69. Ұйқы безінің ауруларын анықтауда қандай аспаптық әдіс анағұрлым мәлімет береді:
А. дуоденалды зондтау
B. дуоденография
C. ультрадыбысты зерттеу
D. лапароскопия
E. холецистография
70. Ұйқы безінің ауруларына тән емес симптом:
А. Шоффар
В. Кер
С. Дежарден
D. Мейо-Робсон
Е. Грот
71. Жедел панкреатитте ауырсынудың болуы неге байланысты?
А. глиссон капсуласының керілуіне
В. ұйқы безінің түтікше ішілік қысымының жоғарылауы мен капсуласының керілуіне
С. ұйқы безінің ішкі секрециялық қызметінің жетіспеушілігіне
D. өт жолдарының бітелуіне
E. ұйқы безінің сыртқы секрециялық қызметінің жетіспеушілігіне
72. Панкреатогенді диареяға сипатты:
А. полифекалия, сұйық, кілегейлі, іріңді
В. қышқыл иісті, сарғыш жасыл түсті, қоймалжың
С. кілегейлі, қан аралас, сұйық
D. шірік иісті, жартылай сұйық, қорытылмаған ас қалдықтарымен
E. полифекалия, стеаторея, жағымсыз сасық иісті, унитаздан нашар жуылады
73. Ұйқы безінің патологиясы бар науқасты қарағанда Грот симптомына тән белгіні көрсетіңіз:
А. іш құрсағының алдыңғы іргесінде ұйқы безінің проекциясында тері асты шел май қабатының атрофиясы
B. тері жамылғысы қуқылданып, көгерген жерлердің болуы
C. көздің ақ қабаты мен тері жамылғысының сарғаюы
D. іші ұлғайған, тері асты веналары білеуленген
E.іш құрсағының алдыңғы іргесінде ұйқы безінің проекциясында терінің гиперпигментациясы
74.Ұйқы безін пальпациялағанда қалыпты жағдайда қандай қасиеттері анықталады?
А. тығыз, ауырмайды, шұрылдайды, цилиндр тәрізді, диаметрі 5 см
B. цилиндр тәрізді, диаметрі 3-4 cм, ауырмайды, шұрылдамайды
C. цилиндр тәрізді, диаметрі 6 см, ауырады
D. беті кедір бұдырлы, цилиндр тәрізді, шұрылдайды, ауырады
E. диаметрі 1,5-3 см, көлденең орналасқан, цилиндр тәрізді, жұмсақ, ауырмайды
75. Дежарден нүктесіндегі ауырсынуды қай жерде анықтайды?
А. кіндікті оң жақ қолтық асты шұңқырымен қосатын сызық бойында, кіндіктен 6 см жоғары
В. кіндік пен сол жақ қабырға доғасының ортасын қосатын сызықтың сыртқы және ортаңғы үштігінің шекарасында
С. кіндікті сол жақ қолтық асты шұңқырымен қосатын сызық бойында, кіндіктен 6 см жоғары
D. іштің ортаңғы сызығы бойымен, кіндіктен 2 см жоғары
E. сол жақ төс-бұғана-емізікті бұлшық ет аяқшаларының арасында
Достарыңызбен бөлісу: |