91. Өндірісте шығарылатын ректальды дәрілік түрлер.
Ректальды дәрі түрлерін гериатриялық тәжірибеде қолдану өте ыңгайлы.
Суппозиторийлер бөлме температурасында қатты жэне дене температурасында балқитын немесе еритін, дене қуыстарына енгізуге арналган дозаланган дәрілік түр. Дене қуысының қүрылысының ерекшеліктеріне байланысты суппозиторийлерге тиісті сыртқы көрініс пен көлем беріледі. Ректальды, вагинальды жэне таяқшалы суппозиторийлерді ажыратады. Осы жіктелудегі суппозиторийлердің өздерінің атынан көрініп түргандай, ректальді суппозиторийлер тік — ішекке; вагинальді - қынапқа; таяқшалар - несеп жолына және басқа да тар қуыстарга енгізуге арналган.
Соңғы кезде ректальді жагар майлар қолдану кең таралуда. Ректальді майлар майлы, гидрофильді негіздерде дайындалады. Гидрофильді негіздер ретінде полиэтиленгликольдер, МЦ, оксипропилметилцеллюлоза, Na-КМЦ гельдері қолданылады. Ректальды жагар майлар ұзын ұштыты бар шприц-тюбиктерде шыгарылатын дозаланган дәрілік түр.
Болашағы мол дэрі түрінің бірі - ректальді капсулалар. Көлемі мен формасы бойынша олар суппозиторийлерге ұқсас. Капсуланың қабықшасы 70% желатин мен 30% глицериннің қоспасынан түрады. Капсула эсер етуші заттың майлы суспензиясы немесе оның мандаты - су типті эмульсиясы, немесе ерітіндісімен толтырылады. Тік ішекке енгізген кезде капсула ісініп, жарылады, оның ішіндегі дэрілік құрам сіңірілу бетіне таралады. Ректальді капсулалар жоғарғы температураға төзімді, олар 40°С температурада өз формасын сақтайды. . Капсула дэрілік заттарды тез босатып, тез сіңіріледі.
Ректальды тампондар да белгілі. Олар сыртынан дәрілік зат сіңірілген мактамен оралған пластмасса стержень болып табылады. Мақта тампоны альгинаттың жұқа қабатымен қапталады. Қолданар алдында тампонды біраз уақытқа суға батырады, осының нәтижесінде альгинаттан жасалған кабықша ісініп, дәрілік заттың диффузиясына кедергі жасамайды. Тампонды тік ішекке 2 сагатқа енгізеді, көбінесе геморройды емдеуге колданады
92. Аэрозоль өндірісінде қандай қосымша заттар қолданылады? Олар аэрозольдерде қандай функцияларды орындайды?
Пропелленттер - бүлар аэрозольді орауыштың ішінде кажетгі қысым тудыратын газ тәріздес заттар. Олар тудыратын қысым әсерінен дәрілік зат сыртқа ыгыстырылып шыгарылады.
Концентраттары дайындау. Бүл операция реакторларда дэрілік заттардың қасиеттеріне байланысты жүргізіледі. Концентрат, әдетте, еріткіштерде ерітілген немесе қосымша затгарды (ПАВ, солюбилизаторлар, қосарлы еріткіштер) қолдана еріткіштерде араластырылған бір немесе бірнеше дәрілік заттардан түрады.
Достарыңызбен бөлісу: |