1. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айқындаңыз. Қазіргі Қазақстан тарихын зерттеу енді-енді өріс ала бастады.Қазіргі Қазақстан тарихы пәнін оқыту қоғамның бойында патриотизм мен азаматтық позицияны қалыптастыруға ,Қазақстанның сын ғасырлық тарихы бойынша терең ғылыми білімдерді бекітуге ықпал етуші фактор болуы тиіс.Әсіресе ,Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы ,қоғамның саяси ,экономикалық және әлеуметтік салалардағы реформалар үрдісі ,ішкі және сыртқы саясаттағы жетістіктері өскелең ұрпақ санасына құйылуы тиіс.
Тәуклсіз Қазақстан тарихы –бұл Отандық тарихтың заңды жалғасы және маңызды бөлігі болып табылады.Өкенсіз бүгін ,бүгінсіз ертең жоқ деген қанатты сөз тарих ғылымының қоғамның бүгіні мен ертеңіндегі маңыздылығын нақты анықтап тұр.Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің іргетасын әлемнің елеулі бөлігіне ықпал еткен ұлы дала көшпенділерінің мемлекетін дәстүрі және бірнеше жүз жылдық барысындағы қазақтардың азаттық жолындағы күрес тарихы,Ресей және Кеңестік Социалистік Республикалар одағы құрамында өмір сүрген тәжірбиесі құрайды.
Қазақстанның қазіргі заман тарихының төрінде Қазақстан халқының жаңа мемлекет құраудағы төзімділігі,ізгілігі еңбексүйгіштігі шешуші рөл атқарады.Ең бір қиын кезеңдерде де Қазақстан азаматтары жарасқан ынтымақ-бірлігімен соғысқа, жанжалға жол бермеді.
Қазақстанның шынайы тәуелсіздік жолына түскеніне небәрі 25 жыл ғана болды.Осы аз ғана уақыттың қазақ келешекте өмір сүріп,күн кешетін жас ұрпақ өз атамекенінің тарихын,өз шыққан тегін, ата-бабаларының тарихы тәжірбиесін әрі қарай мақтанышпен жалғастыру үшін білу керек.
Қорыта айтқанда,Қазақстан тарихы пән ретінде жастардың дүние танымдарын,азаматтық позицияларының қалыптасуына зор ықпал етеді,яғни өз елінің елінің,өз халқының тарихын білу патриоттық сезімдерді туғызады.