5 Газ тарату және аудандарды
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-тың негізгі қызметі газды магистральдық және таратушы газ құбырлары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсету, маркетинг, газды сатып алу, тұтынушыларға сату болып табылады.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-тың басым міндеті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бар өңірлерде барлық санаттағы тұтынушыларды (халықты, коммуналдық мақсаттағы кәсіпорындарды, өнеркәсіптік кәсіпорындарды) газбен авариясыз, үздіксіз және қауіпсіз жабдықтауды қамтамасыз ету болып табылады.
Бүгінгі күні «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірістік филиалдары тауарлық газды Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау және Түркістан облыстарына, сондай-ақ республикалық маңызы бар – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына жеткізеді. Қазақстанда тауарлық газды өткізу нарығындағы компанияның үлесі 95%-ға дейін өсті. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ абоненттерінің саны 1 миллион 900 мыңнан (шамамен 9 млн тұрғын), сондай-ақ 49 мыңнан астам кәсіпорыннан асты.
6 Газ моторлы инфрақұрылым
«ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС
«ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС-ның негізгі қызметі көлік қызметтерін көрсету, құрылыс-монтаждау жұмыстары, сығылған табиғи газды сату болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қарашадағы №797 Қаулысымен СТГ (сығылған табиғи газ) өткізу көлемі, СТГ-дағы автобустар мен коммуналдық техниканың саны және АГТКС (автомобильдік газ толтыру компрессорлық станциясы) құрылысы бойынша нысаналы көрсеткіштерді көрсете отырып, Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету жөніндегі 2019-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.
2020 жылы жаңа жобаларға күрделі салымдарға жұмсалатын шығыстардың қысқартылуына және пандемияға байланысты шығыстарды оңтайландыруға байланысты АГТКС салу үшін Франчайзинг талаптарымен жеке инвесторлар тартылады (Түсімнен роялти 1%).
Жалпы жұмыс істеп тұрған АГТКС – 16, оның ішінде 1 бірлікті Атырау қаласында «Akzhayik CNG» ЖШС жеке инвесторы салды және 2020 жылы пайдалануға берді.
2020 жылы АГТКС-пен СТГ-ның 42,2 млн.текше метрі іске асырылды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 28%-ға артық.
ҚОРЫТЫНДЫ
QazaqGaz табиғи газды магистральдық газ құбырлары мен газ тарату желілері бойынша тауарлық газ тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады,халықаралық транзитті қамтамасыз етеді және ішкі және сыртқы нарықтарға газ сатумен,құбыр жолдары мен газ сақтау қоймаларын әзірлейді,қаржыландырады,салады және пайдаланады.
Компанияның жылдық өткізу қабілеті 227,9 млрд м болатын жалпы ұзындығы 20 мың км-ден асатын Қазақстандағы магистральдық газ құбырларының және ұзындығы 56 мың км-ден асатын газ тарату желілерінің ірі желісін пайдалануды жүзеге асырады.
QazaqGaz жалпы белсенді сақтау көлемі 4,6млрд.м болатын Қазақстандағы 3 ірі жерасты газ қоймасын Бозой,Ақыртөбе,Полторацкое басқарады.Газ тасымалдау 42 компрессорлық станциямен және 238 газ айдау агрегаттарымен қамтамасыз етіледі
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ газбен жабдықтау саласындағы Ұлттық Оператор – «ҚазТрансГаз» АҚ еншілес ұйымы бола отырып, мықты кадрлық әлеуеттімен, заманауи инновациялық және ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етілген жоғары материалдық-техникалық базасымен, сондай-ақ газбен жабдықтау саласында қызметтерді көрсету бойынша жетекші Компания бола отырып, болашақта табиғи газды сенімді жеткізуді және тасымалдауды, газбен жабдықтау қызметтерінің жоғарғы сапасын, қызметтердің тиімділігінің өсуін және ғылыми-техникалық әлеуеттің қолданылуын қамтамасыз ететін кепілгер болады
Достарыңызбен бөлісу: |