1-4 дәрістер. Энергетикалық кешендер. Қазақстан Республикасының энергетикалық секторлары және даму динамикасы. Энегоүнемдеу. Энергоүнемдеуге байланысты Қазақстан Республикасындағы нормотивті-құқықтық база. Энергия



бет3/3
Дата08.02.2022
өлшемі20,69 Kb.
#119993
1   2   3
Байланысты:
1-4 лекция ЭКО виа
Сынау бакылау срс Дузелбаев, Сынау бакылау срс Дузелбаев, 1-8 лекция тезисі (1), Musa Saltanat 1501-21 Nauryz, Musa Saltanat 1501-21 Nauryz, 246-151-1-PB, Қаз.қаз.зам.тар 1 апта

Энергия үнемдеу


Қазіргі уақытта іс жүзінде әлемнің өнеркәсібі дамыған барлық мемлекеттерінде энергия үнемдеу мәселесі қарқынды шешілуде.
Қазіргі заманғы нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу елде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін дамытудың негізгі талабы болып табылады. Осыған байланысты, «Энергия үнемдеу туралы» Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламентіне қарауға енгізілді.
Энергия үнемдеу - бұл бейіндік министрліктің ғана емес, жалпы мемлекеттік ауқымдағы міндет. Энергия үнемдеу бойынша барабар шара қабылдау өнеркәсіп және тұрғын үй-коммуналдық саласының барлық аяларында қамтамасыз етілуге тиіс.
«Энергия үнемдеу туралы» Заң жобасында өнеркәсіптегі энергия тұтынуды төмендету үшін мынадай шаралар көзделеді:
1) жаңа объектілерді оларға есепке алу аспаптары мен отын-энергетика ресурстарының шығынын реттеу жүйесін орнатпай пайдалануға беруге тыйым салатын норма көзделеді;
2) энергия тиімді құрылғыларды әкелушілер үшін кедендік жеңілдіктер белгілеу;
3) кейіннен мониторинг жасау үшін ірі кәсіпорындар мен ұйымдар енгізілетін энергия үнемдеу туралы деректердің Мемлекеттік тізілімін жасау;
4) берілген міндетті орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қолдана отырып, уақтылы жөндеу жүргізуге және мүлікті жаңғыртуға міндет белгілеу;
5) энергия тұтыну нормативтері.
Заң жобасында: энергия тұтыну нормативтерін бекіту; тұтынушылар мен электр энергиясын өндірушілердің құқықтары мен міндеттерін белгілеу және олардың заң нормаларын орындамауына байланысты әкімшілік жауапкершілік белгілеу; пайдаланылатын үй-жайлар мен құрылғыларды міндетті энергетикалық тексеру; құрылыс жобаларына міндетті сараптама жасау; энергия тиімділігі деңгейі нормативтерден артық жаңа құрылыс объектілерін салуға тыйым салу; энергия үнемдеу үшін мониторингке жататын объектілердің тізіліміне енгізу; мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау функцияларын регламенттеу көзделеді.
Жаңартылатын энергия көздері. Қазақстанның электр энергетикасын дамыту және экологиялық проблемаларын шешудің басым бағыттарының бірі жаңартылатын энергетика ресурстарын пайдалану болып табылады. Қазақстанда жаңартылатын энергетика ресурстарының әлеуеті (су энергиясы, жел және күн энергиясы) аса маңызды. Қазақстан Республикасының Президенті «Нұр-Отан» ХДП партиясының кезектен тыс XII съезінде «Қазақстанның индустриялық-технологиялық дамуы біздің болашағымыз үшін» сөйлеген сөзінде маңызды бағыт жаңартылатын энергия көздерін желдің күші мен күн сәулесін пайдалану есебінен дамыту болып табылатынын атап көрсетті.
Қазақстан аумағы үшін жаңартылатын энергия көздерінің мынадай түрлері: шағын су электр станциялары; күн жылу және электр энергиясын өндіруге арналған күн қондырғылары; жел энергетикасы неғұрлым перспективалы.
Жаңартылатын энергия көздерін қолдау бойынша бірнеше шараларды көздейтін «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2009 жылы 4 шілдеде қабылданды.
Бүкіл әлем бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдалану өсіп келеді.
Энергия қорларын үнемдеу 21-ғасырдың аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Бүгінгі күнде әлемнің өнеркәсібі дамыған барлық мемлекеттерінде энергия үнемдеу мәселелері қарқынды шешілуде. Көмірмен және көмірсутегімен жұмыс істейтін жаңа ЖЭС салуға инвестициялар тарту экологиялық проблемалардың тереңдеуін білдіреді. Қайта жаңаратын жергілікті энергия көздері, әсіресе электр энергиясынан тапшылық көретін аудандар үшін, орталықтандырылған экономикалық баламалы энергия үнемдеу болып табылады. Осыған байланысты, Министрлікте «Қайта жаңаратын энергия көздерін қолдау туралы» Заңының жобасы әзірленді. Аталған заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы табиғат ресурстарының орынды пайдаланылуы және қоршаған ортаның ластануы, ескірген және «лас» технологиялардың бақылаусыз енуі, қайта жаңаратын қорлардың тиімсіз пайдаланылуы проблемаларын шешу үшін Қазақстан Республикасының тиімді заңнамалық базасын қалыптастыру мақсаты қойылған Жолдауын іске асыруға бағытталады. Қайта жаңаратын энергия көздерін пайдалану үлесін көбейту, өндірістің энергия сыйымдылығын және оның экологияға әсерін, соның ішінде көшетхана газдарының тасталуын төмендету «Қайта жаңаратын энергия көздерін қолдау туралы» Заңын қабылдаудың мақсаты болып табылады. Қайта жаңаратын энергия көздерін – күн, су, жел, жер энергиясын пайдалану негізінде энергия үнемдеу технологияларын енгізу – энергия үнемдеу жөніндегі іс-шаралардың бірі болып табылады. Компрессор жетегінде пайдаланылатын электр энергиясына қарағанда, жылу энергиясын 3-7 есе артық өндіретін және сондықтан жоғары потенциалды барынша тиімді жылу көздері болып саналатын қондырғылар - жылу-сорғы қондырғылары (бұдан әрі – ЖСҚ) ХХ-ХХІ-ғасырлар аралығында әлемнің жетекші елдерінде кеңінен қолданыс тапқан барынша арзан энергияның дәстүрлі емес көздерінің бірі болып табылады. Жылу сорғылары – шағын үнемді және экологиялық таза жылу жүйелері, олар төмен потенциалды көздерден (су түбінің және артезиан сулары, көлдер, теңіздер, су түбінің жылуы, жер қойнауының жылуы, өнеркәсіптік және тазартылған тұрмыстық ағын сулар, технологиялар циклдардың сулары) жылуды шоғырландыру және оны температурасы барынша жоғары жылутаратушыға тасымалдау есебінен коттедждерді ыстық сумен жабдықтау және жылыту үшін жылу алуға мүмкіндік береді. Әр түрлі жылу қуатының жылу сорғыларын пайдалану жылумен жабдықтау проблемасын принципиалды шешудің жаңа жолдары болып табылады және маусымы мен жұмыс жағдайларына байланысты олардың жұмысында максималды тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. ТМД елдерінде ЖСҚ енгізу бастапқы стадияда тұр, мысалы, Ресейде 200-ден аса ЖСҚ бар, ал басқа елдерде, соның ішінде Қазақстан Республикасында – олар мүлде аз. Қазақстан Республикасында жылу сорғыларын пайдалану тиімділігі: - климат жағдайы қатаң; - жылына 200-ден 250 күнге дейін жететін жылу беру уақытының ұзақтығына байланысты көптеген басқа дамыған елдерге қарағанда барынша жоғары болады. Өнеркәсіпте жылу сорғыларын пайдалану басымдықтары: • Жылу энергиясының шектелмеген көздерінің болуы, бұл қайта жаңармайтын энергия қорларының (қатты және сұйық отын) үнемделуін білдіреді. • Зиянды қалдықтардың, соның ішінде көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, азот оксиді және күлдің атмосфераға тасталуын қысқарту жолымен қоршаған ортаны қорғау. • Тұтынуына қарай жылу сорғылары қуатының кең диапазоны. Төмен потенциалды жылу көздерін пайдаланып, жаңа энергия үнемдеу технологияларын, соның ішінде жылумен жабдықтаудың жылу-сорғы жүйелерін енгізу, мамандардың бағалаулары бойынша: - органикалық отын шығысын 20-25%-ға төмендету, бұл, өз кезегінде, отынның әр түрін жағудың қоршаған ортаға тигізетін әсерін елеулі төмендетуге мүмкіндік береді; - көшетхана әсерін азайтуға, - ел аймақтарында экологиялық ахуалды елеулі жақсартуға мүмкіндік береді. Осы қондырғылардың басымдықтары өте жоғары. Жұмсалған электр энергиясының бір киловаттынан 3-7 киловатт жылу энергиясын аламыз. Мысалы, алаңы 300 шаршы метр ғимаратты жылыту үшін жылу сорғысына өте аз электр энергиясы қажет етіледі, яғни 3,5 киловатт қуат. Жылу-сорғы қондырғыларын қолдану кезінде бірнеше шақырым жылу желілерін төсеу және оларды ұстау мен пайдалануға шығын жұмсау қажеттігі жоқ, бұл ақша қаражаты мен еңбекті үнемдейді. Швециядағы ғимараттардың 50 пайызы жылу сорғыларымен жылытылады. Америкада жыл сайын миллионнан аса жылу сорғылары шығарылады және осындай қондырғыларды пайдалану кезіндегі жағдайлар заңнамада жазылған, мысалы, жылыту үшін органикалық отынды жағуға рұқсат берілмейді. Барлық қайта жаңаратын энергетиканы біріктіру және автономдық экологиялық шағын-станциялар салу дұрыс болар еді. Жел бар болған жағдайда жел энергиясы тұтынылады, жел болмағанда осы уақытта қуат алған аккумуляторлар пайдаланылады. Сонымен қатар артезиан скважинасынан немесе су түбіндегі жылуалмастырғыштан алынған жылу пайдаланылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет