1 Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері. «Қазақстан тарихы»


Әбілхайыр хан­дығы (1428–1468 жж.)



бет4/16
Дата04.11.2016
өлшемі2,92 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Әбілхайыр хан­дығы (1428–1468 жж.)

XIV ғасыр­да Ор­да-Ежен мен Шай­ба­ни ұрпақта­ры иелігіндегі ұлыс­тар мен ру-тай­па­лар Ақ Ор­да мем­ле­кетінің құра­мын­да бол­ды. Мұнда Ор­да-Ежен мен Тоқа Темір әулетінен шыққан хан­дар билік жүргізді. Осыған қара­мас­тан Шай­ба­ни ұрпақта­ры өз иелігіндегі билігін сақтап қал­ды. Ал XV ғасыр­дың 20- жыл­да­рының аяғына қарай Шыңғыс ұрпақта­ры мен көшпелі түрік шон­жарла­рының қиян-кескі күресінің нәти­жесінде билік Ор­да-Ежен мен Тоқа-Темір мұра­гер­лерінен Шай­бан ұрпақта­рына ауыса­ды. Оған Ақ Ор­да­ның әлсіреуі мен құлды­ра­уы, оның соңғы ха­ны Ба­рақтың 1428 жы­лы қаза та­буы се­бепші бол­ды. Бұл кез­де Ақ Ор­да­ның жерінде бір-біріне тәуелсіз екі са­яси бірлестік нығай­ды. Олар­дың біріншісі – Жайықтан және оның ба­тысы­на қарай Еділге дейінгі жер­лерді қам­тыған Ноғай Ор­да­сы. Ал Жайықтың шығыс жағын­да Ырғыз, Елек, Торғай, Са­рысу бойын­да, То­был мен Есілдің жоғарғы ағыс­та­рына Шай­ба­ни ұрпақта­ры иеліктерін жүргізді. Олар: Арал­дан солтүстікке қарай Шай­ба­ни әулеті Жұма­дық хан­ның ұлы­сы, Шай­ба­ни әулетінің екінші бір тұқымы Мұста­фа хан Ат­ба­сар­да, үшінші бір тұқымы Махмұд Қожа То­был­да. Маңғыт Ке­пек би мен Ада­бек Бүркіт Ба­тыс Сібірдегі Ту­ра өңірінде билік ет­кен. Жаз­ба та­рихи де­реке­тер­де бұл фе­одал­дық иеліктер Көшпелі өзбек­тер хан­дығы деп те аталған. Бұл ұлыс­тардың ара­сын­да жер үшін, билік үшін ешбір тоқта­усыз, қиян-кескі ұрыс­тар үнемі бо­лып тұрған. Осы та­лас-тар­тыстың ба­рысын­да Жо­шының Шай­бан ұрпағынан та­раған Дәулет-Шай­хоғылы­ның ба­ласы 17 жа­сар Әбілхайыр жеңіске жетті. Ол 1428 жы­лы Ба­тыс Сібірде Ту­ра (Тю­мень) қала­сын­да хан бо­лып жа­ри­ялан­ды. Оны Шай­ба­ни ұлы­сына кірген ру­лар мен тай­па­лар­дың 200-ге жуық ірі өкілдері қол­даған.

Халқының құра­мына Ақ Ор­даға кірген түрік және түріктен­ген түрік-моңғол тай­па­лары жат­ты. Олар­дың бас­ты­лары: қып­шақ, най­ман, қият, маңғыт, қарлұқ, қоңырат, қаңлы, ұйылын, шын­бай, күрлеуіт және тағы басқала­ры. Бұл тай­па­лар тілі, ша­ру­ашы­лығы, мәде­ни­еті және тұрмы­сы жағынан ту­ыс­тас тай­па­лар. Сон­дықтан олар «өзбек» де­ген ат­пен са­яси жағынан бірге аталған. Оның иелігі Ноғай Ор­да­сының шығыс бетін, ба­тыс­та – Жайыққа, шығыс­та – Балқашқа дейінгі, оңтүстікте – Арал теңізі мен Сыр­да­ри­яның төменгі ағысы­на, солтүстікте – То­был мен Ертістің ор­та ағысы­на дейінгі жер­лерді қам­ты­ды.

Әбілхайыр басқарған 40 жыл­дай уақыт ішінде (1428–1468 жж.) елдің са­яси жағдайын­да тұрақты­лық пен ты­ныш­тық бол­ма­ды. Жо­шы әулеті – оның ішінде Ибак-хан, Бе­реке-сұлтан, Ұрыс хан­ның ұрпақта­ры Жәнібек пен Ке­рей тағы басқала­ры – Әбілхайырға үнемі қар­сы шығып отыр­ды. Әбілхайыр хан өзінің жа­улаушы­лық әре­кетін XV ғасыр­дың 30-шы жыл­да­рынан бас­тай­ды. Ең әуелі ол То­был бойын­да Шай­бан ұрпағы Махмұд Қожа хан­ды талқан­дай­ды. Ол Ал­тын Ор­да­ның әлсіреуін пай­да­ланып, Еділ бойын­дағы көпте­ген жер­лерді ба­сып ала­ды. Өзінің ор­та­лығын Ту­радан Ор­да-Ба­зарға көшіреді. 1430 жы­лы аз уақыт Хо­резмді ба­сып алып, Үргеніш қала­сын то­най­ды. 1446 жы­лы Әбілхайыр өзіне қар­сы бо­лып жүрген күшті шон­жарлар­дың бірі – Мұста­фа хан­ның әскер­лерін талқан­дай­ды. Сол жы­лы Әбілхайыр хан Сыр­да­рия өзені мен Қара­тау ба­урайын­дағы Со­зақ, Сығанақ, Аққорған, Үзкент қала­ларын ба­сып алып, Сығанақты өз хан­дығының ас­та­насы­на ай­нал­дырды.

Әбілхайыр­дың Сыр бойын­дағы қала­лар­ды ба­сып алуы ағайын­дас Шай­ба­ни ұлы­сы мен Ақ Ор­да ұлы­сы ру-тай­па­лары­ның ара­сын­дағы қырғи-қабақ қаты­нас­тарды одан әрі ши­еленістіре түсті. XV ғасыр­дың 50-ші жыл­да­ры Әбілхайыр Мәуере­нахр­дағы Темір ұрпақта­рының ішкі тар­ты­сына ара­ласып, Са­марқанд пен Бұха­раға та­лау-то­нау жо­рықта­рын жүргізді. Соғыс­тар ба­рысын­да Әбілхайыр қан­ша жер­лерді қосып алғаны­мен, хан­дық ішінде са­яси берік бірлік бол­ма­ды, әле­уметтік-эко­номи­калық қай­шы­лықтар күшейді. Ірі фе­одал­дық топ­тар, ру ба­сыла­ры, сұлтан­дар оны қол­да­мады, қар­сы шығып отыр­ды. Әбілхайыр мем­ле­кетінің ішкі әлсіздігі, Шыңғыс әулеті ара­сын­дағы тоқта­усыз қырқыс­тар, көшпелі ру­лар мен тай­па­лар сұлтан­да­рының өз ал­ды­на бөліну­ге ұмты­луы 1456–1457 жыл­дардағы Әбілхайыр­дың Үз-Темір-Тай­шы басқарған ой­рат­тармен Сығанақ маңын­дағы шайқас­та күй­ре­те жеңілуіне алып келді. Ол Түркістан­дағы та­лан-та­ражға түскен қала­ларын тас­тап, Дешті-Қып­шақ да­ласы­на ке­туге мәжбүр бол­ды. Тек 60-жыл­дардың ба­сын­да ғана Әбілхайыр Сыр­да­рия бойын­дағы бұрын өзі жа­улап алған қала­лары­на қай­та орал­ды. Осы жер­ден Әбілхайыр 1468 жы­лы Моғолс­танға қар­сы жо­рыққа кетіп ба­ра жатқан­да ке­нет­тен қай­тыс бол­ды.

Ішкі және сыртқы қай­шы­лықтар­дың ши­еленісуі, бітпейтін фе­одал­дық соғыс­тар мем­ле­кеттің шаңырағын шайқал­тып, Әбілхайыр хан­дығының ыды­рап та­ра­уына ұрын­дырды. Сөйтіп Шай­бан әулетінің Шығыс Дешті Қып­шақтағы билігі тоқта­ды. Көшпелі өзбек тай­па­лары­ның бір бөлігі XVI ғасыр­дың бас кезінде Мәуере­нахрға көшіп кетті. Қазақстан жерінде қалып қойған ру-тай­па­лар қазақ хан­да­рының қол ас­ты­на кірді. Темір ұрпақта­ры өкіметінің әлсіре­генін пай­да­ланып, Шай­ба­нилер Ор­та Ази­ядағы өкімет билігін ба­сып ал­ды.



Ноғай ордасы

Алтын орданың ыдырауы кезінде пайда болған мемлекеттің бірі-Ноғай ордасы. Ол 14- 15 ғасырларда Батыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты.Бұл мемлекеттің атауы Алтын Орданың беклербегі,әскерінің қолбасшысы,Жошы ханның немересі,(1260-1306) Ноғай есімімен байланысты. Берке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың бақылауында болды. Оның құрамвндағы рулар Касспий маңына қоныс аударып,Ноғай елі атанды. Ноғай ордасының негізін салушы-Әмір Едіге (1395-1419).Ол 15 жылдай Алтын Орданы билеп (1396-1411),ұлы әмір атанған».Шыңғыс әулетінен хан сайлау Едігенің қолында болған,Ноғай Ордасы Алтын Ордадан Едігенің кезінде бөлектене бастады.Бұл процесс Едігенің ұлы Нұраддин (1426-1440) тұсында аяқталып,Ноғай ордасы Алтын Ордадан 15 ғ.ортасында бөлініп,дербес мемлекет болды.Аумағы: Еділ-Жайық арасы. Астанасы- Жайық өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болды.Халқы- маңғыт,қыпшақ,қоңырат,арғын,қарлұқ,алшын,тама және т.б сияқты түрік тайпалары.Ноғай ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды,оған енген тайпалар 15ғ.аяғында қалыптасқан ноғай халқының негізін құрады. Ноғай Ордасында ұлыстық басқару жүйесі қадыптасып,бір орталыққа бағынған өкімет болды.Орда билеушісі-хан.Ұлыс басында мырзалар тұрған,олар өз иеліктерінде шексіз билік жүргізіп,ұлыстың ең шұрайлы жайылымдары мен өрістерін иемденген.Ұлыстың қатардағы көшпелі малшылары мырзалармен бірге көшіп-қонып,алым-салық төлеп отыруға,соғыс жорықтарына қатысға міндетті болған.Орданы Едіге ұрпақтары басқарды.Мұрагерлік жолмен берілетін әкімшілік,әскери,елшілік билік, князьдің қолында болды.Ордада жорыққа Ордада жорыққа 300 мың жауынгер шығарылды.Ноғай Ордасының тарихы Еділ бойы мен Сібірдегі,Орта Азия мен Қазақстандағы көрші мемлекеттер тарихымен тығыз байланысты.Ноғайлар тарихы,әсересе көшпелі өзбектер мен қазақтар тарихына айрықша жақын,Ембі мен Сырдарияның арасында көшіп ноғайлар қазақтармен ұдайы араласып-құрдаласып байланысып жатқан.Басқа да көшпелі мемлекеттер сияқты Ноғай Ордасының шекарасы да сыртқы саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырды.Ноғайлардың солтүстік шығыстағы өріс қоныстары Сібірге дейін созылып жатады,ал оңтүстік шығыста олар кейде Сырдария бойында Арал теңізі жағасында көшіп жүрген.Олардың билеушілері Уақас би маңғыт,Мұса мырза,Жаңбыршы және басқалары Әбілқайырға Сырдария бойындағы қалаларды жаулап алуға жәрдемдеседі.Кейін ноғайлар қазақ хандарымен соғысса, енді бірде татуласып одақ құрып отырған Ш.Уәлиханов ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан Орда» деп атаған.Ал Хақназар хан «қазақтар мен ноғайлар ханы атанған. 16ғ. Ноғай ордасының Орыс мемлекетімен сауда-экономикалық,саяси байланысы дамыды.16ғ.2 жартысында Ноғай Ордасы ыдырап еліге Үлкен Ноғайлы (Еділдің шығысы) және Кіші Ноғайлыға (Еділдің батысы) бөлнді. Осы тұста ноғайлардың көпшілігі Қазақ хандығына соның ішінде Кіші жүз құрамына енді.Осылайша Ноғай Ордасы мекендеген тайпалар қазақ халқының қалыптасуында үлкен рөл атқарды.



24 )Қазақ халқының құралуының тарихи алғышарттары.Этникалық құрамы

Ертедегі, ерте және дамыған ортағасырлардағы этникалық үрдістер. Монғол кезеңінен кейінгі халықтың қалыптасуы. Қазақ халқы қалыптасуының үрдісі. Этникалық территорияның және бірыңғай тілдің қалыптасуы. Шаруашылықтың, материалдық және рухани мәдениеттің ортақтығы. Мемлекеттің құрылу факторы және оның этникалық үрдіске ықпалы. Жазба деректерде «қазақ» терминінің тұңғыш рет кездесуі. Оның әлеуметтік мәні. «Өзбек» және «Қазақ» ұғымдарының арақатынасы. «Қазақ» этнонимі осы халықтың нағыз аты. Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторларының әсер етуі. Жүздер - қазақтардың этнотерриториялық бірлестіктері. Ұлы, Орта және Кіші жүздерінің пайда болуы.

XIV-XV ғасырларда әр түрлі түрік және түркіленіп кеткен монғол этникалық топтарынан қазақ халқының қалыптасу процесі аяқталды. Бастапқы әлеуметтік мәнімен этникалық мазмұн алғанға дейін күрделі өзгерістер жолынан өткен «қазақ» атауының өзі жауынгерлік рухымен ғана емес, өзіне жеткілікті экономикасының жоғары деңгейімен де, өзіндік мәдениетімен де мәлім халықтың атауына айналды.

Қазақ халқы этникалық тарихының өзіндік ерекше белгісі жүздер болып табылады. Сірә, жүздердің негізінде өмірлік маңызы бар жайылымдар мен көшіп-қону бағыттарының дәстүр бойынша орныққан аумақтары, мемлекеттік құрылымдар мен рулық-тайпалық конференциялардың ғасырлар бойы қалыптасып, сайып келгенде этникалық-аумақтық бірлестіктерге айналған дәстүрлері жатса керек. Жүздердің тұрмыстық, рулық-тайпалық құрылымының қатаң регламенттелуі бұл құрылымның орнықтылығын және сырттан жасалған соққыларға қарсылығының беріктігін қамтамасыз етеді.

Қазақ хандығының XV ғасырдың екінші жартысында пайда болуы XІV- XV ғасырларда Қазақстан аумағында болып өткен этникалық-саяси және әлеуметтік-мәдени процестердің заңды қорытындысы болды. Қазақ мемлекетігі - тамыры ежелгі заманда жатқан ұзақ тарихи дамудың жемісі, ол қазақ халқының топтасуына, оның этникалық аумағының қалыптасуы мен тұтастығының нығаюына, қазақ халқының рухани және материалдық мәдениетінің дамуына себеп болды.

25 )Қазақ хандығының құрылуы.

Хандықтың құрылуы. Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан территориясында XIV- XV ғ. болып өткен әлеуметтік –экономикалық және этникалық – саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Тарихи әдебиетте В.В.Вельяминов-Зерновтан бастап , Шығыс-Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпаларының 1 бөлігін Жошы ұрпағы Керей мен Жәнібектің басшылығымен Шу мен Талас өзендерінің жазығына көшуі Қазақ хандығы құрылуының басталуы болды деген пікір бар.Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол улан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды.1456 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті – қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоңыс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді. Бұл оқиғанның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өкімет үшін өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр құрған «көшпелі өзбектер» мемлекеті пайда болды. Осы мемлекеттің территориясы XV ғ. орта шенінде Сырдариядан Сібір хандығына дейінгі Ұлан байтақ жерді алып жатты. Алайда бұл мемлекеттің ішіндегі өкімет үшін күрес бір сәтте толастаған жоқ. Әбілхайыр хан өзінің саяси душпандарын-Жошы әулетінен шыққан султандарды құдалауын тоқтатпады. Өкімет үшін күрес барысында Дешті – Қыпшақтан өздерін қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шөберелері-Керей мен Жәнібек XV ғ. 50 жылдары орта шенінде қарамағандағы ауылдарымен Шу өзенінің бойына көшіп кетуге мәжбүр болды.

Қазақ хандығының нығаюы. Тарихи деректемелер алғашқы қазақ хандарының хандықтың территориясын кеңейтуге, Сырдария өңіріндегі қалармен Шығыс Дешті – қыпшақтың қырдағы аудандарындағы өз билігін нығайтуға бағытталған белсенді сыртқы саясаты туралы баяндайды. Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның құлдырауын пайдалана отырып, Керей мен Жәнібек XV ғасырдың 60 жылдырдың соңында қазақтар мекендеген бүкіл территорияның біріктіру жолында ойдағыдай күрес бастады.

Қазақ хандығының саяси –экономикалық базасын ңығайту үшін Сырдария бойындағы қалаларды қарату төтенше маңызды еді. Осы орайда, қазақ хандығының алдына 3 үлкен тарихи міндет қойылды


1.Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті – Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дағдылы тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілқайыр хандығындағы аласапран арқылы бұзылған) көшпелі шаруалардың көкейтесті мүддесі еді. 2.Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстінен орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркестан) т.б. қалалары қазақ хандығына карату. Бұлар осы өңірдегі саяси- экономикалық және әскери- стратегиялық берік база болатын. 
3.Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территолриясын біріктіру. Бұлардың ішіндегі ең маңызды міндет – Сырдария жағасындағы қалаларды қарату күресі болды.Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті – Қыпшақ даласы үшін күресте қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілқайыр хан еді. 1468 жылы қыста ол қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа атанды, бірақ сапары сәтсіз болып, жорық жолында қаза тапты. Әбілқайырдың қаза болуы қазақ хандығының ңығайуына және территорияның көлемінің кеңеуіне үлкен себеп болды. Ол өлгеннен соң, оның елігінде қиян-кескі феодалдық қырылыс басталып, хандық ыдырай бастады. «Өзбек ұлысының» шаңырағы шайқалды, ірі шиеліністер басталды. Оның қарамағындағы үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Әбілхайыр хан 40 жыл билеген Шығыс Дешті –Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды. XV ғасырдың 70 жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп, қазақ хандығының территориясын әлқайда кеңейіп, нығайды. Оған тұс-түсынан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты.

XV ғасыр мен XVІ ғасырдың арасында (1500 жыл) Мұхаммед Шайбани ханның Дешті –Қыпшақтан ығысып жаулап алуы Орта Азия тарихындағы, әсіресе қазақ пен өзбек үшін елеулі оқиға болды. Бұл ең алдымен қазақ хандығының жерін кеңітіп, беделін арттырып, ерікті елдігін нығайтты. Бұрынғы дәуірлерде бытыранқы болып келген қазақ тайпаларының басын бір жерге қосуға, қазақтың этникалық территориясын біріктіруге, сонау қола ғасырдан басталған қазақтардың халық болып қалыптасу барысын біржолата аяқтатуға мүмкіндік берді. Бұрын Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығында қолданылған «өзбек- қазақ» деген жалпы атау бір-бірімен ажырады. «Қазақ» термині бірте-бірте Шығыс Дешті –Қыпшақ пен Жетісада қалыптасқан халықтың тұрақты атына айналды. «Өзбек» термині Мұхаммед Шайбаниге еріп кеткен тайпалардың этникалық атауы ретінде Орта Азияда ғана қолданылатын болды. 



26)Алғашқы билеушілері Қасым мен Бұрындық

Қасым ханның сыртқы саясаты. Шыңғыс-хан ұрпақтары үстемдік еткен Алтын Орда, Ақ Орда, Шағатай хандықтарының ыдырауына байланысты Шығыс Дешті –Қыпшақ даласы мен Орта Азия өңірінде жарыққа шыққан ұтқымалы ұсақ хандықтардың және осы хандықтардың тәж-тағына таласқан хандар мен султандар басқарған түрліше феодалдық топтардың тынымысыз қырқыстарынан, соғыстарынан қалжыраған халық бұқарасы бұл тартыстарды тиятын, аласапыранды аяқтататын біртұтас мемлекетті арман етті. Бұл өз алдына бейбіт өмір өткізуді аңсаған қазақ халқының көкейтесті мүдесі еді.

Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.



Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы.

Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды. Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт бұрынғысынша Сырдария бойындағы қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес болды. Осы арқылы өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарихи-Рашиди», «Шайбани», т.б. деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, Қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген» . XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ территориясын өз қол астына қаратты. Бұл кезде хандықтың шекарасы Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы қалаларды басып алды. Шығыс оңтүстікте оған Жетісу жерінің дені (Шу, Қаратал, Іле өзендерінің алабы) қарады. Солтүстік және Шығыс солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейін жетті, Батыс солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым ханның батыстағы территориялық иеліктері де ұлға түсті. Ноғай Ордасы бұл кезде ауыр дағдарысты басынан өткізіп жатқан еді. Ру басшылары, мырзалар, билер билік үшін өзара қарқысумен болды. Әбден қалжыраған Ноғай Ордасы рулары мен тайпаларының бір бөлігі қазақ хандары мен султандарының билігіне бағынып, елінен қазақ хандағына көшіп кетті. Осы кезде Қасым ханның қол астына қараған халықтың саны 1 миллион адамға жеткен.

Қасым ханның ішкі саясаты: Қасым хан сыртқы саясат пен бірге ішкі саясатты да дұрыс жолға коя білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолында біраз шараларды жүзеге асырды. Ханның жанында неғұрлым беделді билер мен қауым ассоциация өкілдерінен тұратын Кеңесші ұйым- Билер Кеңесі болды. Ханның іс-қағаздарын жүргізіп отыратын, хатшылары мен кеңсесі болды. Бір ескеретін жәй, мемлекеттің орталық аппаратының тұрақты бір жерде жұмыс істейтін орны болған жоқ, сондықтан ханмен бірге көшіп-қонып жүрді

Бұрындықхан (1480-1511) 
Бұрындық хан – Керей ханның үш ұлының бірі. Бұрындықтың қашан дүниеге келгені белгісіз. Орта ғасырлардағы жазба деректердің үзік-үзік мәліметтеріне сүйене отырып, оның өмірінің 40-50 жылдық кезеңін қалпына келтіруге болады. Бұрындық ханның өмірі Қазақ хандығы тарихының алғашқы дәуірімен тығыз байланысты. Сондықтан да хандық тарихындағы ірі оқиғалар мен дамулар оның өміріндегі белестер болып есептеледі. Жазба деректердің өте тапшылығына қарамастан, Бұрындық хан өмірінен бірнеше белесті айқын көруге болады. 
1. Оның Қазақ хандығы құрылуының екінші кезеңдегі атқарған рөлі, бұл шамамен 1469-1472 жылдарда болған, 
2. 1472-1473 жылдардан XV ғасырдың 90 жылдарының ортасына дейін, қазақ хандығының батыста ноғай мырзаларымен және оңтүстікте Сыр бойы қалалары мен өңірлері үшін күрестегі атқарған рөлі, 
3. XV ғасырдың 90-жылдарының ортасынан XVI ғасырдың алғашқы 10 жылдығы ішіндегі Қасым сұлтанмен арадағы қайшылықтар, Шайбани ханмен одақтасу, қазақ қоғамындағы беделін жоғалтып, елден кетуі.

Бұрындықтың хандықтың құрылу үрдісіне қатынасуы 1469-73 жылдардағы оқиғалардан көрінеді. Осы жылдары Қазақ хандығына қатысты мынандай оқиғалар болған еді: 1469 жылы Әбілқайыр хан Моғолстанның батыс жағындағы Қазақ хандығына қарсы жорық ұйымдастырып, сол жылдың қараша-желтоқсан айларында орта жолда қайтыс болды. Орнына екінші ұлы Шайх-Хайдар отырады. Оның билігі туралы деректердің бәрі оң баға бермейді. «Тарихи Кипчакидің» авторы Ходжамқұлы-бек Балхи оның жеке басына мынадай сипаттама береді: «Ол жұмсақ мінезді және жігерсіз адам болатын, басқару ісіне өз бетінше қадамдар жасауға қабілетсіз еді» (XV-XVIII ғ.ғ. Қазақ хандығы тарихының материалдары.- Алматы, 1969.- Б.393). Осыны пайдаланып Әбілқайырдың кешегі жаулары әр тараптан жорықтар жасай бастайды. Қазақ хандығынан да бірнеше жорықтар жасалады. «Тауарихи гузидан нұсрат-намадан» басқа «Шайбани нама», «Фатх нама», «Бахр ал-асрарфи манакиб ал ахиар» шығармаларының дерегі бойынша «көшпелі өзбектер» мемлекетін талқандауда қазақ хандығы жағынан тек Жәнібек хан ғана аталады.



27)Қазақ хандығының қалыптасуының аяқталуы.Қазақ этнонимі.

Қазақ халқының қалыптасуы XY ғ. екінші жартысы мен XYI ғ. бас кезінде, тәуелсіз Қазақ хандығы қалыптасқан кезде аяқталды. Сөйтіп, халықтың қалыптасуының тағы бір жағдайы - өз мемлекетінің аты қалыптасты.

Қазақ хандығында біртіндеп ру-тайпалық сана әлсіреп, жалпы қазақтарға тән этникалық сана күшейді. «Қазақ жері», «қазақ мемлекеті», «қазақ елі» деген түсініктер кең өріс алды. Этникалық тарихи-хронологиялық қалыптасудың үш түрі бар: ру-тайпа, халық, ұлт. Бұл әр бірлестікте өзіндік этникалық сана болады. Этникалық сана - бұл адамның өзін белгілі этникалық бірлестіктің мүшесі деп санауы. Халық болып қалыптасуының алғашқы кезеңінде қазақтарда халықтық этникалық сананың орнына ру-тайпалық сана басым болды. Мысалы: «Сен қай рудансың?» деген сұраққа жауап беруші ең алдымен өзінің руын, сосын тайпасын, сосын жүзін айтатын болған. Олар өзін қазақпыз деп, елден тыс шыққанда ғана айтады.

«Қазақ» (этноним) деген атаудың шығуы туралы көп пікір бар. Ғылыми тұрғыдан жазба әдебиетте «қазақ» атауының пайда болуы туралы толық тұжырым жоқ. Енесейде табылған YIII ғасырдағы түрік ескерткішінде «қазғақ ұғылым» - «қазақ ұлым» деген сөз тіркесі кездеседі. IX-X ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды  мекендеген үш қарлық тайпаларының жалпы «хасақтар» деген аты болған. Қарлықтардың қазақ этногенезіне тікелей қатысы болғаны белгілі.

X-XI ғасырларға қатысты араб құжаттарында, сонымен бірге орыс жылнамаларында Қара теңіздің солтүстік шығыс жағалауындағы Касаг қаласы туралы, касагтар елі туралы деректер бар. Кейбір ғалымдардың пікірінше бұл жерде қазақтардың үлкен қонысы болған, олар  бірігіп, XI ғасырда Дон мен Днепр жағалауына орныққан. X ғасырда билік құрған Византия императоры Константин Багрянородныйдың айтуы бойынша, Кавказдың солтүстік–батысында «қазақтар елі» болды. Әзірбайжанның батысында бүгінгі күнге дейін Қазақ ауданы бар. 

Ең алғаш  “Қазақ” сөзі  мұсылман жазба  деректеріндегі авторы белгісіз түркі-араб сөздігінде кездеседі. Ол сөздік мамлюктік Қыпшақ елінде құрылған деген болжам бар. Сөздік 1245 жылғы қолжазба түрінде жеткен  және 1894 жылы Германияның Лейден деген қаласында басылып шығарылған. Бұл сөздікте қазақ терминінің  «үйсіз»,  «кезбе»,  «қуғындалушы», «еркін» деген мағыналары берілген. Сонымен бұл сөздікте қазақ термині әлеуметтік мағынаға ие болып отыр.  Осылай руынан, тайпасынан бөлініп, өз заңдары бойынша өмір сүрген адамдар тобын атаған.

«Қазақ» сөзінің осы мағынасынан шыға отырып, жоғарыда көрсетілген деректерде еркін, үйсіз-кезбелердің көрсетілген аудандарда қоныстануы туралы айтылған  деген  қорытынды  жасауға болады.

Жүз – тарихи шаруашылық және географиялық аймақ, белгілі рулық топтың территориясы. Жүз – бөлік, тарап мағынасын білдірді. Үш жүз географиятық орны мен климатының айырмашылығымен ерекшеленеді. Қазақ халқы үш жүзге бөлінеді: 1. Ұлы жүз. Территориясы: Жетісу мен Оңт. Қазақстан. Рулары: үйсін, дулат, албан, суан, жалайыр, шапырашты, қаңлы, сіргелі, ысты, ошақты, т.б. Ұлы жүзді Ақарыс деп те атайды.

2. Орта жүз. Террит-сы: Орталық және Солт.-Шығыс Қазақстан. Рулары: қыпшақ, арғын, найман, керей, қоңырат, уақ, т.б. Орта жүзді Бекарыс деп те атайды.

3. Кіші жүз. Террит: Батыс Қаз. Рулары: адай, алшын, төртқара, жағалбайдлы, табын, тама, байбақты, қаракесек, т.б. Кіші жүзді үш негізгі рулық одақтар құрайды: Жетіру, Әлімұлы, Байұлы. Кіші жүзді Ақарыс деп те атайды.Құн төлеу – адам өлтіргені үшін мүліктік өтем төлеу енгізілді.1.



Әкімшілік-құқық нормалары мен қылмыстық іс құқығы.

Сұлтандардан басқа әр адам ханға жыл сайын мал-мүлкінің жиырмадан бір бөлігі мөлшерінде салық төлеу. Құн төлеу мөлшері: ер кісі үшін 1000 қой, әйел үшін – 500 қой.Дене мүшелерінің құны: бас бармақ – 100, шынашақ – 20 қой.

Қазақ халқы қалып­та­су­ының аяқта­луы

Эт­но­са­яси қауым­дастық – белгілі бір та­рихи ай­мақта құрылған хан­дықтың тұрғын­да­ры. Қазақ халқының эт­ни­калық жағынан қалып­та­су­ын­да Ақ Ор­да тай­па­лары бас­ты рөл атқарған.

«Өзбек» ата­уының шығуы Өзбек хан­ның (1312–1342 жж.) есімімен бай­ла­ныс­ты. «Өзбек­тер» құра­мы:

шай­ба­нилер – түркілен­ген моңғол тұқым­да­ры.

Қазақтар – қып­шақтар т. б.

Маңғыт­тар – қарақал­пақтар, ноғай­лар

Қазақ халқының қалып­та­су про­цесі XIV-XV ғғ. аяқтал­ды.

Са­яси жағынан ша­шыраңқы эт­ни­калық ту­ыс­тас топ­тардың ба­сы қосы­лып, қазақ ру­лары мен тай­па­лары­ның бірігуіне Қазақ хан­дығының құры­луы әсер етті.

XV ғасыр­дың екінші жар­ты­сы – XVI ғасыр­да негізгі эт­ни­калық топ­тардың қазақ халқына және олар ор­на­ласқан аумақтың Қазақ хан­дығына бірігуі, тұтас ха­лық бо­лып қалып­та­судың аяқта­лу­ын тез­детті.

XV-XVII ғасыр­лар – Қазақстан­ның аумағын­дағы тұрғын­дарға іс жүзінде ор­тақ негізгі белгілер мен қазақ эт­но­сының өзіне тән ма­тери­ал­дық және ру­хани мәде­ни­еті бекіп жетілді.



28)Хақназаор хан мен Тәуекел хан

Хақназар (Ақназар) хан. 16 ғ. 2 ж. әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Хақназар (1538-1580 жж.) өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы алауыздықты сәтті пайдаланған ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Оның тұсында Жетісу мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Абд- Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргізілді. Хақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сыр бойындағы қалаларды (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды. Оның Абдулламен байланысынан қорыққан Ташкенттің ұлыстық әміршісі Баба сұлтан жансыздары арқылы Хақназарды у беріп өлтірді. Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580) тұсында Қазақ хандығы қайта бірігіп, дами түсті. Ол хандық билікті нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрын бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. Хақназар қазақ-қырғыз одағын одан әрі нығайтты, сол заманның тарихи деректерінде оны «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп атады. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді. Хақназар хандық құрған кезде Қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар болып жатты. Мемлекеттің солтүстігінде Ресей өз иеліктерін қазақ даласына едәуір жылжытты. Қазан мен Астраханьды басып алғаннан кейін Еділ өзенінің барлық аңғары Ресейдің қол астына кірді. Башқұрт және Сібір хандықтары Ресей құрамына енгеннен кейін, ноғайлар Қазақ хандығының солтүстік-шығысына ығыса бастады. Олар Еділден Ертіске дейінгі аралықта көшіп-қонып жүрді. Башқұрттар мен Сібір татарлары да қазақ жерлеріне енуін тоқтатпады. Сырдарияның төменгі ағысына қарақалпақтар келе бастады. Еділ мен Жайық арасындағы өңірді мекендеген Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Ноғай одағы ыдырап, ауыр дағдарысқа тап болды. Оған қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлегі Қазақ хандығына келіп қосылды. Хақназар Ноғай Ордасының көп ұлысын (бұлардың көбі қазақтың Кіші жүзі – алшын одағына енген тайпалар) өзіне қаратып алды. Тарихи деректерде Хақназарды «қазақтар мен ноғайлардың ханы» деп атаған. Сөйтіп, ХҮІ ғасырдың 60-жылдары Ноғай Ордасы ыдырап, бұрын оған қараған қазақ тайпалары және олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті. Бұрын Ноғай Ордасының астанасы болып келген Сарайшық қаласы да Қазақ хандығына өтті. Бұл жағдай Қазақ хандығының солтүстік-батыс және солтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай Ордасының ыдырауы, оның бір бөлігінің Қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлегінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын Қазақ хандығына жақындата түсті. 1563 жылы Сібір хандығының билігіне келген Көшім хан Қазақ хандығына дұшпандық саясат ұстанды. Оның үстіне моғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып тұрды. Осындай күрделі жағдайларда Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауераннахрдағы шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Сөйтіп, шайбанилық Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен одақтық келісім-шарт жасасты. Соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы жиіледі. Мұның өзі Қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, шаруашылық өмірдің оңалуына тиімді болды. Қазақ хандығы нығайа түсті. Бірақ Хақназар ханды 1580 жылы Абдолла ханның қарсыласы Ташкент билеушісі Баба сұлтан астыртын өзінің адамын жіберіп өлтіртті. Қадырғали Жалайырдың айтуынша «Оның да атағы мен абыройы туралы көп айтылады. Алайда Хақназар хан өз араларында болған қақтығыстарда қаза болған».


Батыс түрік қағанаты (603-704 жж.).
Мемлекеттің құрылуы.
Тәуекел ханның тұсында қазақ хандығы
Бөкей ор­да­сының құры­луы (1801 ж.)
Петроградтағы қазан төңкерісі.
Жаңа экономикалық саясаттың белгілері:
Ауыл ша­ру­ашы­лығы

Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу