1. Қазіргі заман Қазақстан тарихының мақсаты мен міндеттері. Қазіргі заман Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу


Жаппай саяси қуғын-сүргін науқаны және оның салдары (1937-1938 жж.)



бет35/40
Дата27.03.2022
өлшемі376,37 Kb.
#136991
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
ТАРИХ СЕССИЯ ..
волонтерство План , 屏幕截图-2021-09-27-212333, AA Kaplan Pocket Notes 2022, Алтынайға, Жанрр (1), бөж пед1
25. Жаппай саяси қуғын-сүргін науқаны және оның салдары (1937-1938 жж.).

1937 жылы БК(б)П ОК-ның И.В. Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары және олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты. 1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жаулары» немесе «халық жауларының сыбайластары» және тағы басқа айыптар тағылды. Соңғы зерттеу бойынша 1931 жылдан бастап 1954 жылдың 1ақпанына дейінгі кезде КСРО-да 3 млн 777мың адамды атужазасына соттап, оың 643 мыңына үкім орындалған,. 2 млн 369 мыңын 25 жылға дейінгі мерзімге түрмелерге қамалып, миллиондаған адамдарды лагерьлерге айдалды. Ашық сот отырыстары 1937 жылы республиканың Үржар , Преснов т.б. аудандарында болып өтті. 1937 жылы қарашада Қарағанды облысының Ә . Асылбеков , Н. Нұрсейітов , М. Ғатаулин т.б. басшыларының үстінен жүргізілген сот ісі халықтың жан - жақты талқылауына ұласты. « Халық жауларының » негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының мәжілістерінде, « екілік » пен « үштік » атанғандар мен НКВД - ның ерекше кеңестерін де құпия жағдайда шешіліп жатты. 1930 жылдардың ортасында Л. Мирзоян , Ұ . Құлымбетов , Н. Нұрмақов , Т. Рысқұлов , О. Жандосов , Т. Жүргенов , О. Исаев , С. Қожанов , С. Меңдешев сынды көрнекті партия және мемлекет қайраткерлері « халық жаулары » ретінде тұтқындалды. 1920-1940 жылдардағы заңсыз қуғын - сүргіннің айнымас серігі – мемлекет органдарының қарапайым адам құқықтарын жаппай өрескел бұзып, аяққа таптауы болды. Бұл заң бұзушылық қуғын сүргін саясатын жүзеге асыру барысында бұқаралық сипат алып, оған заңдық негіз бен жариялылық түр берген кеңес заңдарының нормалары нұсқаулармен бүркемеленді. Бұл кезең қолданылған қылмыстық жазалардың ерекше қаталдығымен сипатталады. Азаматтарды « халық жауы » деп жариялап ату жазасына кесу, құқығынан айыру, мемлекеттен қуу, дүние - мүліктерін тәркілеу, қатаң оқшаулау арқылы еркінен айыру тәрізді шаралар кеңінен қолданылды. Қазақстандықтарға көбінесе жапон, кейде герман тыңшылары деген айып тағылып, айыптаушылар мен сотталғандардың « мойындауы» ешқандай дәлелдеусіз жүзеге асырылды.

Сталиндік басшылық Қазақстан аумағын елдің басқа ауданда рынан ондаған мың шаруаларды « кулактық жер аудару » аймағы ретінде қарастырды. Республикаға Одақтың әр түрлі аудандарынан 46 091 отбасы немесе 180 015 адам жер аударылды. Осылайша елде алып лагерьлер жүйесі ГУЛАГ құрылды. Оның құрамында АЛ ЖИР, Қарлаг, Степлаг т.б. лагерьлері болды. Жалған халық жауларымен күрес концлагерьлердің құрылуына жағдай жасады. Көптеген аудандар тікен сымдармен қоршалып, ол сақадай сай қаруланған әскермен күзетілді. Кейінірек атылған адамдарды жаппай жерлеген жерлер анықтала бастады. Сондай орындардың бірі Алматы түбіндегі Жаңалық ауылының жанынан кездейсоқ табылды. Мұнда 1937-1938 жылдары атылған белгілі жа зушылар мен ақындар М. Жұмабаев , С. Сейфуллин , І. Жансүгіров, Б. Майлин, көрнекті ғалымдар А. Байтұрсынов, С. Асфендияров т.б. мемлекет, қоғам қайраткерлері, шаруашылық басшылары мен өндіріс озаттары сынды тоталитарлық тәртіптің мыңдаған құрбандары құпия жағдайда жерленді. Кеңес өкіметінің Қазақстандағы саяси қуғын - сүргін құр бандарының жалпы саны, ғалымдардың есептері бойынша, 3,5 млн адамды құрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет