1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп


Қосымша - жеке, дара тұрғанда мағынасы жоқ, түбір сөзден кейін қосылып тұрған сөз бөлшектері. Қосымшаның екі түрі бар: жұрнақ



бет54/157
Дата24.01.2022
өлшемі338,47 Kb.
#113750
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   157
Байланысты:
гост казак тили

Қосымша - жеке, дара тұрғанда мағынасы жоқ, түбір сөзден кейін қосылып тұрған сөз бөлшектері. Қосымшаның екі түрі бар: жұрнақ және жалғау. Жұрнақ - сөзден жаңа мағыналы сөз жасайды, не сөз мағынасын өзгертпей- ақ үстеме мағына береді. Ал жалғау сөздерді байланыстырады. Жұрнақтар түбір сөзге жалғаулардан бұрын жалғанады. Жалғау— сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаудың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік (к.). Жалғаулар бірінен соң бірі жалғана береді. Мұндай жағдайда көбінесе алдымен көптік, онан соң тәуелдік, сөз соңында септік жалғаулары жалғанады, жіктік жалғауы да сөз соңында жалғанады: оқушы-лар-ымыз-ға, бала-мыз, келе-сіз.

 

2. Жазуға үйрету әдістері.Жазуға қойылатын талаптар. Сауатты жазуға



үйрету мәселелері.

Бастауыш сыныпта оқушыларды сауатты жазуға үйрету мұғалімнің басты міндеті.Оқушылардың таза көркем жазуын қалыптастыру жазудың әдемі болуы оқушының мінез-құлқын тәрбиелеуге , әсемдік сезімін оятуға, ой-өрісін дамытуға мейілінше әсер етеді. Таза, әдемі жазылған жазба жұмыстары оңай әрі тез оқуға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар сырттай қарағанда да сүйсіндіреді. Көркем жазу оқушыны ұқыптылыққа, тыңғылықтылыққа, еңбек сүйгіштікке баулып,адамгершілік, эстетикалық тәрбие алуға құлшындырады.Әсем каллиграфия оқушының орфографиялық қателер жібермей жазуын қамтамасыз етудің сенімді құралы.Көркем жазудың негізі бастауыш сыныпта қалыптасады.Көркем жазуды бастаудан бұрын сыныппен дайындық жұмысын жүргізу керек.Оқушыларды жазу кезінде дұрыс отыруға,дәптерді көлбеу қойып жазуға,қаламды дұрыс ұстауға дағдыландыру қажет. Бұл талаптарды орындау мектепке жаңа келген оқушылар үшін оңайға түспейді.Әсіресе мектепке алғаш келген оқушылар дұрыс отыру ережесін орындауға бірден төселіп кете алмайды. Баланың еркін қозғалып,жиі қимыл жасап отыруы табиғи қажеттілік екені белгілі. Сондықтан мұғалім жазу барысында біршама уақыт өткен соң, сергіту сәттерін өткізіп тұруы тиіс. Оқушыларды жазуға үйретуде жеке әріптерді дұрыс жазуға және оларды өзара дұрыс қосып жаза білуге, әрбір әріптің элементтерін дұрыс жазуға үйрету арқылы оқушыларды жазу жұмысына өте мұқият қарауға дағдыландыру керек. Сауат ашудың алғашқы кезеңдерінде екі-үш сөзден құралған сөйлемді көшіртіп жаздыру жеткілікті. Бұл кезеңде оқушыларды есту арқылы жазуға төселдірудің маңызы ерекше.Егер оқушыларды біркелкі көшіріп жазуға ғана дағдыландырып, есту арқылы жазуға үйретпесек олардың дыбыстарды есту қабілетін дамыта алмаймыз.Сондықтан әліппе кезеңінде диктанттардың бірнеше түрлерін орындатып, әріп диктантын, буын диктантын,сөз диктантын алып отыру өте маңызды. Сауат ашу кезеңінде жазудың негізі мен сауатты жазудың негізі қаланады.

1.Жазуға үйрету, партаға отыру, қаламды, дәптерді дұрыс қою ережелерін сақтаудан басталады.Жазу кезінде жарық баланың сол жағынан түсу керек.

2.Жазу дәптерде әліппеге дейінгі кезеңде баланың саусақ бұлшық еттерін жазуға икемдеп, дайындау үшін тапсырмалар берілген, сол үлгі бойынша жұмыс жүргізіледі.

3.Жазу дәптермен толық танысқаннан кейін оны партаның, үстелдің үстіне 30 градус бұрыш жасайтындай жағдайда орналастыруға ерекше көңіл бөлу.

4.Әрбір әріптің баспа және жазба түрі салыстырмалы түрде көрсетіліп отырады.

5. Жазу кезінде қалай отыру, қаламды қалай ұстау керектігі үнемі ескертіліп, отырған жағдайда ғана баланың жазуы жақсы,әдемі болады.

Екінші сыныпта көркем жазу одан әрі жетілдіріле түседі. Оқушылардың бірінші сыныпта жазуға қалыптасқан әрекеттері, бұл сыныпта дамытылып, ары қарай әдемі жазуға үйрене түседі. Екінші сыныпта жүргізілетін көркем жазу сабақтарының негізгі мақсаты жазу қарқынын жеделдету, біркелкі ырғақпен жазуға үйрену.Бұл сыныпта біркелкі ырғақпен жазу мен тез жазуға арналған жаттығуларды орындауға баса назар аударылады.

Үшінші сыныпта оқушылардың жазу дағдысы одан әрі жетілдіріледі. Әріптерді әдемі, тез жазуға арналған жаттығулар жүргізіледі. Әр сабақта көркем жазуды қадағалап отырған жөн. Сынып жоғарлаған сайын кейбір оқушылар әріп элементтерін бұзып ,қате жазады. Мұндай оқушыларға үнемі ескерту жасап , қадағалап отыру керек. Сонда ғана білімді , сауатты оқушылар қатары көбейеді.


3.Синтаксистік талдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет