1 «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ компаниясы туралы мәліметтер,компания құрылымы



бет1/11
Дата23.09.2022
өлшемі56,7 Kb.
#150555
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Молдир практика



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Металлургия, тау-кен және мұнай-газ ісі» кафедрасы


Оқу тәжірибе бойынша

ЕСЕП

Техникалық факультетінің 6В07202 «Мұнай-газ ісі» ББ


студенті Қабиева Мөлдір Темірғалиқызы тобы МГІ-301
(аты – жөні)

Тәжірибе орны: __


Басталуы 31.05.2022ж. аяқталуы _____1.06.2022ж. _

«Металлургия, тау-кен және мұнай-газ ісі» кафедрасынан


тәжірибе жетекшісі

____ _________ ___ _________


(лауазымы, ғылыми дәрежесі) (аты – жөні)
«__ » ____2021ж.
Ақтөбе 2021 ж.


МАЗМҰНЫ

Кіріспе…...........................................................................................................................3


1 «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ компаниясы туралы мәліметтер,компания құрылымы.........................................................................................................................4
1.1 «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ компаниясы туралы мәліметтер,компания құрылымы.........................................................................................................................4
1.21 «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ компаниясы құрылуы,қызметтің негізгі бағыты...6
1.3.Ресурстық базаны кеңейту негізінде инвестициялық жобаларды іске асыру жұмыстары.....................................................................................................................10
2 Кәсіпорын экономикасы және ұйымдастыру.........................................................16
2.1 «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның негізгі қызметі....................................................16
2.2 «ҚазТрансГаз» ұлттық газ компаниясының жаңа атауы және логотипіндегі өзгерістер ......................................................................................................................17
2.3 «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ компаниялар тобы қызметінің қаржылық және өндірістік көрсеткіштері ..............................................................................................17
2.4 Компанияның міндеті,көрінуі және даму даму стратегиясы.............................17
3 Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау.....................................................................20
3.1 Энергетикалық ресурстарды пайдалану және энергияны үнемдеу....................21
3.2 Қоршаған ортаны қорғау,өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау...........21
3.3 Еңбекті қорғау..........................................................................................................21
3.4 Өрт қауіпсіздігі........................................................................................................22
3.5 Өнеркәсіптік қауіпсіздік.........................................................................................22
3.6 Қоршаған ортаны қорғау........................................................................................22
4 Кенішке әсер ету әдістері (қабат қысымын ұстап тұру).Газды жер асты сақтау..............................................................................................................................23
4.1 Газды жер асты сақтау............................................................................................23
4.2 Магистральды газ тасымалдау...............................................................................24
5 Газ тарату және аудандарды .....................................................................................26
6 Газ моторлы инфрақұрылым.....................................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................29

КІРІСПЕ

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ — еліміздің газдандырылған барлық 11 облысында және 3 республикалық маңызы бар қалаларында магистралды және таратушы газ құбырларын пайдаланатын Қазақстан Республикасындағы газбен жабықтаушы ірі компания.


«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ газбен жабдықтау саласындағы Ұлттық Оператор – «ҚазТрансГаз» АҚ еншілес ұйымы бола отырып, мықты кадрлық әлеуеттімен, заманауи инновациялық және ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етілген жоғары материалдық-техникалық базасымен, сондай-ақ газбен жабдықтау саласында қызметтерді көрсету бойынша жетекші Компания бола отырып, болашақта табиғи газды сенімді жеткізуді және тасымалдауды, газбен жабдықтау қызметтерінің жоғарғы сапасын, қызметтердің тиімділігінің өсуін және ғылыми-техникалық әлеуеттің қолданылуын қамтамасыз ететін кепілгер болады.


Компанияның құрылған күні 2002 жылдың 15 сәуірі, бұл күні КазТрансГаз» АҚ шешімімен «КазТрансГаз Дистрибьюшн» ЖАҚ құрылды.


2005 жылы «Аймақтық газ тасымалдау жүйесі» АҚ қосылғаннан кейін қайта құрылды, 2007 жылдың 25 қаңтарында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ деген жаңа атауға ие болды. 2007 жылдың 11 маусымынан бастап компания таратушы газ құбырларымен газ тасымалдауды өзінің өндірістік филиалдары арқылы жүзеге асыра бастады. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жалғыз акционері «ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ болып саналады. «ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ портфельдік компаниясы болып табылады.


«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 50,5 мың км. таратушы және магистралды газ құбырлары және өзге қажетті инфрақұрылымды біріктірген Қазақстанның ірі газ таратушы кешеніне айналды.


Бүгінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірістік филиалдары Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Алматы және Түркістан облыстарына тауарлы газ жеткізеді.


Қазақстандағы тауарлы газды өткізу нарығындағы компанияның үлесі 95% өсті. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның абоненттер саны 1 миллион 900 мыңнан астам (8 млн тұрғын), сондай-ақ 49 мыңнан астам кəсіпорын.


«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ басшылығы, қызметкерлері және өндірістік филиал жұмыскерлері жоғарғы еңбек және өндірістік қызметтері үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды.


Қалаларда, елді мекендерде, кәсіпорындарда мерзімінен бұрын газдандыру жұмысын сәтті, табысты өткізгені үшін біздің компания облыс, қала әкімдерінен, сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы филиалдарынан алғыс хаттар алды.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет