25. Жарықтың дисперсиясы
Жарық дисперсиясы — заттың сыну көрсеткішінің (n) жарық толқынының жиілігіне () не ұзындығына () тәуелділігі; жарық толқыны фазалық жылдамдығының жиілікке () тәуелділігі. Жарық дисперсиясы нәтижесінде ақ жарық спектрге жіктеледі . Осы спектрді зерттеу арқылы И.Ньютон Жарық дисперсиясын ашты (1672).
26. Спектрдің ультракүлгін және инфрақызыл бөліктері
Ультракүлгін сәуле шығару — жарық сәулелері спектрінің күлгін бөлігіне іргелес, күлгін және радиосәулелер аралығында орналасқан, толқын ұзындығы 400—10нанометр (нм) аралығына сәйкес келетін электромагниттік сәулелер.
Көптеген ғалымдар жарық үш компоненттен құралады деген тұжырымға келді: тотықтандыратын (инфрақызыл), жарықтандыратын (көрінетін жарық) және тотықсыздандыратын (ультракүлгін).
Достарыңызбен бөлісу: |