1 «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ компаниясы туралы мәліметтер,компания құрылымы


«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ компаниясы құрылуы,қызметтің негізгі бағыты



бет3/11
Дата23.09.2022
өлшемі56,7 Kb.
#150555
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Молдир практика

1.21 «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ компаниясы құрылуы,қызметтің негізгі бағыты

Магистральды газ тасымалдау


«Интергаз Орталық Азия» АҚ (бұдан әрі – ИОА) «QazaqGaz»-дың 100%-дық еншілес кәсіпорны болып табылады, үш жерасты газ қоймасы мен магистральдық газ құбырларының екі негізгі жүйесін пайдалануды жүзеге асырады:


«Батыс құбыр желісі» - Орталық Азиядағы қолданыстағы табиғи газ кен орындарына қызмет көрсететін Батыс Қазақстандағы газ құбырлары желілері (Орталық Азия жүйесін, Орал және Ақтөбе газ құбырлары жүйесін қамтиды);


«Оңтүстік құбыр желісі» - Өзбекстан мен Қазақстан шекарасынан елдің оңтүстік өңірлеріне қазақстандық және/немесе импортталатын газды жеткізетін (Оңтүстік және Қызылорда құбыр жүйесі кіреді) Оңтүстік Қазақстандағы газ құбырларының желісі.


ИОА қызметінің негізгі бағыттары:





  • Қазақстан аумағы бойынша Түрікменстаннан және Өзбекстаннан РФ-ға газды транзиттік тасымалдау;

  • экспорт үшін газды тасымалдау, атап айтқанда РФ-ға Теңіз және Қарашығанақ газ конденсатты кен орындарынан тасымалдау;

  • Қазақстан аумағы арқылы РФ бір бөлігінен екінші бөлігіне газды транзиттік тасымалдау;

  • Ташкент қ. үшін өзбек газын транзиттік тасымалдау;

Табиғи газды халықаралық тасымалдау «ИОА» АҚ бизнесінің негізгі кіріс құраушысы болып табылады.


«Азиялық газ құбыры» ЖШС (АГҚ)


АГҚ «QazaqGaz» ҰК» АҚ мен Trans-Asia Gas Pipeline Company Ltd.-ның тепе-тең бірлескен кәсіпорыны болып табылады. (акционер – CNODC компаниясы, CNPC еншілес кәсіпорны). Бірлескен кәсіпорын Қазақстанның Өзбекстанмен шекарасынан Қытайдың аумағындағы «Қорғас» газ өлшеу станциясына дейін табиғи газды тасымалдауға арналған «Қазақстан – Қытай» газ құбырын қаржыландыру, салу және пайдалану мақсатында құрылды.


Жобаның мақсаты – Қытай Халық Республикасы бағытында түрікмен және өзбек газының транзитін қамтамасыз ету, қазақстандық газдың Қытай Халық Республикасына экспортын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік өңірлерін газбен үздіксіз қамтамасыз ету.


Қазақстан Республикасының аумағы бойынша газ құбырының ұзындығы «А» және «В» желілері үшін 2 612 км, «С» желісі үшін 1 304 км құрайды. Газ құбырының жалпы өткізу қабілеті жылына 55 млрд м3 құрайды (30 млрд м3 – «А» және «В» желілері, 25 млрд м3 – «С» желісі).


2018 жылы «Қазақстан — Қытай магистральдық газ құбырының қуатын ұлғайту» («С» желісі) жобасын іске асыру аяқталды. Нәтижесінде, Қазақстан-Қытай магистральдық газ құбырының өнімділігі жылына 55 млрд м3 дейін жеткізілді.


«А» және «В» желілерінің өнімділігін жылына 40 млрд м3 дейін арттыру мәселесі зерттелуде, бұл газ құбырының жалпы өнімділігін жылына 65 млрд м3 дейін арттыруға мүмкіндік береді.


«Бейнеу — Шымкент Газ Құбыры» ЖШС (БШГҚ)


БШГҚ «QazaqGaz» ҰК» АҚ мен Trans-Asia Gas Pipeline Company Ltd.-ның тепе-тең бірлескен кәсіпорыны болып табылады. (акционер — CNODC компаниясы, CNPC еншілес кәсіпорны). Жобаның Қазақстан үшін аса маңызды стратегиялық мәні бар, ол Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлерін табиғи газбен қамтамасыз етеді, қазақстандық газдың экспорттық жеткізілімдерін әртараптандыруға мүмкіндік береді, Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, бірыңғай газ тасымалдау жүйесін құрады.


«Бейнеу — Бозой — Шымкент» магистральдық газ құбыры «Қазақстан — Қытай» газ құбырының екінші учаскесі болып табылады. Газ құбыры батыс мұнай және табиғи газ кен орындарын елдің оңтүстік өңірлерімен, сондай — ақ «Бұхара газды өңірі — Ташкент-Бішкек-Алматы» және «Газли — Шымкент» магистральдық газ құбырларымен және «Орталық Азия - Қытай» газ құбырының «С» желісімен байланыстырады. БШГҚ нақты ұзындығы 1 454 км, ал өткізу қабілеті — жылына 15 млрд м3 құрайды.


Газ моторлы инфрақұрылымы


«ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС


«ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС-ның негізгі қызметі көлік қызметтерін көрсету, құрылыс-монтаждау жұмыстары, сығылған табиғи газды сату болып табылады.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қарашадағы №797 Қаулысымен СТГ (сығылған табиғи газ) өткізу көлемі, СТГ-дағы автобустар мен коммуналдық техниканың саны және АГТКС (автомобильдік газ толтыру компрессорлық станциясы) құрылысы бойынша нысаналы көрсеткіштерді көрсете отырып, Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету жөніндегі 2019-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.


2020 жылы жаңа жобаларға күрделі салымдарға жұмсалатын шығыстардың қысқартылуына және пандемияға байланысты шығыстарды оңтайландыруға байланысты АГТКС салу үшін Франчайзинг талаптарымен жеке инвесторлар тартылады (Түсімнен роялти 1%).


Жалпы жұмыс істеп тұрған АГТКС – 16, оның ішінде 1 бірлікті Атырау қаласында «Akzhayik CNG» ЖШС жеке инвесторы салды және 2020 жылы пайдалануға берді.


2020 жылы АГТКС-пен СТГ-ның 42,2 млн.текше метрі іске асырылды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 28%-ға артық.


Цифрландыру


«QazaqGaz» ҰК» АҚ өндірістің тиімділігін арттыру және Компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жаңа технологиялар мен заманауи тәсілдерді енгізуге ерекше көңіл бөледі.


2020 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасының жол картасы шеңберінде «Газ құбырлары объектілері бойынша талдамалық геоақпараттық жүйені енгізу» (ТГАЖ) жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігінің сұрау салуларына сәйкес ТГАЖ жобасын «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енгізу туралы шешім қабылданды. Жоба 2020 жылғы 22 қазанда ҚР Премьер-Министрі А.Ұ. Маминнің басшылығымен ҚР Президенті жанындағы цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында сәтті көрсетілді.


2021 жылдан бастап 2023 жылы жобаның аяқталуына дейінгі кезеңде ҚР қалалары мен облыстарының газ құбырларының тарату желісін цифрландыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.


1С базасында ERP жүйесін енгізу жобасы


АТ-инфрақұрылымы, бизнес-қосымшалар, арнайы технологиялық қосымшалар саласындағы шешімдерді пайдалану бойынша шығындарды төмендету, тұрақтылықты арттыру, тұрақты дамыту үшін, сондай-ақ «QazaqGaz» ақпараттық технологияларды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясы шеңберінде 2020 жылы 1С базасында бірыңғай ERP-жүйені енгізу бойынша жобаның дайындық бөлігі аяқталды. Іске қосу, диагностикалау, дизайн және тұжырымдамалық жобалау бойынша фазалар іске асырылды. Жобалық құжаттама бекітілді, жоба бюджеті, «диагностика және дизайн» фазасына арналған коммуникациялар мен жұмыстар жоспары өзектендірілді, сондай-ақ QazaqGaz компаниялар тобының қамтамасыз ету процестері мен бизнес-функцияларын автоматтандыру үшін кәсіпорын ресурстарын жоспарлаудың бірыңғай платформасының (ERP жүйе) жоғарғы деңгейлі бизнес-процестері модельденді.


Е-мұрағат – Sifrlyq Muragat


«Самұрық – Қазына» АҚ бастамасымен «Құжаттарды орталықтандырылған мұрағаттық сақтау» іс-шарасын іске асыру шеңберінде «QazaqGaz» компаниялар тобы бойынша «Интергаз Орталық Азия» АҚ пилоттық жоба жүргізіп, «Sifrlyq Muragat» цифрлық мұрағат платформасын енгізу бойынша жұмыстар орындалды.


Іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа және мұрағаттық құжаттаманы сақтау рәсімдеріне сәйкес «QazaqGaz» компаниялар тобының цифрланған мұрағаттық құжаттары цифрлық мұрағатта сақталатын болады.


Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету


Ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастыру үшін 2019 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде деректердің таралып кетуін болдырмау және зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуден қорғау бойынша шешімдер енгізілді, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік (АҚ) бойынша ахуалдық орталықтың қызметтері сатып алынды.


АҚ ахуалдық орталығы заңнамалық нормаларға сәйкес ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне қойылатын талаптарға сәйкестікті, сондай-ақ «QazaqGaz» компаниялар тобы бойынша желінің және соңғы нүктелердің ақпараттық қауіпсіздігін қорғау құралдарын сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет