Қ. Күзембаев, Т. Құлажанов Г. Күзембаева Азық-түлік өнімдерін тану



Pdf көрінісі
бет187/212
Дата07.02.2022
өлшемі2,23 Mb.
#85163
түріОқулық
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   212
Байланысты:
kuzembaev k kulazhanov t kuzembaeva g azyktulik onimderin ta

12.3.11. Скумбрия тұқымдасы 
Скумбрия түкымдасьша скумбрия, тунец, пеламида жатады. 
Скумбрияны
Қара теңізден, көбінесе Одесса ауданьшан (Қара теңіз 
скумбриясы), Жапон теңізінің оңтүстік бөлігінен (салмағы 500 грамнан 1,2 кг 
болатын, Тынық мұхит скумбриясы), Солгустік Атлантикадан (Атлантиканың 
ірі скумбриясы немесе макрель) аулайды. Әдетте Қара теңіз скумбриясын сауда 
орындарьша ыстап, кейде сәл түздап немесе тоңазытып жібереді; ал Тынык 
мұхит скумбриясьш - консервілеп (сорпаға, майға сальш, «Тынык мүхит 
сардинасы» консервісі), Атлантикалық скумбрияны - түздалған және 
«Скумбрия натуральная» консервісін жасап түсіреді. 
Скумбрия ұзынша ұршық тәрізді денелі және жінішке күйрығы бар. Арқа 
канатшалары екеу: біреуі - тікенекті, екіншісі- жұмсақ. 
Скумбрияға тән ерекшелік - арқа және аналь қанатшаларынан кейін 
майда қанатшалардьщ (4-6 қосымша қанатшалар) болуы. Денесі майда 
қабыршақпен жабылған. Еті тығыз, дәмді, ароматты, сәл қышқылтым тартады. 
¥
зындығы 17 жоғары скумбрия ірі, ал 17 см дейінгі балықтар майда 
балықтарға жатады. Скумбрияны консерві өндірісінде, суық және ыстық 
ыстауда, қақтауда және түздауда, ал аспаздықта - қуырылған және 
бұктырылған тағамдарды жасауда колданылады. Скумбрия етінің құрамында 
жеңіл тотығатын 4-12% май және шамамен 20% белок бар. 
Пеламида - сапасы жағынан скумбриядан төмендеу. Консерві өндірісінде 
қолданылады және сауда орындарына мұздатылған, тұздалған және ысталған 
түрде түседі. 
Тунец
— экваторлы тропиктік және ағынсыз суларда тіршілік етеді. 
Сондай-ақ Қара теңізде және Қиыр шығыстың оңтүстік теңіздерінде де 
кездеседі.
Ірі
тунецтердің салмағы 150—300 кг (кейде 700 килограмдығы 
•332 


болады), ұсақтары 2—5 кг болады. Еті майсыз, талшыкты, кей тунецтің еті ақ 
болса, ал енді біреулерінің еті қызғылтым немесе қоңырлау больш келеді, 
тунецтің етінен неше түрлі тағам дайындауға болады. «Тунец в масле» 
консервісін салат әзірлеу үшін пайдалануға болады. Балық жоғары сапалы, 
етінің майлылығы 12-14%, консерві ендірісінде қолданылады және сауда 
орындарьша мұздатылған және ысталған түрде түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет