35. Асқазанның рентгеноскопиясында (графиясында) қай патологияның диагностикалық белгілері анықталады?
A. асқазан ойық жарасы, асқазан ісігінің
B. жедел гастриттің
C. созылмалы гастриттің
+D. созылмалы панкреатиттің
E. эзофагиттің
36. Қай патологияда «толу дефекті» рентгенологиялық белгісі анықталады?
A. жедел гастрит
B. созылмалы гастрит
+C. асқазан ісігі
D. асқазан ойық жарасы
E. колит
37. Асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігінен қан кеткенде копрограммада қандай өзгерістер анықталады?
A. нәжістің түсі алтын-сары
B. нәжісте алқызыл қан анықталады
+C. қара май тәрізді нәжіс, Грегерсен реакциясы ++++
D. ахолиялық нәжіс
E. лейкоциттер көп мөлшерде
38. Ректороманоскопия әдісімен қандай ішектің патологиясын анықтауға болады?
A. аш ішектің
B. тоқ ішектің өрлеме бөлігінің
C. көлденең ішектің
D. тоқ ішектің төмендеме бөлігінің
+E. тік және сигма тәрізді ішектің
39. Нәжістегі жасырын қанды тексеру әдісі
A. макроскопиялық
B. лакмус қағазын қолдану арқылы
C. судан III-пен боялған препараттың микроскопиясы
D. Люголь ерітіндісімен боялған препараттың микроскопиясы
+E. химиялық әдіспен (Грегерсен реакциясы)
40 . Өңештен қан кетуге қай тұжырым сәйкес келмейді:
А. өңеш жарасы себебінен
B. өңеш көк тамырларының кеңеюі салдарынан
C. өңештің кілегей қабаты тамырларының бөгде денемен зақымдануынан
+D. «кофе қойыртпағы» тәрізді құсығы
E. кеткен қанның түсі өзгеріссіз
41. Қандай шағымдардың жиынтығы диспепсия синдромына кіреді?
A. анорексия, кардиалгия, тенезмдер
B. дисфагия, ықылық, дизурия
C. қыжыл, бас ауру, іш өту
+D. тәбеттің төмендеуі, лоқсу, құсу
E. гиперсаливация, жүректің шалыс соғуы, іш қату
42. Үлкен дәретке барғысы келгендей сезім болуы - бұл:
A. іш кебуі
B. мелена
+C. тенезмдер
D. полифекалия
E. креаторея
Достарыңызбен бөлісу: |