* ЭТЖ жоғарылауы, лейкоцитоз
* Фибриноген деңгейінің жоғарылауы
* + Тропонин деңгейінің жоғарылауы
* СРБ деңгейі жоғарылауы
* Эхо кардиография
153. Науқас М., 63 жаста, периодты сана жоғалуымен аяқ астынан қатты бас айналу ұстамасына шағымданады, 3 жыл бұрын инфекциялық миокардитті басынан өткерген.Соңғы кездерде ұстамалардың жиілеуін байқайды, айына 2-3 ретке дейін. АҚҚ 110/70 мм .рт.ст, ЖСЖ 57 рет минутына. ЭКГ-да PQ интервалы ұзаруы, Самойлов-Венкебахтың тұрақты кезеңдері. Бұл науқасқа ең тиімді ем:
* Кальций антагонисттерін үнемі қабылдау
* Бета-адреноблокаторларды үнемі қабылдау
* Метаболиттік препараттарды тұрақты қабылдау
* + Жасанды ырғақ жүргізушісін имплантациялау
* Аортакоронарлы шунттау жасау
154. 47 жастағы науқаста 2 апта бұрын 4-ші қабатқа тез көтерілгенде,кеуденің төменгі үштен бірінде ауырсыну пайда болды, біраз уақыттан кейін басылды. Мұндай ауырсыну алғаш рет пайда болды. Кейінірек кеуде ауыруы 2-ші қабатқа көтерілгенде,жылдам жүргенде пайда болатын болды. Стенокардия формасын анықтаңыз. Жүргізу тактикасын таңдаңыз:
* ЖИА. Үдемелі стенокардия. Госпитализацияға жолдау
* ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК 2. Антиангинді терапия тағайындау
* Кардиалгия коронарлы ауруларға байланысты болмауы мүмкін. Зерттеу жүргізу
* + ЖИА. Алғаш пайда болған стенокардия. Госпитализацияға жолдау, антиангинальды терапияны тағайындау.
* ЖИА. Принцметал стенокардиясы. Нитраттарды тағайындау.
155. 43 жастағы науқас кеуде аймағындағы ауырсынуына, іш кебуі, іш қату мен диареяға, күніне 4-5 рет жиі сұйық нәжіске, әлсіздіктің, бас айналуы және бастың ауырғанына шағымданады. Бір жылда 5 кг жоғалтты. Қарау кезінде нашар тамақтанатын, терісі құрғақ, тургор төмендеген, көрінетін шырышты қабаттар бозғылт болды. АҚҚ 110 / 70мм сын. бағ., ЖСЖ 64 соққы. 1 минутта. Іштің пальпациясында іштің барлық аймағында ауырсыну, әсіресе кіндіктегі аймақта анықталады. Нәжісі сұйықтау, көпірген, мол. Алдын ала диагнозды қойыңыз:
Достарыңызбен бөлісу: |