Нақыл сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп беріңіз!
Ар-ождан алдындағы адалдық – өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе
байланысты (әл-Фараби).
Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтырлы ұғымдарды
орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды (әл-Фараби).
Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері –
зор, тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында
болуы шарт. Жәй ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда
болмасқа керек (әл-Фараби).
Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-
құлыққа байланысты (әл-Фараби).
Ақыл-парасат – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің
қыр-сырын ұғуына, жақсы қылық пен жаман қылықтың ара жігін
ашуына көмектесетін күш (әл-Фараби).
Егер ұзақ өмір сүргің келсе ... онда ұнтақталған грек жаңғағы аралас
балды үзбей жей бер (ибн-Сина).
Поэтикалық шығармалардың қай-қайсысы да бір нәрсені қиялмен
жақсы бейнелеп шығуға ғана арналады (әл-Фараби).
Өнердің теориясын меңгеру – дегеніміз өнерге қатысты мәселелерді
ақыл арқылы ұғыну және талғам қабілетін игеру (әл-Фараби).
Бақыт, қуаныш және ләззат сезімдері асқан сұлу, ең әсем және аса
көркем дүниелерді қолмен ұстағандай айқын және кемел дүниелер
ретінде танып-білу арқылы ғана пайда болып, толық болмысқа ие
болады (әл-Фараби).
Қолыңда жоққа қам жеме, барыңнан босан, бауырым (Омар Хайям).
Достарыңызбен бөлісу: |