130. Дефекация актісіне ауырсынумен барғысы келгендей сезімді не деп атайды:
А. диарея
+В. тенезм
С. дисфагия
D. обстипация
E. мелена
131. Өңеш ауруларында болатын құсудың белгілері қандай?
А. «кофе қойыртпағы» тәрізді
+В. лоқсусыз, тағам өзгермеген түрде шығады
С. қышқыл иісті, қорытылған тағам қалдықтары
D. құсық массалары нәжіс иісті болады
E. лоқсумен, сарғыш түсті
132. 1-2 күн бұрын желінген тағамның құсықта байқалуы қайсысына сипатты?
А.эзофагитке
+В. пилоростенозға
С. асқазанның кардиалды бөлігінің жарасына
D. он екі елі ішектің жарасына
E. энтеритке
133.Гипосекрециялық гастриті бар науқасқа қандай тіл тән?
А. макроглоссия
+B. атрофиялық тіл
C. сарғыш жабындымен қапталған
D. жылтыр, а
шық қызыл түсті
E.географиялық тіл
134.Іштің беткей болжамды пальпациясында нені бағаламайды?
А. іш жарығының бар-жоқтығын
В. ауырсынудың бар-жоғын
С. іш құрсағының алдыңғы іргесінің бұлшық етінің кернеулігін
+D. ішектің орналасуы мен консистенциясын
E. іштің тік бұлшық етінің ыдырауын
135. Асқазан қалтқысының пальпациясын қай жерде жүргізеді?
А. l. umbilico-iliacae dextrae-ның ортаңғы және сыртқы бөліктерінің арасында
+В. қабырға доғаларының төменгі қырларын қосатын көлденең сызық, іштің ақ сызығы және сол жақ қабырға доғасымен құрылған үшбұрыштың бисектрисасына перпендикуляр түсіргенде, осы сызықтың үстіне жасалады
С. l. umbilico-iliacae sinistrae-ның ортаңғы және сыртқы бөліктерінің арасында
D. іштің ортаңғы сызығы бойымен, кіндіктен 2-3 см жоғары
E іштің ортаңғы сызығы бойымен, кіндікдің деңгейінде
136. Ас қорыту жүйесінің патологиясы бар науқастарды тексергенде эпигастрий аймағында кеш (тамақтан 5-6 сағаттан кейін) шалпыл шуының анықталуы неге тән?
А. гастритке
В. метеоризмге
+С. пилоростенозға
D. асқазанның жарасына
E. асцитке
Достарыңызбен бөлісу: |