№9 Тақырып: Шағын бизнестің шапағаты
Шағын бизнестің шапағаты
1. Былтырғы жартыжылдықта Бөкей ордасы ауданында 780 шағын
кәсіпкерлік субъекті болса, ағымдағы жылдың осы кезеңінде ол 837-ге
жетіп отыр. Бұл 2014 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 7,3 %-ға көп.
Олардың 445-і шаруа қожалығы, 349-ы жеке кәсіпкер, 43-і жауапкершілігі
шектеулі және несие серіктестері. Бүгінгі таңда шағын бизнес субъектілері
1520, 0млн. Теңгенің өнімін өндіріп, қызметін көрсетіде (ол өткен
жылғыдан 16%-ға артық).
2.
2014 жылы ауданда 23 адамды жұмыспен қамтыған 8 шағын
цех жұмыс істесе, ағымдағы жылы қосымша 5 шағын цех (наубайхана,
248
дәнекерлік, керамзитоблок және2 пластикалық терезе өндірісі) іске
қосылып, қосымша 11 жұмыс орны ашылған. Жалпы, шағын кәсіпкерлік
саласында 1486 адам жұмыс істейді (өсім 9,1%)
3. Былтыр «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы
бойынша 32 адам аталған несмелер тұрмыстық қызмет және өндіріс
орындарын ашуға бағытталған. Сауда саласын дамытуға арналған
«Кәсіпкер» бағдаламасымен 2014 жылы15 адам 64 млн. 750 мың
теңгенесие иеленген. Бұл қаржылар «Ауыл шаруашылығын қаржалай
қолдау қоры» АҚ арқылы берілгенін де айта кетелікн
4. Мемлекет тарапынан берілген осынау қаржылай көмекті иеленген
Хан ордасы ауылының тұрғыны Рахметолла Ғұмаров («Ғұмааров Р.Ш.
ЖК) 1 млн. Теңгеге пластик терезе өндірісіне қажетті 500 мың теңге грант
иегерлері атаныпты.
Иә, қазіргі күні кәсіпекерлік саласы өміріміздің күре тамырына айналып
отырса, бұл бағыттағы жұмыстар Бөкей ордасында көңіл қуантарлықтай.
–
Өзіңіз оқып отырған мақала қандай өзекті мәселені көтерген деп
ойлайсыздар?
–
Бұл мақала қандай газеттің жанрына жатады?
Әңгіме
Сұхбат
Хабарлама
Мақала
–
Мақала тақырыбын оқыған кезде оның мазмұнына сай естеріңізге қандай
сұрақтар келеді? Жазыңыздар.
–
«Сөздер сөйлейді» айдары бойынша «шапағат» сөзінің түсіндірмесін
оқып, есте ұстаңыздар.
Шапағат - мейірім, рақым, қайырым, рақат.
–
Мына сөз тіркестерін жазып алыңыздар, кейін сұхбат құру үшін қажет
болады.
Шапағаты тиді - пайдасы болды
Шапағатын көрді - көмегін көрді
–
Бірінші мәтінді оқыңыздар. Бизнеске қатысты сөз тіркестерін тауып, оның
аудармасын беріңіздер.
«Шаруа қожалығы» деген сөз тіркесі сіздерге таныс па?
«Қожа» сөзінің түсініктемесі кітаптың соңында берілген.
249
–
«Жеке кәсіпкер» деген сөз тіркесі кімдер үшін айтылады? Олар немен
айналысады?
кәсіппен
Олар бизнеспен айналысады
сатумен
өндірумен
–
«Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС)» терминін естідіңіздер ме?
Өзара әңгімелесіңіздер.
–
Мәтіннен сан есімдерді тауып, сан есімдердің жазылу емлесіне назар
аударыңыздар. Сан есімдерге жалғанып тұрған жалғауларды қосып
оқыңыздар.
Үлгі:
837 – ге - сегіз жүз отыз екіге
7,3 % - ға жеті бүтін, оннан үш пайыз - ға %;
–
Екінші мәтінді оқыңыздар
–
Мына сөздерге назар аударыңыздар:
наубайхана, дәнекерлік терезе өндірісі
Наубайхана – пекарня
Дәнекерлік – сварить, соединить
Терезе өндірісі – производство окон
–
Жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары қандай игі істер жасай алады
екен, кестеге қарап, бірнеше сөйлем құрып жазыңыздар.
1.
Жеке кәсіпкерлер жұмыс пен
Шаруа қожалықтары жұмыс күшін қамтиды
адамдарды
жұмыспен
2.
Жеке кәсіпкерлер несие
Шаруа қожалықтары қаржы алады
субсидия
250
–
Үлгі бойынша сөйлемдерді көшіріп жазыңыздар.
Үлгі:
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 32
адам 67 млн. 200 теңгенің, 18 адам 30 млн. теңгенің несиесіне қол
жеткізіпті.
«Кәсіпкер» бағдарламасымен __________________, ______________
несие иеленген.
–
Фразеологизмді оқыңыздар. Сіздер оны қалай түсінесіздер? Өздеріңіздің
ауызекі
сөйлеу
тілдеріңізде
осы
тұрақты
тіркесті
белсенді
пайдаланыңыздар.
Қол жетті (қол жеткізу) – айтқаны болды, ойы орындалды
–
Үшінші мәтінде несиеге берілген теңгелер қандай бағытқа жұмсалған?
Мәтінде бұл сұрақтың жауабы бар.
–
Төртінші мәтінді оқыңыздар.
Мәтінде
ие – иегер
сөзі кездеседі. Таныс болыңыздар!
Ие - қожа, бастық. Меншікті иемденуші.
–
Осы сөзді пайдаланып, мемлекет тарапынан берілген қаржыны иеленуші
шағын бизнес өкілдерінің аты-жөнін, қаржыны неге жұмсағандары туралы
әңгіме құрыңыздар.
–
3-ші және 4-ші мәтінде екі қысқарған сөздер кездесті. Оны жазбаша
жазыңыздар және аударыңыздар.
–
Мақаланы жазған тілшінің қандай көзқарасын білгілеріңіз келеді:
сын,
келісу, келіспеу, құптау, мақұлдау және т.б.
–
Мақалада көтерілген мәселе бойынша қандай сұрауларға жауап
алғыларыңыз келеді.
Қалай? Не? Не үшін?
Қашан? Қай жерде? Қандай?
–
Қысқаша жауаптар нұсқасын жазыңыздар.
–
Мақала мазмұнына сәйкес өздеріңіздің аттарыңыздан мәтін құрып,
әңгімелеп беріңіздер. Әсіресе, шағын бизнес туралы пікірлеріңізге ерекше
тоқталып өтіңіздер.
251
Достарыңызбен бөлісу: |