1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп



бет33/157
Дата24.01.2022
өлшемі338,47 Kb.
#113750
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   157
Байланысты:
гост казак тили

Баянды-полисемия

Тура мағынада берілген

Антоним: баянды-баянсыз

Тұрақты тіркесте берілмейді.



7 билет

Лексиканың мынадай салалары бар:

Лексикология

тілдің лексикасын (сөздік қор, сөздік құрам) және оның тарихи дамуының заңдылықтарын, қызметін зерттейтін сала.

Семасиология

тілдегі сөздерге тән мағыналарды зерттейтін сала.

Этимология

жеке сөздердің, морфемалардың шығу тегін, бастапқы мағынасын, ол мағынаның өзгеру, даму жайын зерттейтін сала.

Фразеология

тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін сала.

Диалектология

диалектілер, говорлар, жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттейтін сала.

Топонимика

жер, су, қала, ауыл, елді мекен аттарын зерттейтін сала.

Антропонимика

кісінің фамилиясын, әкесінің атын, кісінің шын аты мен лақап атын, бүркеншік аттарын (псевдоним) қарастыратын сала.

Лексикография

сөздіктер жасау және оларды зерттеу жөніндегі үлкен бір сала.

Сондай-ақ лексиканың ономасиология, этнонимика, астронимика сияқты салалары бар.



1. Сөздік құрам, лексика - белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы. Сөздік құрам ұлттың өзіне тән кәсібі мен қоғамдық, әлеуметтік тіршілігін тұтас сипаттайды. Ұлттың рухани және материалдық мәдениеті неғұрлым бай болса, оны жеткізіп, суреттейтін сөздер де соншалықты көп әрі күрделі болады. Негізінде ұлт тіліндегі барлық сөздер реестрге тіркеліп, түсіндірме сөздікке енеді. Мысалы, 20 ғасырдың соңғы ширегінде жарық көрген 10 томдық Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне 70 мыңға жуық лексикалық және фразеологиялық бірліктер енген. Бірақ мұнда қазақ тіліндегі барлық сөздер қамтылмаған. Сөздік құрамыға жалпыхалықтық лексикамен қатар кірме сөздер, терминдер, кәсіби сөздер, диалектілер, жаргондар, әдеби және ауызекі тіл лексикасы, т. б. енеді. Сөздік құрамыда күнделікті жиі (актив) қолданылатын, сол тілде сөйлеушілерге түсінікті болып келетін ортақ сөздер, сондай-ақ сирек (пассив) қолданыстағы, барлығына бірдей түсінікті емес терминдер, көнерген сөздер, диалектілер, жаңа сөздер бар. Осы тұрғыдан Сөздік құрамдағы сөздер жалпыхалықтық (негізгі сөздік қорға енетіндер) және жалпыхалықтық емес (пассив қолданыстағы) лексика болып екіге бөлінеді. Тілдің сөздік құрамының ең басты әрі тұрақты бөлшегі - негізгі сөздік қор. Сөздік құрам негізгі сөздік қорға қарағанда өзгергіш келеді, тілдің тарихи даму кезеңінде өзгеріп отырады. Сөздік құрамыдағы бірліктер ұдайы өзгеріске ұшырап, қоғамдағы түрлі әлеум. жағдайларға байланысты кей сөздер қолданыстан шығып отырған. Мысалы, комсомол, пионер, Ильич шамы, т. б. Керісінше архаизмдердің қайта қолданысқа енуі де кездеседі: әкім, мырза, ханым, т. б. Қоғамның дамуы мен ғылыми-техникалық өзгерістерге байланысты сөздік құрамы үнемі толығып, дамып, жаңарып отырады.

2. Оқудың түрлері екіге бөлінеді: дауыстап оқу, іштен оқу.

Дауыстап оқу көбінесе 1-2 сынып оқушыларына тән болады. Бірақ, бірінші сыныпта іштен оқытуға болмайды деген ұғым тумасқа тиіс. Іштен оқу 1-сыныптан-ақ басталады. Содан былай қарай, оқудың бұл көрсетілген екі түрінің екеуі де бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Балалардың дауыстап оқуы арқылы алынған дағдылары іштен оқуға тасымалдана береді (2-3 сыныптан бастап оқылған материалдар іштен оқуға беріледі), 3-сыныпта жаңа материалдар дайындық жұмыстарынан кейін іштен оқуға тапсырылады. Мұнде мәтіннің мазмұнын оқушылардың түсінуін қамтамасыз ететін түрлі тапсырмалар беріледі: текске сурет ойластыру, тақырып табу, бөлімдерге бөлу т.б. 3-4 сыныптарда іштен оқылған текстерге балалардың түсінген түсінбегендері түрлі сұраулар қойып, жауап алу арқылы немесе текстің мазмұнын айтқызу арқылы, текстеп кейбір сөздерді тапқызу арқылы т.б. с.с. тексеріледі. Оқудың бұл түрлерінің екеуінде де дұрыс оқу, шапшаң оқу және түсініп оқу талаптары орындалуға тиіс. Дауыстап оқуға бұларға қосымша мәнерлеп оқу талабы қойылады. Бұл талаптар бір-бірімен тығыз байланыста іске асады. Өйткені түсінбей, мәнерлеп оқи алмайды, ал дұрыс оқымаса, түсінбейді.

Дұрыс оқудың негіздері алғашқы оқу-жазуға уйрету кезінде-ақ қалана бастайды. Осы кезде мұғалім әрбір жеке сөзді балаларға жеке әріптеп оқытпай, буындап оқуға жаттықтырғаны жөн, бірақ мұнда балалрды сөздің сыртқы түрін ғана меңгеріп, мағынасын жаңылыс ұғынудан немесе тіпті түсінбей оқудан сақтандыру керек. Егер бала буындапоқығанда қателессе, дереу түзетіп, оған қиын тиген сөздерге талдау жасап отырудың дұрыс оқуға дағдылану үшін пайдасы зор. Бастауыш сынып оқушыларының оқу сабақтарында жіберетін қателерін топтап көрсетсек, төмендегідей:

1. Әріп, буын немесе сөз қалдырып кетіп оқушылық.

2. Кейбір буындарды, сөздердіекі рет қайталап, ежелеп оқитындар.

3. Тілі келмегендіктен немесе әдеттеніп кеткендіктен бір әріпті екінші

әріппен алмастырып отырады.

Мұндай кемшіліктерді мұғалім алдын ала есепке алып, түзету

жолдарын ойластырады.

1. Оқушыны кітап оқуға жаттықтырып, дағдыландырады. Мұндай

жаттықтыру жұмысының түрлері әр қилы. Бірде оқулықтың өзінен әр оқушыға арнаулы тапсырмалар береді; екінші бір жағдайда карточкалар жасап, соларды әрқайсысына оқытып дағдыландырады, т.б.

2. Осындай жұмыстарды орындау үйге де тапсырылады.

3. Қате оқыған сөздерді буынға бөліп оқытады немесе тақтаға

буындап жазып көрсетіп, дұрыс оқуды талап етеді, ол сөзге таладу жасайды, кеспе әліппеден құрастырады т.б.

4. Қате оқыған сөздерді қайта оқыттырады.

5. Қате оқыған дерін сыныпта тыңдап отырған оқушыларға

түзеттіреді.

6. Жаңылтпаштар айтқызып жаттықтырады.

7. Указканы қолданады. Бұл зейіндері тұрақсыз немесе көздері нашар

көретін оқушылар үшін пайдалы және оқып отырған сөздерінің кітап бетінің қай жерінде екеніне бағыт береді, сөзді дұрыс оқуға көмектеседі.

8. Орфоэпия заңын басшылыққа алып отырады.

Баланың табиғат сыйға тартқан барлық интеллектуалдық қабілеттері ана тілін меңгерудің, онда да мектепке дейінгі кезде меңгерудің арқасында пайда болады және дамиды. Балаларды ана тіліне оқытуда кәсіби шеберлікті меңгеру үшін болашақ тәрбиешіге методика теориясын, ұғыну және ғылымға белгілі әдістерді меңгеру, яғни осы әдістерді жүзеге асыратын оқытудың аса маңызды тәсілдерін орындауға жаттығу қажет.

Тілді дер кезінде және сапалы меңгеру балада дұрыс психиканың қалыптасуының және оның кейін жақсы дамуының алғашқы аса маңызды шарты болып табылады. Дер кезі дегеніміз бала дүниеге келген алғашқы күннен бастау, сапалы дегеніміз тілдік материал көлемінің жеткілікті болуы және баланың әрбір жас кезеңіне қарай тілді меңгеруге деген мүмкіндіктерін толық пайдалану.

Мәнерлеп оқу дегеніміз – оқып тұрған шығармаға көзқарасыңды интонация арқылы білдіру, оқылған мазмұнды оның эмоционалдық ықпалы жағынан бағалау болып табылады. Сондықтан тәрбиешінің мәнерлеп оқуы – бұл бір жағынан, оқылған көркем шығарманың бар әсерін балаларға түгел жеткізу әдісі болса, екінші жағынан – балалардың сезімдерін жетілдіру мен дамыту әдісі.

Көркем сөз оку өнері сөйлеу техникасын әбден меңгеруді талап етеді. Сөйлеу техникасы сөйлеу мүшелерінің қызметімен тығыз байланысты. Сөйлеу техникасына жақсы жаттықпаған, дағдыланбаған адам көркем шығарма тексін тыңдаушыларына ауызша мәнеріне, мақамына келтіріп жеткізе алмақ емес. Сөйлеу техникасын игеру тәсілі музыкалық аспаптарды күйіне келтіру сияқты. Егер аспап куйіне келмесе, орындалатын шығарманың әуезділік сапасы төмендейді, тыңдаушылардың құлағына жағымсыз тиеді. Демек, тексті оқыр алдында сөйлеу техникасына біршама көңіл бөліп, дайындық жұмысын жүргізу қажет.

Сөйлеу техникасына: тыныс алу. (ауаны ішке жұту, сыртқа шығару), дауыс, дикция (үн реңкі) жатады.

Мәнерлі сөйлей білу мен оқи білу деңгейіне кетерілу үшін, тілдің дыбыс шығаратын мүшелерін кеп жаттыктыру, сөйлеу техникасын жақсы біліп, игеру міндеті қойылады. Бұл мәселеге ,қазақ тілінің фонетикасын өткенде, дыбыстардың шығу, жасалу орнына айрықша көңіл бөлінеді. Сөйлеу мүшелері және оның дыбыс жасаудағы қызметі баса айтылады.

Мектеп жасына дейінгі балдырғандардың дыбыстау мәдениетін тәрбиелеу женінде арнайы оқу құралы қазақ тілінде жоқ, сондықтан қазақ тілі дыбыстарыңың жасалу жолдарын жоғары оқу орнына арналған оқулықтан қараңыздар.

Тексті мәнерлеп окушы, әңгімелеуші сөйлеу техникасына ұдайы, үздіксіз жаттығып, дағдылануы тиіс. Сонда ғана дикциясын жетілдіреді, сөйлегенде дұрыс тыныс алуға әбден машықтанады, әдеби тілдің дұрыс дыбысталуына төселеді.

Сөйлеу аппаратының мүкіссіз болуы мәнерлеп оқу мен оның техникалық жағының дұрыс ұйымдастырылуының негізгі шарты болмақшы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет