1. Азат елдің аспаны Адам алаң үшін емес, тәуелсіздік үшін


-жаттығу. Мақал-мәтелдерді оқып, көп нүктенің орнына керекті сөз табыны қойыңыз



бет2/2
Дата16.02.2023
өлшемі86,89 Kb.
#168901
1   2
Байланысты:
сөзжұмбақ

1-жаттығу. Мақал-мәтелдерді оқып, көп нүктенің орнына керекті сөз табыны қойыңыз.
1. Оқу – білім бұлағы,
...... – өмір шырағы.
2. Өнер көпке де жеткізеді,
Көкке де .................... .
3. Оқусыз білім жоқ,
.......... күнің жоқ.
4. Білім қымбат, білу ...........
5. Отан ....... отқа түс, күймейсің.
6. Егеменнің иілгені – сынғаны,
Ер жігіттің .......... сөйлегені – өлгені.
7. Сен жырламасаң, екен, ............. тыңдамасам екен.
8. Күн ............ басылар, көктің жүзі ашылар.
(мен, қиын, білім, үшін, күркіреп, екі, білімсіз, жеткізеді)


2-жаттығу. Жалқы есім мен жалпы есімдердің астын сызыңдар.
Бурабайды бұрын көрмеген Жақыпбек айналасына қарады. Ол біресе көлге, біресе Сиыртас пен Шошқатасқа, біресе Оқжетпес пен Көкшеге, біресе Бөлектауға тамсана қарады. Бұл жерде бірнеше рет болған Бану мен Байсал да сұлу табиғатты тамашалап тұр. Осы жерде Майбалық көлі де бар. Оның суы асқазан ауруын емдейді.


3-жаттығу. Төмендегі жұрнақтармен зат есімдер жасаңыз.
-ғар/-гер, -қар/-кер
Іс, жауын, тәлім, зер, дәрі, заң, бал, қызмет, талап, саясат, мұра, жауап.


4-жаттығу. Төмендегі жұрнақтармен зат есімдер жасаңыз.
-лық/-лік,-дық/-дік, -тық/-тік
Бас, теріс, оқу, сөз, күнде, тыныш, батыр, бала, дос, туыс, аға, жолдас, ана, жаман, жақын, ерке, теңге, әке, өкіл, қор, терең, ақылсыз, қате, ай, бауыр, әзір, дайын, тұтас, жеңіл, тұз, қара, тегіс, өткір, шикі, сабырлы.


5-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.
Почтальон, дружба, наследник, зло, современник, спокойствие, политик, тезка, готовность, художник, представительство, ответчик, учебник, соус, детство, ювелир, ученик, отцовство, литератор, целостность, абитуриент, геройство, служащий, ошибочность, юрист, родство, портной, сокурсник, словарь, материнство, секретарь, легкость, солдат, тишина, товарищество, охотник, телефонист, начальник, журналист, близость, одногруппник.


6-жаттығу. Сын есімдерді қатыстырып сөйлем құрастырыңдар.
Үлкен, кең, жақсы, әдемі, ащы, тұщы, ақ, қара, көк, сары, ыстық, суық, жылы, үлкенірек, ақшылдау, қызылырақ, жеңілірек, сарырақ, көгірек, суықтау, еріншек, әлді, күшті, өткір, майда, жазғы, шоқпардай, көтеріңкі, арғымақтай, қоңырқай, сулы, балдай, жуас.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет