123. Қара май түсті нәжістің болуы қай жағдайға анағұрлым сипатты?
А. өңештен қан кетуіне
+B. асқазан жарасынан қан кетуіне
C. аш ішектің қабынуына
D. тоқ ішектің қабынуына
E. пилоростенозға
124.Іштің терең әдістемелік сырғымалы пальпациясында қайсысын анықтамайды?
А. іш қуысындағы ағзалардың өлшемін
+В. іш жарығының бар-жоқтығын
С. іш қуысындағы ағзалардың орналасуын
D. іш қуысындағы ағзалардың консистенциясын
E. іш қуысындағы ағзалардың қозғалғыштығын
125. Ішті қарағанда патологиялық перистальтиканың болуы қай жағдайға сипатты емес:
А. ішектің қатерлі ісігіне
B. асқазан қалытқысының тарылуына
C. ішектің кистасына
D. ішектің стриктурасына
+E. ішектің салдануына
126. Сигма тәрізді ішектің пальпациясын қай жерде жүргізеді?
+А. сол жақ мықын аймағында, l. umbilico-iliacae sinistrae-ның ортаңғы және сыртқы бөліктерінің арасында
B. алдын ала анықталған асқазанның шекарасынан 2-3 см төмен
C.оң жақ мықын аймағында, l. umbilico-iliacae dextrae-ның ортаңғы және сыртқы бөліктерінің арасында
D. іштің оң жақ бүйір аймағында
E. іштің сол жақ бүйір аймағында
127. Көлденең ішекті пальпациялағанда қалыпты жағдайда қандай көрсеткіштер анықталады?
А. беті тегіс, тығыз, ауырмайды, шұрылдамайды, цилиндр тәрізді, диаметрі 1-2 см
+B. цилиндр тәрізді, диаметрі 2-2,5 cм және одан жоғары, төмен қарай саусақтар аутқиды, ауырмайды, шұрылдамайды
C. цилиндр тәрізді, диаметрі 2 см, ауырады, шұрылдайды
D. беті кедір бұдырлы, цилиндр тәрізді, шұрылдайды, ауырмайды
E. төменге қарай алмұрт тәрізді кеңейген, диаметрі 3-4 см, ауырсынбайды, шұрылдайды
128. Ас қорыту жүйесінің патологиясында флюктуация тәсілімен нені анықтайды?
А. метеоризмді
+B. асцитті
C. іш қуысында кистаның бар-жоқтығын
D. пилоростенозды
E.ішектің перистальтикасын
129. Мендель симптомының оң мәнді болуы қай ауруға сипатты?
А. созылмалы гастритке
В. созылмалы энтеритке
С. созылмалы колитке
D. эзофагитке
+E. асқазанның жарасына
Достарыңызбен бөлісу: |