Энергияға тəуелсіз жад – СMOS технологиясы бойынша жасалған, аналық тақшада орналасқан микросхема. Бұл микросхема аналық тақшада орналасқан шағын батареямен қоректенеді. Компьютер бірнеше жыл іске қосылмаса да батарея зарядын жоғалтпайды. Күнтізбе мен уақытқа арналған жүйелі сағат осы жадта орналасқан.
BIOS - Енгізу- шығарудың базалық жүйесі. MS DOS операциялық жүйесінің қызмет ету функцияларын атқаратын модульдердің бірі, тұрақты есте сақтау құрылғысында орналасқан программа, ЭЕМ іске қосылған сəтте процессордың, жедел жадының жəне басқа құрылғылардың жұмыс істеу қабілеттілігін тест арқылы тексереді, сондай-ақ сыртқы құрылғылар адаптерін басқаруды қамтамасыз етеді.