1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т



Pdf көрінісі
бет71/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1

  
16-жаттығу.
 Мәтіндегі өздеріңізге ұнаған абзацтарды анықтаңыздар. 
Өз таңдауларыңызды түсіндіріңіздер. 
 
  
17-жаттығу. 
 Мәтіндегі жаңа ақпаратты қалай пайдаланар едіңіздер? 
 
18-жаттығу.
 Сіздер оқыған  мәтін не жөнінде екен? Түсіндіріңіздер. 
 
19-жаттығу.
 
Сіздіңше  мәтінде  қандай  мәселе  көтерілген? 
Айтыңыздар. 
 
20-жаттығу. 
Мәтін  бойынша  ақпарат  беріңіздер.  Оқиғаға  баға 
беріңіздер. Досыңызға алған ақпаратыңызды баяндап, сұхбат құрыңыздар. 
 
21-жаттығу.
 Рөлге бөлініп оқыңыздар. Осы диалог  үлгісі  бойынша 
азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы сұхбат құрыңыздар. 
 
Арман: - Тілек,  адамның құқығы, бостандығы туралы не айтар едің?  
Тілек: - Адам өз қалауы бойынша өмір сүреді. 
Асыл: - Өз еркімен өмір сүретін тұрғылықты жерін таңдайды. 
      Жұлдыз: - Қазақстан азаматы  таңдаған мамандығы бойынша білім алады. 
Жұмыс істейді, еңбегіне сай айлық ақшасын алады. 
Тілек:  -  Ол  қоғамдық  бірлестіктердің  жұмысына  қатысып,  меншік  иесі 
бола алады. 
Жұлдыз:  -  Сонымен  қатар,    демалуға,  адамға  лайық  тұрмыс  құруға 
құқылы.  
      Тілек: - Арман, осы айтылғандарды адамның жеке басының құқықығы мен 
бостандығы дейміз. 
Асыл:  -Біз  халықаралық    құқық  нормаларын  орындайтын  заңды 
мемлекетте өмір сүреміз.  
                    Тілек: : - Дұрыс айтасың, Асыл. Сенімен бәріміз келісеміз. 
 
22-жаттығу. 
Танымдық сұрақтарға жауап беріңіздер. 


47 
 
1.
 
Қазақ елінің Конституциясы жөнінде не айта аласыздар? 
2.
 
Қазақстан Республикасында өмір сүретін халықтардың бостандығы мен 
құқығы жөнінде не айтар едіңіз? 
3.
 
Бостандық, ынтымақтастық, тәуелсіздік туралы қандай мақал-мәтелдерді 
білесіздер? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет