кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі қоғамдық өмірде саяси партиялардың рөлі орасан өсті. Революция патшалық цензураны жойды. Жұртшылық сөз және жиналыс бостандығын кеңінен пайдаланды. Уақытша үкіметтің ұлттық мәселе бойынша қабылдаған алғашқы актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай шектеушілікті алып тастау болды. Көктен іздегендері жерден табылғандай болған халық Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуге даяр екендіктерін білдіріп, империяның түкпір-түкпірінен құттықтау жеделхаттар жөнелте бастады. Ақпан революциясының жеңісі Қазақ өлкесі мен Түркістан аймағында халықтың мұң-мұқтажын жоқтайтын саяси күштер: «Алаш» ұлттық демократиялық партиясын, большевиктердің мүддесін қорғайтын «Үш Жүз» радикалдар партиясын және түрікшілдік пен исламды жақтайтын «Шуро-и- Ислам» т.б. саяси ағымдар, ұйымдар, партияларды тарих сахнасына шығарды.