1. Қазіргі заман Қазақстан тарихының мақсаты мен міндеттері. Қазіргі заман Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу



бет1/40
Дата27.03.2022
өлшемі376,37 Kb.
#136991
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
ТАРИХ СЕССИЯ ..


1. Қазіргі заман Қазақстан тарихының мақсаты мен міндеттері. Қазіргі заман Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу
. Қазақстан егеменді, тәуелсіз, өз алдына жеке мемлекет болғанына ширек ғасырдай уақыт өтті. Екі ғасырға жуық басқа мемлекеттің отары болған халықтың ұлттық санасын жаңғырту жолында қоғамдық пәндердің, оның ішінде төл тарих ғылымының алатын орны ерекше. Ұлттық тарихты терең білмейінше ұлттың менталитетін, тарихи даму жолын, сол жолда көрген қиыншылықтары мен табыстарын түсіну мүмкін емес. Сондықтан Қазақстан территориясында көне заманнан, қазірге дейін өмір сүріп жатқан тарихи отаны санайтын халықтардың тарихын білу маңызды болмақ. Отан тарихы бүкіл адамзат тарихының бір бөлімі, өйткені ол дүниежүзі тарихы, Еуразия тарихы, көшпенділер өркениеті, түркі халықтарының тарихы, Орталық Азия елдерінің тарихымен ұштасып жатады. Қазақстан тарихы – Қазақстан территориясында ежелгі уақыттан бүгінгі күнге дейін болған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үрдістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, тұтас қарастыратын ғылым. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы отандық тарихтың аса маңызды бөлігі және жалғасы. Тәуелсіз Қазақстан әзірше ұзақ емес, бар жоғы жиырма бес жылды құрайтын жолдан өтті. Дүниежүзілік тарихпен салыстырғанда, ширек ғасыр соншалықты үлкен мерзім болмағанмен, егеменді ел үшін ол мән-мазмұнға толы тұтас бір дәуір. Қысқа уақыт аралығында мемлекетіміз өз дамуының саяси бағдарын айқындап, нарықтық экономикаға өтуді іске асырды, әлеуметтік күрделі тауқыметтерді басынан өткерді. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан қалыптасты. Осы тарихи кезеңді түсіну, одан алар сабақ отандық тарих ғылымындағы өзекті міндет болып саналады. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнін жоғары оқу орындарында оқытып үйрету студенттердің бойларында отансүйгіштік пен азаматтық ұстанымның қалыптасуына, еліміздің күрделі, тәлімі мол тарихы бойынша терең ғылыми білімдердің бекуіне септігі тиетін факторға айналуы тиіс.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке ие болғаннан бері халықтың ел тарихына деген қызығушылығы арта түсті. Себебі бұрын айтылмаған, айтылса да саясаттың ыңғайына көндігіп айтуға мәжбүр болған көзқарастар қазіргі таңда басқаша сипатқа ие болуды. Осыған байланысты сіздерге ұсынылып отырған «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнінің негізгі міндеттері мынада:
1) Халықтың ұлттық тарихи жадын қалпына келтіру, ұлттық сананы дамыту.
2) Ұлттық идея мен бірлікті қалыптастыру.
3) Азаматтық ұстанымға, отаншылдыққа тәрбиелеу.
4) Өз халқына, еліне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнін игеру азаматтардың қазіргі таңда Қазақстан қоғамында қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және саяси-мәдени мәселелерді түсінуге, оның оң шешілуіне әсер етеді. Осыған байланысты бұл пән еліміздің барлық жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарларына енгізілген.
1980 жылдары аяғы мен 1990 жылдарының басында елде қалыптасқан демократиялық үрдістерге байланысты отандық тарихшылар еліміздің тарихын оқыту барысында тарихи фактілерге сүйене отырып, саяси оқиғаларға негізделген Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлуді анықтады:
1) Тарихқа дейінгі кезең: 2,5 млн – б.д.д. VIII ғасырға дейін (тас ғасыры, қола дәуірі).
2) Ежелгі кезең б.д.д. VIII ғасырдан б.д. VI ғасырына дейінгі уақытты қамтиды (сақ, ғұн, үйсін, қаңлы).
3) Орта ғасырлар кезеңі Қазақстанда Түркі қағанатының құрылуынан басталып, XVI ғасырдың аяғына дейін созылады (Алтын Орда, Ақ орда, қазақ хандығы).
4) Жаңа дәуір XVII ғасырдың басынан XX ғасырдың басына дейінгі уақытты алып жатыр. Бұл кезеңді үш дәуірге бөліп қарастыру орын алған:
 XVII ғасырдың басынан XVIII ғасырдың басына дейінгі уақыт. Бұл кезеңде Қазақ хандығы Орта Азиядағы ең мықты, дербес көшпелі мемлекет ретінде қалыптасты;
 XVIII ғасырдың басы мен XVIII ғасырдың аяғына дейінгі уақыт. Қазақ халқының өз тәуелсіздігі үшін күрес (жоңғарлармен, Еділ қалмақтарымен, Орта Азия хандықтарымен, башқұрттармен, түркмендермен т.б.) жүргізді;
 XVIII ғасырдың аяғынан басталып XX ғасырдың басына дейін созылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет