Электрондық аналогтар болады, егер элементтердің валенттілік электрондары барлық элементтерге қатысты жалпы формуламен сипатталатындай болып орбиталдарға орналасса: мысалы, хлор мен марганец электрондық аналог болмайды, сондықтан бір топшада болмайды, ал кальций мен магний электрондық аналогтар.
Өзін -өзі тексеру сұрақтары:
Атом ядросы 12 протон және 12 нейтроннан тұрады, элементтің атомдық массасын, реттік номерін, валенттік электрондар санын анықтаңдар.
Реттік номері 23 және 35 атомдардың электрондық деңгейлерінің санын анықта.
Бас квант саны 3-ке тең электрондық қабатындағы электрондар саны нешеге тең?
Қосымша квант саны 2,3-ке тең болғандағы деңгейлердегі магнит квант санының неше мәні болады?
3 бірдей квант саны атомдағы екі электронның спин квант санының мәні қандай?
Қосымша квант санының мәні l=0,1,2,3 тең электрондар қалай аталады?
Мыс атомының қозбаған жағдайдағы d-электрондарының қосынды санын көрсету керек.
Неліктен көптеген элементтер атомдық массалары бөлшек мәндерге ие болады?
Жаңа көзқарас бойынша периодтық жүйедегі аргон және кобальт элементтерінің орналасуын қалай түсіндіруге болады?
Қандай элементтер ауыспалы деп аталады?
Гелий, неон, аргон, ксенон сияқты газдардың химиялық инерттілігі қалай түсіндіріледі?
Периодтық жүйедегі орнына байланысты калий, мыс, марганец, бромның қасиеттерін салыстыр.
Хлорлысутек, бромдысутек, иодтысутек қышқылдарының қайсысы күштірек, неліктен?
Достарыңызбен бөлісу: |