1 «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ компаниясы туралы мәліметтер,компания құрылымы


Қоршаған ортаны қорғау,өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау



бет7/11
Дата23.09.2022
өлшемі56,7 Kb.
#150555
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Молдир практика

3.2 Қоршаған ортаны қорғау,өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Компанияның денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы саясаты компанияның және басқа мүдделі тараптардың қызметкерлерінің денсаулығына қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерін және тәуекелдерді үздіксіз азайтуға, тұтынушыларды газбен жабдықтау және сервис қызметтерін көрсету саласындағы тиімділікті арттыруға бағытталған.


Компания өзіне төмендегі міндеттерді қабылдайды:



  • ішкі нарықтағы қызметтерге қарай OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігінің менеджменті жүйесінің тиімділігі мен нәтижелілігін ұдайы арттыру;

  • денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігінің менеджменті жүйелерінің заңнама талаптарына, нормативтік талаптарға, сондай-ақ мүдделі тараптардың талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;

  • барлық мүдделі тараптармен денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзара қызметтестікті және хабардарлықты қамтамасыз ету;

  • денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы тәуекелділікті азайтуға қол жеткізу, сондай-ақ компания қызметкерлерінің денсаулығының нашарлауы мен жарақаттануының алдын алу;

  • денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы қызметтердің жоғары көрсеткішіне қол жеткізу;

  • бақылау әдістерін қолдану, нәтижелік түзету және алдын алу іс-әрекеттерін қабылдау.

Компания басшылығы денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы саясаттарды жүзеге асыруға, олардың сәйкестігіне, жарамдығына, қайта қаралуына жауапты болады.


3.3 Еңбекті қорғау

Еңбекті қорғау және қоршаған орта жөнінде 100% есептіліктің ашықтығына қол жеткізілді, олар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ QazaqGaz компаниялар тобы өндірістік объектілерін барып (іріктеп) тексеру нәтижелері бойынша қорытындыларымен расталады. QazaqGaz компаниялар тобы бойынша есептіліктің ашықтығын қамтамасыз ету ДЕКАЖ бағдарламасында оқиғалардың барлық түрлері бойынша расталған есептерді уақтылы енгізу жолымен жүзеге асырылады.


Еңбекті қорғау саласындағы заңнама талаптарына сәйкес көп деңгейлі бақылау, оқыту және білімдерін тексеру, еңбек талаптары бойынша объектілерді аттестаттау, еңбектің санитарлық-гигиеналық талаптарын жасау, арнайы киіммен қамтамасыз ету, жазатайым жағдайлардан сақтандыру, медициналық және заттай куәландыру бойынша шаралар жүргізілді.


Есептік кезеңде QazaqGaz компаниялар тобы бойынша өндірістік қызметпен байланысты жазатайым жағдайлар жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет