ШАЛКИІз (1465-
1560).
Халқымыз осы кезге дейін 
ұмытпай есте сақтап келе жатқан
көне заман жырауларының бірі – 
Шалкиіз Тіленшіұлы.
Жырау туындылары әсерлі, өткір, 
аз сөзге көп мағына сыйғызған сұ-
лу сазды көркем келеді. Шалкиіз 
шығармашылығынан орта ғасырда-
ғы көшпенді қазақтардың нанымы, 
моральдық – этикалық түсініктері, 
психологиялық ерекшеліктері көрі-
ніс тапты. («Арғымақ ару аттар», «Ер 
Шобан», «Қоғалы көлдер» т. б.) Сол 
дәуірдегі жыраулардың қай-қайсы-
сы да адамгершілікпен қоса ерлікті 
де тебірене жырлады. Мәселен, 
Шалкиіз жырау көшпенді халықтың 
кесек тұлғалы батырлар бейнесін 
шебер суреттейді. Біз әрбір батыр-
дың жеке сипаттамасынан арғы ата-
бабаларымыздың сыртқы кесек пі-
шіні мен ішкі жан дүниесін, жау-
гершілік заман тудырған айбынды-
лық пен айбарлықтың белгілерін 
жақсы аңғарамыз. Бұл суреттемелер-
дің біз үшін этнопсихологиялық мә-
ні де аз емес. Ол сонау алыс дәуір-
ден, көне заман адамының тыныс-
тіршілігінен біраз елес береді. Мә-
селен, «Ер Шобан» атты толғауында 
Шалкиіз жырау «алдаспан ауыр 
қылыш байлаған, бір ойында (ұрыста) 
алпыс ала балта сындырған», дене-
сіне «қан жұқпас қайқы болат өт-
пеген» деп батырлардың ерлігін 
әсерлі бейнелейді.
Шалкиіз толғауларында да мораль-
дық-этикалық тақырыпқа бой ұру-
шылық ерекше байқалады. Бұл жұрт-
ты адамгершілік жағынан жетілдіру 
арқылы қоғамды жақсартуға бола-
ды дейтін асыл арманнан туындаған 
жайт еді. Адам мінезінің әртүрлі 
жақтары, оның әрқилы көріністері 
жақсы мен жаман адамның бір-бірі-
не қарама-қарсы екі түрлі психо-
логиясы Шалкиіз шығармаларында 
көптеп кездеседі. Жақсы адам – қа-
рапайым, қайырымды келеді, әр кі-
сінің байыбына барып әрекет етеді, 
бөтенді жатсынбайды, жұртты қадір 
тұтып, құрмет ететін ақ көңіл елгезек 
жан.
Жақсының жақсылығы сол болар, 
Жаманменен бас қосып, Сөйлемекті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   578   579   580   581   582   583   584   585   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет