1. Қазақстанда Президент институтының енгізілуі және Қр президентін бүкілхалықтық сайлау



бет4/26
Дата21.11.2022
өлшемі189,27 Kb.
#159130
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
ТАРИХ №2РК аралық бақылауы жауаптарымен106АБ
63838066, Мадина А рк ответ, 53-67, 2 5366427762221393202, Международная конференция сборник, 223534, Мәдибаева-Қазақ-әдебиеті
Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықаралық технологияларды, коммерциялық құпия және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергетикалық инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.
Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экономикалық өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникациялық кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.
Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемлекеттік қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемлекеттік қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.
Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратегиялық ресми құжат болып табылады.
Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Реформалар стратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды.



  1. Тәуелсіз Қазақстанның білім беру саласындағы реформалары және «Интеллектуалды ұлт-2020» Бағдарламасының жүзеге асырылуы.

1995 ж. Қазақстанда жаңа Конституция қабылданып, онда жалпыға бірдей міндетті әрі тегін орта білім беру бағыты жарияланды. ҚР “Білім беру туралы” жаңа Заңында да (1999 ж. 7 маусымда қабылданған) бұрынғыдай жалпы білім беретін мектептің бастауыш (1 – 4-сыныптар), негізгі (5 – 9-сыныптар) және жоғары (10 – 12-сыныптар) деп аталатын үш сатысы бекітілді. Орта (толық) білім алудың түрлі жолдары айқындалды. Орта білім жалпы білім беретін (күндізгі, кешкі) және кәсіптік мектептер (лицейлер) мен колледждерде берілетін болды. Мұнда оқушы кәсіби мамандық алумен қатар оқуын мектеп бағдарламасы бойынша аяқтайды. “Білім беру туралы” Заңға сәйкес бұрынғы нормативтік құқықтық негіз жаңартылып, мемл. “Білім” бағдарламасы жасалуда. Бұл бағдарлама білім беру жүйесін реформалауды қазіргі экон., әлеум. және саяси жағдайға сәйкестендіреді.
1990 – 99 ж.: “Дарын” мемлекеттік бағдарламасы. Дарынды балалардың шығарм. дамуын қолдау мақсатын көздейді. Осы бағдарлама шеңберінде 1997 ж. республиканың сегіз облысында дарынды балалар үшін арнаулы мектептер мен мектеп-интернаттары бар респ. “Дарын” ғыл.-практик. орт. құрылды.
1996 жылдың соңында шет елдерде тұратын отандастарды қолдау мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Оның шеңберіне тарихи отанына оралған оралмандарды оқыту мен қайта оқыту кіреді.
1997 ж. Орта білім жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Қазақстандық жүйенің құрылымы ЮНЕСКО ұсынған Халықаралық стандарттық білім беру бағдарламасының
2004 жылы қабылданған «ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы»
2005 жылға дейін «Ауыл мектебі» атты мемлекеттік бағдарлама
2005-2010 жж. - «2015 жылға дейінгі Қазақстанның білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасы»




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет