47. Құжаттарды өңдеуде автоматтандыру құралдары жəне қолдануы.
Енгізу: Құжатқа мәтінді енгізу немесе суретті , кестелерді және т.б. обьектілерді қою үшін оларды орналастыратын жолға кусорды әкелу қажет. Енгізу курсоры жыпылықтаған вертикаль сызық түрінде болады. Терезеде енгізу курсорының басқа латын әрпін еске түсіретін тыщқан сілтемесі көрінеді.
Терілген мәтін жаңа жолдың оң жақ шетіне жеткенде, Word автоматты түрде келесі жолға өтеді.
Назар аударыңыз, Word-та жаңа жолды бастау немесе бос жолды енгізу қажет болғанда ғана Enter пернес қолданылады.
Қатені жөндеу үшін батырмаларды пайдалануға болады:
Backspace - курсордың сол жағындағы символды жояды.
Delete - курсордың оң жағындағы символды жояды.
Курсорды құжат бойынша жылжыту үшін нұсқама немесе айналдыру жолы бар батырмаларды, немесе қажет жерде тышқанның сол жағын басу арқылы, сол сияқты пайдалануға болады.
Батырмалардың көмегімен мәтін фрагментін ерекшелеу:
- курсордың ерекшелейтін мәтіннің басына орнатыңыз;
- бірдей уақытта Shift және курсорды жылжыту батырмасын (фрагментт бояуға арналған) басыңыз.
Өңдеу: мәтінді редакциялау электронды құжатқа өзгертклер енгізуге, оның белгілі бір бөліктерін өшіріп немесе орнын ауыстыруға, бірнеше құжаттарды бірнеше бөліктерге бөлуге мүмкіндік береді.
Редакциялау дегеніміз - өңдеу, енгізу, өшіру, орнын ауыстыру немес құжаттық мазмұнын түзету.
Форматтау: Мәтінді форматтау - құжатты толығымен немесе оның белгілі бір бөліктерінің сыртқа пішінін де көп нәрсені анықтайды. Соныдқтан құжаттың мазмұнынының тартымды болуымен қоса, оның сыртқы пішініде көркем болуы керек.
Мәтінді форматтау дегеніміз - мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою.
Мәтін бөлігінің параметрлерін өзгертпес бұрын оны айқындап алу керек. Егер мәтін бөлігі айқындалмаса, онда тек келесі енгізілетін мәтінге ғана сол ағымдағы параметрлер қабылданады.
Мәтінді форматтауға мыналар жатады:
әр түрлі қаріптерді пайдалану;
құжат өндірісінің шекараларын өзгерту; сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрісін айқындау;
мәтінд бағандарға бөлу;
сиволдық, абзацтық, беттің сипатын тағайындау.