Мемлекеттік борыш, Мемлекеттік Қарыз, мемлекеттік заем [1] - мемлекеттің өтелмеген қарыздары, міндеттемелері, несиелері және оларға байланысты төленбеген пайыздары бойынша берешегінің жалпы сомасы. Тағы бір анықтамасы — мемлекеттің үкімет немесе орталық (ұлттық) банк арқылы жүргізетін қарыздарлық қатынасы. Бұл — басқа мекелерден, елдерден мемлекеттік бюджеттің дефицитін жабу үшін алынатын қарыз. Барлық елдер экономикалық саясатты жүзеге асыру тетіктерінің бір ретінде мемлекеттік қарызды пайдаланады. Мемлекеттік борыш бір жағынан, экономикаға ауыртпалық түсіреді және экономикалық жағдаяттың нашарлауына байланысты әсе түседі. Екінші жағынан, Мемлекеттік борыш пен бюджеттен қаржыландыру - экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді құралы. Ол ақша айналысына, тұтыну, жинақ ақша, инвестиция деңгейіне тұрақтандырушы ретінде де, тұрақсыздандырушы ретінде де әсер етуі ықтимал, яғни экономикалық өсуге серпін беруі де, оны тежеуі де мүмкін. Несие қаражатының қайдан алынғанына қарай Мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы борыштарға, қызмет көрсету мерзіміне қарай күрделі және ағымдағы борыштарға, мерзіміне қарай
қысқа мерзімді - 1 жылға дейін;
орта мерзімді - 1 жылдан 10 жылға дейін;
ұзақ мерзімді - 10 жылдан аса мерзімге - борыш түрлеріне бөлінеді.[2]
Сурет:Мемлекеттік кредиттегі себеп-салдарлық өзара байланыстар.jpg
Мемлекеттік кредиттегі себеп-салдарлық өзара байланыстар
Мемлекеттік кредит кызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі. Мемлекеттік борыш - бұл алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың, белгілі бір күнге, сондай-ақ борыштық міндеттемелердің белгілі бір күнге сомасы (олар бойынша есептелген пайыздарды қоса). Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақшалай ресурстарды тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналастыру рыногына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы мемлекеттік борыш болып бөлінеді.
Ішкі мемлекеттік борыш - Үкіметтің, Ұлттық банктің және жергілікті атқарушы орғандардың Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы ішкі мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі.
Сыртқы мемлекеттік борыш - Үкімет пен Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы сыртқы мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі. Сондай-ақ күрделі және ағымдағы мемлекеттік борыш болып бөлінеді.
Сонымен қатар күрделі және ағымдағы мемлекеттік борыштарды ажыратады.
Күрделі мемлекеттік борыш деп мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борышқорлық міндеттемелерінің бүкіл сомасын (бұл міндеттемелер бойынша есептелген пайыздарды қоса айтады.
Ағымдағы борыш - бұл мемлекеттің барлық борышкорлық міндеттемелері бойынша кредиторларға табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу жөніндегі шығыстар.
Мемлекет кепілдендірген борыш - Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеепілдіктері бар белгілі бір күнге алынған және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы.
Мемлекеттік борыштың пайда болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығы болып табылады. Ол бюджеттің шығыс бөлігіне қатысты 2007 ж - 8,0%-ды, 2008 ж - 9,8%-ды құрады. 2009 жылы республикалық бюджет осы жылға жоспарланған ІЖӨ-ге қатысты 3,1% тапшылықпен атқарылды.
Алайда борыштың бұл түрінің түзілу себептеріндегі, әдістеріндегі және жұмыс істеу ерекшеліктеріндегі айырмашылық елеулі болады. Дамыған елдерде мемлекеттік борыш және оны тудырған бюджет тапшылықтары экономикалық циклге экономиканы тұрақтандыру мен оны дамытудың кіріктірілген факторлары болып табылады. Халықтан, корпорациялардан, банктерден, басқа қаржы және кредит мекемелерінен қарызға алынған ақшалары өнімді пайдаланылады және аталған қарыз алушылардың активтері ретінде қаралады. Мемлекеттік борыш «ұлттың өзіне өзінің қарызы» ретінде қаралады және ұлттың жиынтық байлығының жалпы мөлшеріне әсер етпейді. Ішкі борышты басқару жөніндегі пайызарды төлеу қажеттігі түріндегі оның белгілі бір теріс зардаптары инвестицияларға немесе елдің экономикасын дамытуға қосымша қаржылық ресурстарды жұмылдырудан болатын оңтайлы нәтижелермен жабылады. Ішкі борыштың өсуі кезінде ұлттық табыс пен байлық кемімейді, мұның өзі, әрине, табыстардың қайта бөлінісімен байланысты болатын бірқатар келеңсіз салдарларды жоққа шығармайды, олар мынаған саяды:
Достарыңызбен бөлісу: |