+ жедел респираторлы вирусты инфекция


+ тиреоидты препараттарды//



бет50/318
Дата30.05.2022
өлшемі2,85 Mb.
#145537
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   318
Байланысты:
UDAChI

+ тиреоидты препараттарды//
***
Қабылдау бөліміне гипертониялық кризбен (АҚ 280/130 мм.с.б.) 39 жастағы науқас жеткізілді. Ұстама тәрізді АҚ жоғарылауы бір жыл аралығында байқалады, криздер қобалжу, тахикардия, діріл, бұлшықеттік тартылулармен қатар болады. Криз көп мөлшерде зәр бөлумен аяқталады. Криздер кезінде 9,6 ммоль/л дейін гипергликемия анықталған. Шұғыл көмек көрсету үшін қандай инъекциялық препаратты таңдау қажет?//
+ пропранолол
***
Кардиологиялық бөлімшеге 50 жастағы ер адам кеуде артындағы өте күшті ауыру сезімімен шағымданып ауыр жағдайда түсті. Қарап тексергенде: тері жабындылары боз. Жүрек үндері бәсеңдеген, айқын тахикардия, АҚ 90/60 мм сб.б. ЭКГде: жедел коронарлық қан айналым бұзылысы. Пароксизмальді қарынша үстілік тахикардия диагностикаланды. Ырғақ бұзылысын қалыпқа келтіру мақсатымен жедел жәрдем бригадасында изоптин құйылды, бірақ ырғақ қалыпқа келмеді. Изоптиннен басқа АВ-реципрокты тахикардияны жоюға көрсетілген дәрілердің қайсысы таңдау дәріліріне барынша мүмкін жатады://
+ аденозин//
***
Асқазанның ойық жарасымен ауыратын 62 жастағы әйел бас айналуға, талмаларға, жалпы әлсіздікке шағымсданады. Қарағанда: жүрек шекарасы солға ығысқан, Боткин-Эрба нүктесінде диастолалық шу естіледі. АҚҚ 140/40 мм сб.б. Қанда: жалпы холестерин – 10,8 ммоль/л, холестерин ТТЛП – 4,9 ммоль/л.
Көрсетілген дәрілік топтардың қайсысын осы науқасқа тағайындау барынша тиімді?//
+ ГМГ-КоА-редуктаза ингибиторларын//
***
Стенокардия ұстамасының айқындығы мен жиілігін бәсеңдету, систолалық АҚҚ-ын бастапқы деңгейден 10-15%-ға төмендету, ЖЖЖ-ін минутына 7-10-ға жоғарылату және миокардтың ишемиялық көрінісінің жойылу белгілері мына препараттардың қандай тобына барынша тән://
+ нитраттарға//
***
67 жастағы ер адам төс артындағы қысып ауратын сезімге шағымданады. АГ мен ЖИА-мен 2 жыл бойы аурады. Жағдайының нашарлауы бір апта бойы, ангинозды ұстамалары жиіленіп, ауру сезімінің интенсивтілігі күшейген. ЭКГ-да: ЖСЖ – 74 рет минутына, систоликалық күштемесі бар сол қарыншаның гипертрофиясы. Холестерин 6,4 ммоль/л, қандағы қант 4,2 ммоль/л. Көрсетілген препараттардың қандай тобы липидті және гликемиялық профильдерді нашарлату мүмкін://
+ В-блокаторлар//
***
ST сегментінің көтерілуі жоқ жедел коронарлы синдромы бар ер адамға кешенді емнің құрамына фракционирленбеген гепарин тағайындалды. Науқаста қан кете бастады. Төменде аталған препараттардың қайсысының енгізуі гепарин әсерін бейтарпатауы ықтимал?//
+ протамин//
***
67 жастағы ер адамда алтеплазамен жүргізілген тромболизистен кейін жергілікті геморрагиялық реакция пайда болды. Төменде көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?//
+ коагуляциялық терапияны жүргізу қажет емес
***
39 жастағы ер адам 2 сағат бұрын пайда болған тыныс алудың қиындауына шағымданады. Қарау кезінде науқас мәжбүрлі қалыпта- тері жабындылары бозғылт және ылғалды, көп мөлшерде көпірікті серозды қақырық, тыныс алу актісіне өосымша бұлшық еттер қатысады, өкпенің барлық алаңы бойынша көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі, жүрек үндері тұйықталған, ЖЖЖ 120 минутына. Науқасқа оттегі-ауалы қоспа ингаляциясы мен преднизолон 30 мг жасалды. 20 мин кейін жағдайы: тыныс алу жеткіліксіздігі сақталуда, АҚҚ – 85/55 мм с.б. Берілген деңгейде науқасқа төменде көрсетілгендерден не жасау керек?//
+ преднизолон//
***
32 жастағы ер адамда ортопноэ, қозулы, ентігу, тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатысады, қысқа сөздермен сөйлейді, алшақтан ысқырықты сырылдар естіледі, көп мөлшерлі көпірікті ақ түсті қақырық бөлінумен жөтел, ТАЖ 30 минутына, ЖЖЖ 105 минутына, дем шығарудың шыңдық жылдамдығы қалыптыдан – 45%. Соңғы сағатта – сальбутамолдың 6 ингаляциясы тиімсіз. Қабылдау бөлімінде т/і метилпреднизолон мен эуфиллин басталды. 1 сағаттан кейін- дем шығарудың шыңдық жылдамдығы қалыптыдан 48%. Ары қарай қандай ем тактикасы ең дұрыс?//
+ қарқынды терапия бөлімшесіне аудару//

***
Науқас 45 жас мол дастарханды отырыстан кейін түнде қыжыл мазалаған, таңертең көп мөлшерде қан аралас құсу, айқын әлсіздік пайда болған. 5% глюкоза ерітіндісімен инфузионды терапия жасалып, жедел көмек бригадасымен алып келінген. Объективті: жағдайы ауыр, тері жабындылары құрғақ, бозғылт, телеангиоэктазиялар, алдыңғы құрсақ қабырғасының веналарының ұлғаюы, аздаған асцит салдарынан іштің ұлғаюы, бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр. Көлемі 0,5 л дейін қоңыр қан ұйындылары түрінде құсық массалары. АҚҚ – 100/70 мм с б.б. Гемоглобин – 88 г/л. Қандай күттірмейтін шұғыл жағдайлар жасау керек?//


+ ФЭГДС және эндоскопиялық склерозирлеу, окреотид//

***
Ер адам 65 жас 3 аралығында « бауыр циррозы » диагнозымен қаралады. ЖРВИ- мен ауырғаннан кейін 2 күн аралығында қоңыр түсті құсу (бір рет), айқын әлсіздік, ұйқышылдық, күшінің жоғалуы, туғандарының айтуы бойынша есте сақтаудың төмендеуін, дезориентацияны байқаған. Соқпалы діріл, есінеу. Іші метеоризма және асцит салдарынан ұлғайған. Үлкен дәреті өте қоңыр түсті. Диурез – 600 мл/тәул. Гемоглобин – 97 г/л. АЛТ – 0,32 ммоль/л, АСТ – 0,48 ммоль/л, жалпы билирубин 117 мкмоль/л, тікелей - -42 мкмоль/л, Натрий – 113 – ммоль/л, калий – 5,7 ммоль\л. Пайда болған асқынуға алып келген әсер етуші факторын төменде берілген іс шаралардың қайсысын қолдану керек?//


+ тазалау клизмасын жасау//
***
35 жастағы ер адам стацоионарға келесі шағымдармен түсті: айқын әлсіздік, бас айналу, мурыннан қан кету. Қарағанда тері жабындылары және көрінетін шырышты қабаттары айқын бозғылт, аяқ-қолдарында және денесінде әртүрлі көлемдегі көгерулер бар. ЖҚА: Эритроциттер – 2,0*10/12/л; Нв-53 г/л; тромбоциттер 43*10/л, Лейкоциттер – 1,2*10/9/л, Нейтрофилдер: с/я –17 %, т/я – 1%, Моноциттер – 3%, Лимфоциттер – 79%, ЭТЖ –24 мм/сағ. Науқасқа қандай шұғыл ем көрсетілген?//
+ эритроцитарлы масса, мұздатылған плазма трансфузиясы
***
35 жастағы әйел жалпы жағдайы ауыр; қынаптан қанды бөлінділердің бөлінуіне, қалтырауға, дене қызуының 39,8ºС ге көтерілуіне шағымданып түсті. Анамнезінде – жүктілікті өздігінен үзген. Объективті: инъекция орындарында қан ағулар. Қан анализінде: эр-2,3 млн., Нв-63 г/л, тромб-150 мың. Гемостаз жүйесін зерттеу: АКТ-12 мин, АПТВ-76 сек, фибриноген-6,3 г/л, этанол және протаминсульфаттық тесттер -оң. ПДФ-0,4 г/л, антитромбин III-72%, эфа уымен жасалған тест гиперкоагуляцияны анықтады. Терапияның тиімділігін бағалауда гемостаз көрсеткіштерінің қайсысы ақпаратты?//
+ антитромбин III//
***
Қабылдау бөліміне қантты диабеттің 1 типімен сырқаттанған науқас жеткізілді, тежелген (заторможен), апатиялы, тері жамылғысы құрғақ, тынысы шулы, шамалы ацетон иісі бар, жүрек үндері әлсіз, тахикардия 110 рет мин. біртекті (единичные) экстрасистолалар, АҚ 80/60 мм.с.б., тілі құрғақ, ішін пальпациялағанда эпигастрий аймағында ауырсыну, олигоурия.
Шұғыл көмекті қандай препаратты енгізуден бастау керек?//


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   318




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет