1. Абсалюттік өсім -салыстырмалы қатарлардың арасындағы өзгеріс. Сауалнама жүргізу



Дата24.03.2018
өлшемі59,42 Kb.
#39602
Глоссарий Криминология пәнінен.

1.Абсалюттік өсім -салыстырмалы қатарлардың арасындағы өзгеріс.
2. Сауалнама жүргізу - бұл сырттай сауал-сұрау жүргізудің бір түрі, бұл жағдайда жауап беретін (респондент) адам сауалнамалардағы сұрақтраға жазбаша жауап береді.
3. Виктимизация - бір адамды немесе адамдар тобын қылмыстың құрбанына айналдыру процесі.
4.Виктимдік - пайда болатын субъективтік және объективтік жағдайларды қылмыстық қол сұғушылықтың объектісіне айналуға жоғары мүмкіндігі бар адам.
5. Қылмыстықтың географиясы -бұл қылмыстық жазаланылатын әректтердің кеңістік пен уақытта таралуы.
6. Тереңдетілген интервью -әңгіменің тақырыбын, оның құрамын (әңгімеде қойылатын сұрақтар) алдын ала анықтау сатысы.
7. Топтау -құжаттарды жүйеге келтірудегі бастапқы топтау, оларды жекелеген сипаттарына қарай топтау.Топтау типтік, вариациялық, талдамалық болып бөлінеді.
8.Детерминация-криминалогияның тұрғысынан алғанда қылмысты түсіндіру.
9. Қылмыстың динамикасы-бұл қылмыстықтың белгілі бір уақыт аралығында сандық және сапалық өзгеруі, оның көбеюі немесе азаюы.

10. Құжаттық әдіс- криминалогияда зерттелетін ақпараттарды документ түрінде зерттеу.
11. Коррелициондық сарптама- зерттелетін нышанның түсінігін анықтауға мүмкіндік беретін зерттеу әдісі.
12. Криминогендік жағдай- бұл адам қылмыс жасардың алдында қалыптасатын жағдайлар жиынтығы. Сол жағдайлар адамның ойлау қабілетіне, сезіміне, шешім қабылдауына әсер етеді.


13. Криминологиялық ақпрат- қылмыс және оның алдын алу туралы білімді толықтыратын мәлімет.
14. Жәбірленушінің кінәлілік мінез-құлқы – бұл зардап шегушінің жасалған әлеуметтік жат қылығы.
15 Әрекеттің криминолизациясы мен декриминализациясын криминологиялық түсіндіру – қылмыстық құқықтық тыйым салудың қажеттілігін немесе қажетсіздігін түсіндіру.
16. Қылмыстықтың криминологиялық болжамы- бұл қылмыстықтың болашақтағы жағдайын (мөлшері, құрылымы) жорамалдау, олардың белгілі бір уақыт аралығындағы сандық және сапалық өзгерісін мөлшерлеп көрсету.
17. Криминологиялық зерттеу- криминологиялық ақпаратты жиау, өңдеу мен талдау процесі.
18. Криминологиялық жоспарлау- қылмыстыққа қарсы тұру саласындағы ғылыми расталған күрес әдістері, бағыттары, сол міндеттерді шешу жолдары мен құралдарын жоспарлау.
19. Криминология- қылмыс туралы әлеуметтік құқықтық, қоғамдық ғылым. Ол қылмыстың мәнін, шығу себебін, қайталануын, өзгеруін, азаю мүмкіндігін, қылмыскердің тұлғасын, қылмыстың құрбанын зерттейді.
20. Жасырын қылмыстық- қылмыстың бұл түрі ресіми түрде тіркелмегендігінен (латынша Latens-жасырын, көрінбейтін) ерекшеленеді. Яғни бұл қылмыстар құқық қорғау органдарымен анықталмаған, сол себепті қылмыстық статистикаға тіркелмеген.
21.Қылмыскердің тұлғалары- бұл тұлғаның қоғамға қауіптігін анықтайтын жағымсыз әлеуметтік-психикалық жүйенің құрылымы, сипаты.
22. Қылмыскердің тұлғасы- адам тұлғасының психологиялық ерекшелігіне, қоғамға деген теріс көзқарасына, адамгершілік құндылықтарын теріс түсінуіне байланысты қылмыс жасауы.

23. Адам тұлғасы- бұл адамның әлеуметтік-психологиялық қасиеттері мен сипаттарының жиынтығы.
24. Социометрия әдісі-(лат.socius-«серік, қатысушы ,»metrum-«өлшем») социология саласында- ұқсас әлеуметтік топтардың құрылымы, сол топтардың мүшелерінің өзара арақатынасы туралы мәліметтер алу әдістерінің жиынтығы.

25. Эксперимент әдісі- ғылыми қойылған тәжірибе, бұл кезде арнайы жасалған жағдайда криминологиялық маңызы бар фактордың өзгеруін бақылаймыз.
26. Криминологиялық зерттеу әдістемесі- жекелеген тәсілдерден, құралдар мен амалдардан тұратын криминологиялық зерттеулер әдістемелерінің жиынтығы (криминологиялық маңызы бар мәліметтерді жинау, баптау, анализдеу).
27.Қылмыстық мінез-құлықтың механизімі- нәтижесі қылмыс болатын тұлға мен қоғамның арақатынасының әдісі болып табылады.
28. Ескерушілік- бұл детерминацияның бір түрі, ол нәтижеге жетудің екі жолын қарастырады: себептің қалыптасуына себептесу мен оның іске асуына себептесу.

29. Қылмыстықтың алдын алу объектісі- қылмыстықтың алдын алу мақсатымен субъект әсерін тидіретін қоғамдық қатынастардың жүйесі болып табылыды.
30.Қылмыстықтың көлемі- белгілі бір аймақта, белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстың және қылмыскердің саны болып табылыды.
31. Аралық- бұл детерминацияның бір түрі, осы бойынша жағдай басқа жағдайлар арқылы беріледі.
32.Сұрау алу- бұл жекелеген тұлғаларға ауызша сұрақ қою арқылы криминологиялық сипаттағы мәліметтерді алу әдісі.
33. Бетпе бет сұрау алу немесе интервью – бұл ауызша әңгімелесу болып таылады, оның барысында сұрау алушы сурау алушыдан криминологиялық сипаттағы ақпараттарды алады.
34. Параллельді қатарлар- бұл қатарлардан тұратын топтамалар, олардың әрқайсысы бір бірімен байланыста болады.
35. Жоспарлау- бұл белгіленген шаралардың жүзеге асырылуының кезектілігін, уақытын, ретін белгілеу болып табылады.
36. Қылмыстықң алдын алу пәні- жалпы қылмыстық пен жеке қылмыстардың алдын алуға бағытталған кешенді қоғамдық қатынастар.
37. Қылмыстың алдын алу – бұл қылмыстардың шығу себебін анықтап жоюға немесе оның жолын бөгеуге бағытталған шаралар жүйесі.
38. Қылмыстылық- белгілі бір мемлекетте немесе әкімшілік бөліністе, белгілі бір уақыт аралығында жасалған жекелеген қылмыстардың жиынтығы.
39. Себептілік- бұл детерминацияның бір түрі, ол бойынша бір құбылыс екінші құбылыспен генетикалық байланыста болады.
40. Қылмыстың себебі- бұл түрлі жағдайлармен байланысқа түскенде қылмысқа әкеп соғатын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің жиынтығы.
41. Жекелеген мінез- құлықты болжау- қайсы бір тұлғаның болашақта қылмыс жасау мүмкіндігін анықтау.
42. Еркін интервью- алдын ала дайындалған жоспарсыз немесе сауалнамасыз жүргізілетін интервьюдің бір түрі.Алдын ала тек әңгіменің тақырыбы таңдалады.
43. Жинақтау- таблица немесе графиктік суреттер түрінде жинақталған, өңделген мәліметтер.
44. Қылмыстық жағдайы- кең мағынада –белгілі бір мемлекетте, белгілі бір уақыт аралығындағы қылмыстықтың сапалық және сандық күйі, ал тар мағынада алғанда белгілі бір мемлекетте, белгілі бір уақыт аралығында тіркелген қылмыстар.
45. Статистикалық талдау- алынған мәліметтерді өзара салыстыру, жалпылау.
46. Статистикалық бақылау- құқық қорғау органдарында жүргізілетін бастапқы есеп журналдарында тіркелген қылмыстар туралы ақпараттар жинау.
47. Қылмыскер тұлғасының құрылымы- бұл құқық бұзушыны сипаттайтын мінз-құлықтың, құрылымы мен күйінің реттелген байланысы.
48. Қылмыстылықтың құрылымы- қылмыстылықтың құрылымын сипаттау. Ол тіркелген әр түрлі қылмыстардың өзара әрекеттесуін көрсетеді.
49. Өсу қарқыны- салыстыруға алынған деңгейдің абсолюттік өсіммен салыстырылуы.
50. Өсу темпі (азаю) - салыстыруға алынған деңгеймен проценттік салыстыру.
51. Қылмыстылық деңгейі- тіркелген қылмыстардың немесе қылмыскерлердің елдегі халық санынан арақатынасының артуы.
52. Жағдай- бұл құбылыс өз бетінше қылмысты тудырмайды, ол тек себептің туындауын жеңілдетеді.
53. Қылмыстылықтың факторы – қылмыстыққа әрекет ететін құбылыс (жезөкшелік, маскүнемдік, нашақорлық)
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет