1- кәсіпкерлік-ойлау психологиясы



бет2/10
Дата22.09.2023
өлшемі36,1 Kb.
#182002
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекц 1 каз

Кәсіпкерлік ойлау – XXI ғасырдың қажетті дағдысы, бұл –ойлап табушылық, армандарды құру және әлі жоқ нәрсені, армандарды іске асыру қабілеті.
Сонымен қатар бұл – өте жоғары бейімделушілік (жаңа жағдайларға бейімделу қабілеті) және ұтқырлық (болған іске жылдам іс-әрекет ете білу) – адамның өзгермелі жағдайларға икемделе алу қабілеті, икемді болу, қалыптасқан жағдайларда эволюциялану (дами білу), қалыпты сценарийлермен іс-әрекет ету мүмкін емес кез келген жағдайдан табыс таба білу, өмірге мүмкіндіктер әлемі деп қарау.
«Шын мәнінде, мен қаражат таба аламын деп күткен жоқпын. Тапқан табысым жалдау ақысы мен азын-аулақ азық-түлік сатып алуғажетсе, маған сол жеткілікті болатын.Бірақ ең соңында, мұның бәрінің құндыекеніне көзім жетті. Қателесуден қорықпау керек. Ең бастысы – әр жолы жаңа қателіктер жіберу», – деп есептейді кәсіпкерлік ойлаудың символы болған Илон Маск. Дәл осы ойлау қабілеті Маскқа төлемдердің электрондық жүйесін жасап, қаржы әлемін өзгерткен PayPal стартапын құруға, ғарыштық зымырандардықұрастыратын әлемдегі алғашқы жеке компания – SpaceXнегізін қалауға, Tesla электромобилін жасауға, бүкіл қалаларды және т.б. жабдықтау үшін күн энергиясын пайдалануды үйренуге мүмкіндік берді.
Жуырда ғалымдар адамның бизнестегі табысы үшін жауап беретін арнайы «кәсіпкерлік гені» жоқ па деген сауал қойды.Көптеген табысты кәсіпкерлерді талдай отырып, зерттеушілер адамның бизнестегі табысқа жетуіне әкелетін қасиеттердің жиынтығын анықтауға тырысады.Мысалы, Тулса университеті кәсіпкерлік кафедрасының профессоры Роберт Хисрич кәсіпкердің келесі басым мотивтерін атап көрсетеді: тәуелсіздікке, іс-әрекет бостандығына, шығармашылық жұмысқа және капитал құруға ұмтылу. Австриялық экономист Йозеф Шумпетер үстемдікке, билікке, ықпалға, жеңіске деген жігерге, қарсыластармен және өз-өзімен күресуде табысқа, шығармашылық қуанышқа ұмтылысты атап көрсетеді. Колорад университетінің кәсіпкерлік орталығының директоры Томас Дуэнинг кәсіпкерге қажетті бес негізгі дағдыны атап өтті: мүмкіндіктерді тану, жобалау, тәуекелдерді басқару, сәтсіздікті бастан кешіре білу, жоспарлауға емес, іс-әрекеттерге бейімділік.
Массачусетс қаласындағы Бабсон колледжінің зерттеушілері 1985 жылдан 2009 жылға дейін 4000 студентті зерттеді және кәсіпкерлік бойынша бірнеше курсты таңдаған адамдар бір ғана курсты оқыған адамдарға қарағанда өз бизнесін жиі ашқанын анықтады. Цюрих университетінен Уши Бакес-Гельнер және Зигендік Петр Моог кәсіпкерлердің және жалданып жұмыс істейтіндердің арасындағы айырмашылықты анықтау үшін 2000 неміс студентін зерттеді. Олардың пікірінше,білімнің бір ғана нақты саласын игерудің орнына, жаппай бар нәрседен үстіртін хабары барадам бизнес жүргізуге бейім болады.Тар шеңберлі мамандар оларға бағынышты болады. Олар стэнфордтық экономист Эдвард Лейзирдің кәсіпкер туралы теориясын «барлық іске шебер» деп растады. Ол көптеген пәндерді оқитын және түрлі салаларда жұмыс істейтін студенттер қалғандарына қарағанда кәсіпкер болады деп санайды.
Көптеген кәсіпкерлердің тәжірибесін жинақтап, келесідей қорытынды жасауғаболады: кез келген адам кәсіпкер бола алады. Өз ісін өмір тарихы, мінез-құлқы мен мақсаттары мүлдем әр түрлі адамдар ашады. Тек бизнесте іс жүзінде табысқа жетуді қалайтындар төрт сатылы алгоритмді ұстануға тиіс. Біріншіден, олар шын мәнінде ойына алған істі істегісі келеді. Екіншіден, жетістіктерді үлкен емес, кішкентай қадамдардан бастау. Үшіншіден, әрбір кішкентай қадамнан кейін өз идеясын зерделеу және қайта бағалау қажет. Төртіншіден, келесі қадамды жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет