жасақтары маңызды орындарды басып алады. Ал, 25 қазан күні Уақытша өкімет құлатылды. Нәтижесінде большевиктер партиясы Ресейде Кеңес билігін орнатады. Олар халықты өздеріне қарату үшін бірден мынадай үш декрет шығарды: «Жер туралы», «Бейбітшілік туралы», «Ұлттардың тәуелсіздігі туралы». Қазақстанда Кеңес Үкіметі екі жолмен орнады. Қазақстанның солтүстік аймақтарында бейбіт түрде, ал оңтүстік өлкелерінде қарулы күшпен орнады. 1917 жылдың қазан айынан бастап, 1918 жылдың наурыз айына дейін Кеңес үкіметі Қазақстанның ірі елді мекендері мен қалаларында орнаса, ауылдар мен селолық жерлердің басым көпшілігінде бұл үрдіс азамат соғысы басталғанға