1- а 13. 05. 2020 жыл нұсқа Лексикалық- грамматикалық блок



бет3/3
Дата13.05.2020
өлшемі21,17 Kb.
#67866
1   2   3
Байланысты:
11 а 2 нұсқа
Документ Microsoft Word, CkYb3vaYOeGeCfx6eT4CIQ, 1981769608, kokoro, Кесте Қосмекенділер мен жорғалаушылар, 580714199, Matematika formula, Ас мәзірі, Стом есеп 3, 6, 13, 20, 27, 5 Sport and Equipment, ҚИЫН БАЛАМЕН ЖҰМЫС, А2- РК3 - орыс тл ответы, Ас мәзірі, ПМК 55-60
ОҚЫЛЫМ- 2

Автобиографиялық әңгіме (үзінді)

Алғаш оқуға барған күні арабтың жиырма харпы түгел тізілген бір жапырақ қағазды молда барлық баланың қолына түгел ұстатты. Сарғыш мұрты жаңа тебіндеп келе жатқан шақар жас молданың алдында өрімдей көк шыбық жатыр. Оны көріп отырған балалардың оқымауына да болмайды, бірақ үйренуіне де болмайды. Қорқыту ешнәрсеге үйретпейді.

Екі жыл оқытып, екі бұзаулы сиыр алып, молда еліне қайтар кезде біз ол оқудан ешнәрсе аңғармап едік.

Белгілі 16-жылғы қара жұмысқа іліккен нағашым мені шаруасына бас-көз етіп қалдыруға сұрап әкетті... Мен бұл елге егін жинау үстінде келіп едім. Егіннен кейін балық ауласып кеттім. Көрші ауылда екі сыныптық мектеп бар екен. Мені бірінші сыныпқа кіргізді.

Ұзамай мектеп Бекет Өтетілеуовке көшті. Ондай жақсы оқытушыны мен кейін де сирек кездестірдім.

Кейде сабақ біткеннен кейін оқуға, білімге шақыратын әңгімелерді айтады. Көбінесе, өзі аударған Крылов мысалдарын оқып береді. Абай, Ыбырай шығармаларын оқиды. Не түсінгенімізді сұрайды. Бекеттің өзі айтқандарынан есте қалған бір ауыз сөз:

Қандай іске кіріссең де, таза қолмен кіріс! – дегенді көбірек айтушы еді. Тақтаға барып есеп шығарғаннан кейін, болмаса жазуға отырарда біз ылғи қолымызды жуып әдеттендік. Оның айтатыны бұл ғана еместігін мен кейінірек аңғардым. Қолдың таза болуы, шынында да көп нәрсені аңғартпай ма?

...Мен Пресногорьков жоғары бастауыш мектебін жиырма бірінші жылы бітірдім. Орыс тілі, орыс әдебиетін ұғындыруға аса бір ұқыптылығы бар еді. Суффикске екі жыл бойы тілім келмей қойғанда, сол дөкер тілді еріксіз икемге келтірген, түріне тілім келмесе де, мағынасын терең ұғындыруға жанын салған оқытушыларымды алғыспен еске аламын.




6. Автор өз ұстаздарын қандай сезіммен еске алады?

A) Шаттана.

B) Сағына.

C) Өкінішпен.

D) Қуанышпен.

E) Үлкен алғыспен



7. Екі сыныптық мектепте автор кімнің шығармаларымен танысты.

A) М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев.

B) Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов.

C) Б. Өтетілеуов, Ж. Аймауытов.

D) Ы. Сандыбайұлы, А. Қорамсаұлы.

E) Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев.


8. Бірінші абзацқа атау беріңіз.

A) Жас молда.

B) Қорқақ балалар.

C) Молда мектебі.

D) Өрімдей көк шыбық.

E) Екі бұзаулы сиыр.

9. Қолдың таза болуы дегеніміз не?

A) Істі тиянақты орындау.

B) Әр істің алдында қолды жуу.

C) Жүктелген істі уақытында орындау.

D) Істі ұқыптылықпен орындау.

E) Қандай істі болмасын адал атқару.

10. Мәтінде ауыл молдасынан алған білімнің нәтижесін көрсететін сөйлем.

A) Қорқыту еш нәрсеге үйретпейді.

B) Біз ол оқудан еш нәрсе аңғармап едік.

C) Оны көріп отырған балалардың оқымауына да болмайды, бірақ үйренуіне де болмайды.

D) Балалар төрден есікке қарай үлкендете отырғызылды.



E) Жиырма шақты баланың ең кішісі алты жасар мен едім.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет