ХАКІМ
— білімдар хұкімші, араб фәлсафалық дәстүрінде діннен тыс ой
әрекетіндегі философтың баламасы.
ХАОС
(гр. – көне грек әлемінің алғашқы бейформалы күйі) — көне грек
мифологиясында бастапқы шексіз тұңғиықты білдірген ұғым. Хаос – дүние
жаратылыстан бұрын болған бұлдыр тұман, түпсіз-тұңғиық, болмыстың ығы-
жығы, ретсіз, бей-берекет араласып жатуы дегенді ұғындырады. Кейіннен
сол астан-кестен, ұйқы-тұйқы ретсіздіктен болмыс формалары бөлініп
шықты деп түсіндіріледі.
ХАОСОГЕНДІК
— хаос тудырушылық, күй-жағдай емес, процесс туралы,
болмыс туралы емес, қалыптасу туралы ілім.
ХАОСОМДЫҚ
— хаос жасампаз, өйткені жүйенің дамуы мен өзіндік
ұйымдасуы хаостылық пен тұрақсыздық арқылы жүзеге асады.
ХАРИЗМА
(грек. – шапағат, рақым, құдайы сый) — белгілі тұлғаны немесе
құбылысты ерекше қасиетке теліп, оған әулие ретінде табыну.
393
Хризматикалық көсем деп өте мықты беделге, ақылгөйлікке ие, шексіз
тартымды, батыр адамдарды атайды.
ХАСИДИЗМ
(көне евр. – тақуа, дін тәртібін берік ұстанушы, таза пиғылды
жан) — ХVІІІғ. 30ж. Украинаның кедей еврейлерінің арасында пайда болған
иудаизмнің мистикалық бағыты.
Достарыңызбен бөлісу: |