12.3.10. Ставрида тұкымдасы
Ставрида тұқымдастарьшың ішінде кәдімгі және онқанатты
ставридалардьщ кәсіптік маңызы зор. Денесі бүйірлері жағынан қысылған, өте
майда қабыршақпен жабылған. Бүйірінде бүйір сызығы бойымен тарақ тәрізді
сүйек өскінділері орналасқан. Арқасында екі қанатша бар: біріншісі- тікенек,
екіншісі - жұмсақ. Аналь қанатшасы алдында екі тікенек бар. Он қанатшалы
ставридада аналь және екішпі арқа қанатшаларынан кейін қосымша
канатшалар орналасқан.
Ставрида — жылы суда тіршілік ететін теңіз балығы. Ол Қара, Балтык
және Жапон теңіздерін мекевдейді. Бұл балыктар Атлант, Тынық және Үнді
мұхиттарда және оларға жақын теңіздерде ауланады. Салмағы 400 грамға дейін
болады. Ставриданы сауда орывдарына мүздатылған, тоңазытылған, ысталған,
кейде түздап, қақталган күйінде жібереді.
Еті дәмді, сұр түсті, өзіне тән иісі мен дәмі бар, майда қылтанактары жоқ.
Ставриданы консерві өндірісінде, ыстауда, ал аспаздықта - сорпа , пісірілген,
қуырылған балық тағамдарын дайындауда крлданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |