орнады. Жетісу өңіріне келсек, Кеңес өкіметін орнату күресі қарсы күштердің басымдылығына байланысты 1918 жылдың көктеміне дейін созылды. 1918 жылдың наурыздың 2-нен 3-не қараған түні Верныйда әскери- төңкеріс комитеті бас болған, жұмысшылардан құрылған «Қызыл ұлан» 21 жасақтары және большевиктік әскери полктің жауынгерлері еңбекшілердің қолдауына сүйене отырып, пошта-телеграф, қару-жарақ қоймаларын, маңызды мекемелерді басып алып, Кеңес өкіметін орнатты. Наурыз айында Жаркент, Аякөз, Талдықорған, ал сәуірдің бас кезінде Лепсіде Кеңестік билік орнатылды. 1917 жылдың 15-22 қарашасында болған Ташкентте өткен өлкелік съезд Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесі орнағанын атап өтті. Оның құрамында 14 адам болды. Бірақ құрамында