1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-2-бап. Ведомстволық есепке алу



бет244/255
Дата08.02.2022
өлшемі213,59 Kb.
#124853
түріКодекс
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   255
Байланысты:
Ескерту

328-2-бап. Ведомстволық есепке алу
1. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекция тұрақты және үздіксіз негізде бақылау субъектілеріне барудың саны мен қолданылған шаралардың ведомстволық есепке алынуын жүргізуге міндетті.
Бақылау субъектілеріне барудың ведомстволық есептілігінің жиынтық деректері еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекцияның интернет-ресурсында орналастырылады.
Ескерту. 38-тарау 328-2-баппен толықтырылды - ҚР 27.06.2014 N 212-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


329-бап. Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің принциптері мен негізгі міндеттері
Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сыйлау, сақтау және қорғау, заңдылық, әділдік, тәуелсіздік және жариялылық принциптері негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеттері:
ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   255




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет