1. Мезгіл пысықтауыш. (Обстоятельство времени)
2. Мекен пысықтауыш. (Обстоятельство места)
3. Амал (қимыл-сын) пысықтауыш. (Обстоятельство образа действия)
4. Себеп-салдар пысықтауыш. (Обстоятельство причины,следствия)
5. Мақсат пысықтауыш. (Обстоятельство цели)
Мысалы: 1. Түске таман (қашан?) ол да келіп қалды. – мезгіл пысықтауыш (времени)
2. Ол үйге қарай (қалай қарай?) кетті. – мекен пысықтауыш (места)
3. Володя қазақша (қалайша?) сөйледі. – амал пысықтауыш (образа дейчтвия)
4. Мен сені сағынып (не себепті?) келдім. – себеп пысықтауыш (причины)
5. Әсем дүкенге кітап алғалы (не мақсатпен?) келді. – мақсат пысықтауыш (цели)
2.Қазақ тілі сабақтарындағы пәнаралық байланыс.
Соңғы жылдары мектептегі оқу процесінде негізгі оқу пәндерін бір-бірімен ұштастыра жүргізу, жекелеген пәндерден оқушыларға қажетті білімді біртұтас, табиғи-ғылыми бірлікте беру жағына көңіл аударыла бастады.Оның себебі әрбір пәннен бағдарлама бөлек ,өз алдына жасалады да, пәндер бір-бірімен ұштастырылмай, жеке-жеке жүргізіледі . Ал оларды қабылдайтын оқушы өздігінен әрбір пәннің арасындағы байланысты ,оларға ортақ заңдылық пен ұқсастықты жинақтай алмайды,тұтас ұғым,пікір,тіпті,ой қортындысын да шығара алмайды.Сондықтан, мектепте оқу пәндері арасындағы байланыстарды саралап анықтау,оларды бір-біріне ұштастыра жүргізе білуге үйрену мәселесі яғни пәнаралық байланыс проблемасы туып отыр. Пәнаралық байланыстың классикалық педагогикадағы қалыптасқан идеясының өзіндік даму тарихы бар.
ХҮІ – ғасырдан бастап батыстың ұлы педагогтері Я. А. Коменский (1592 - 1670), Л. Локк (1632 - 1704), Ф. И. Гербат (1776 - 1841), Ж. Ж. Руссо (1712 – 1778), И. Г. Песталоцци (1746 – 1827) өздері өмір сүрген замандардан бері педагогика ғылымының күрделі мәселесі ретінде пәнаралық байланысқа баса назар аударған.
Қазақ тілін оқыту әдістемісінің тарихи дамуында есімі алғаш аталатын тұңғыш ағартушы Ы.Алтынсарин пәнаралық байланыс жайында арнайы пікір айтпағанмен,қазақ балаларына орыс алфавитін танытып,орыс тілі мен қазақ тілін және оларды басқа пәндермен байланыстыруды оқыту әдісінің негізгі құралы ретінде пайдалануға болатынын сөз еткен.
В.Құлмағанбетованың басшылығымен шыққан «Қазақ тілін оқыту методикасын»оқулығында: «Лексика бөлімі материалының бірсыпырасы тарих сабағымен жақсы байланысады.Мысалы,сөз байлығының молаю жолдары, сөздердің көнеру һі мен неологизмдердің пайда болуы,басқа тілден сөз ену тарихи өзгерістерге ,халық тұрмысының дамуына,басқа халықпен техникалық , экономикалық , саяси, мәдени қарым-қатынасына байланысты туатын құбылыс болғандықтан, тарих, кейде география сабақтарымен ұштастырылғаны жөн»
Р.Құтқожина әдебиетті қазақ тілімен байланыстырады оқудың тиімділігі туралы өзінің педагогикалық іс-тәжірибелермен таныстырады.
Пәнаралық байланыс қазақ тілін оқытуға арналған арнайы мектеп бағдарламаларында тек кейінгі жылдары ғана қолға алына бастады:
Пәнаралық байланыс мәселесінің қазақ тіліне байланысты зерттелуі бір жүйеде арнайы қарастырылмаған.
Мектеп мұғалімдері пәнаралық байланысты өз тәжірибелеріне сүйеніп қана жүргізеді, аталған мәселе бойынша озат мұғалімдердің іс-тәжірибелері уағыздалып, кең дәрежеде таратылмаған.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың жолдары мынандай:
• Әрбір жеке пәнді оқытқана басқа пәндерді оқыту ісіне өз ықпалын тигізетіндей болуын көздеу;
• Түрлі пәндерді оқып үйренуде – өтілетін материалдарды уақыт жағынан үйлестіріп отыру.
• Окушылардың ғылыми теориялар мен заңдылықтарды игеруің, олардың жинақтылығымен әдістерімен, дағдыларымен сабақтастыра қалыптсатыру.
• Жалпы теориялыьқ білім алуды және практикалық іскерліктер мен дағдыларды бірыңғай әдіспен жүзеге асыру.
«Қазақ тілі» пәні төмендегі оқу пәндерімен тығыз байланыста оқытылады:
1) «Қазақ әдебиетімен»: қазақ тілі қазақ әдебиетімен тығыз байланысты;
тіл – әдебиеттің бірінші элементі; қазақ тілін оқытып-үйретуде кез келген көркем туынды; әдеби шығарма тіл үшін құнды материал болып саналады, көркем шығармаларды оқу барысында стиль түрлерінің авторлық қолданысын ажырата білу, әдеби шығармалар арқылы оқушының көңіл күйін, сезімін ояту, көркемдік тәрбие беру, әдеби шығармаларды талдау арқылы сөз мәдениетіне үйрету көзделеді;
2) «Қазақстан тарихымен»: Қазақстан тарихы пәнімен байланыстырып оқыту оқушының тілді ұлттық құндылық ретінде тануына мүмкіндік береді; тілді тарихпен байланыстыра оқыту ұлттық дүниетанымға негізделген білім қорын тілдік деректер арқылы дәйектеуге мүмкіндік береді; қазақ тілінің пайда болуы, дамып жетілуі оның тарихымен тығыз байланыста болғандықтан, оқушылар тарихи деректерді пайдаланып, өзіндік ой-тұжырымдар жасай біледі;
3) Жаратылыстану циклі пәндерімен: тілдік материалдардың мазмұны жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болады; биологиямен байланыстыру тілді жанды құбылыс ретінде тануға мүмкіндік береді; басқа пәндермен сабақтастыра оқыту қазақ тілінің терминдер жүйесімен тығыз байланысты; тіл дыбыстары физикалық құбылыс ретінде танылады;
- дыбыстау мүшелерінің қатысы тұрғысынан физиологиямен, компьютермен, қазіргі радио, теледидар тілімен де байланысты;
- танымдық бағытта берілетін материалдар жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болғандықтан, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады.
Орыс және шетел тілімен байланыстылығы, алдымен, грамматиканы оқытудан байқалады: ана тілі мен орыс және шетел тілдерінде кездесетін ортақ грамматикалық ерекшеліктерді, ережелерді байқауға мүмкіндік туады. Ана тілі грамматикасы орыс және шет ел тілдерінің сәйкес, ұқсас грамматикалық заңдарын игеруге септігін тигізеді. Екі тілдің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты салыстырып ұғуға мүмкіндік береді. Орыс және шетел тілдерін оқу тіліміздегі басқа тілден енген сөздердің түп-төркінін білуге жәрдемдеседі.
Мектеп бағдарламасында, қазақ тілі оқулықтарында пәнаралық байланыс жеткілікті жолға қойылмаған. Мектеп мұғалімдерінің іс -тәжірибесінде пәнаралық байланысқа жеткілікті дәрежеде мән берілмейді. Күнтізбелік, күнделікті сабақ жоспарларында пәнаралық байланыс мәселесән басшылыққа алуда нақтылық жоқ,үстірт қарастырылады. Қазақ тілін әдебиет, тарих, математика, биология, география, бейнелеу өнері, шет тілі, орыс тілі, ән сабақтарымен байланыстырудың мүмкіндіктері мол бола тұра, мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінде қазақ тілін тек әдебиетпен ғана байланыстыру болып келеді.
3. Морфологиялық талдау
Достарыңызбен бөлісу: |