1. Басқару психологиясының басқа ғылымдармен байланысын табыңыз Еңбек психологиясы


Негізгі басқару мәдениеттері, сипаты және ерекшеліктерін көрсетіңіз



бет27/82
Дата15.12.2023
өлшемі488,66 Kb.
#197261
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82
Байланысты:
1. Басқару психологиясының басқа ғылымдармен байланысын табыңыз -emirsaba.org

23. Негізгі басқару мәдениеттері, сипаты және ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Басқару – ең алдымен адамдармен жұмыс істеу. Тек мәліметтерді өңдеу басшының бағыныштылармен тікелей қарым, қатынас жасауын алмастыра алмайды. Кейде басшының бағыныштарымен қарым-қатынасын мәлімет ісіндегі ерекше түрі, мәліметтерді алудың және таратудың ерекше түрі ретінде қарастырылады. Алайда, «мәлімет» ұғымын, басқарудың ерекше және оның негізгі заты ретіндегі «адам және оның іс-әрекеті» ұғымымен біріктіруге болиайды. Адамдарға және олардың іс-әрекеттеріне басқару еңбегінің негізгі ықпалдары бағытталған. Ал, мәлімет адамдардың іс-әрекетін бейнелейтін құралы болып саналады.
Қоғамдық еңбекті бөлісу жүйесінде басқару және өндірістік еңбектің тікелей мақсатының ерекшеліктері болады. Нақты өндірістік еңбектің тікелей мақсаты мен нәтижесі нақты өнімді әзірлеу немесе белгілі бір қызмет көрсету болып саналады. Бас, қару еңбегі басқаша мақсатты көздейді, оның сипаты мен мәні де өзгеше. Басқару еңбегінің тікелей мақсаты – ұжымның бірлескен күш-жігерін ұйлестіру және оның мүшелерінің ақырғы жоспарланған нәтижеге арналған бірлескен іс-әрекетін қамтамасыз ету.
Өндіріс процесінде адамдар, еңбек құралдары мен еңбек заттары тікелей байланыста болады. Басқару процесінде басқару субъектісі ретінде адамның өзі және оның іс-әрекеті, ал оның еңбек құрал ретінде — ұйымдық-техникалық құралдар қатысып, бұлардың әрекеті басқару мүмкіндігін арттыра түседі. Өндірістегі адам дене еңбегін қол мен машина арқылы, ал басқару еңбегіндегі адам мәліметтер және оларды өңдеу құралдары көмегімен атқарады.
Басқару еңбегі – көбінесе ой еңбегі. Бұған әлеументтік, экономикалық, ұйымдық, техникалық-технологиялық сипаттағы шешімдерді бағалау мен жобалау жатады.
Басқару еңбегі – бұл ұжым адамдарына таралатын іс-әрекет, яғни жұмыс, бұған еңбек процесіндегі жеке адамдар ғана емес, тұтастай ұжым қатысады. Басқару еңбегінде товрчестволық сипат маңызды рөл атқарады.
Басқару қызметкерлерлерінің іс-әрекетіне творчестволық, логикалық және техникалық жұмыстар мен операциялар жатуы мүмкін.
Творчестволық жұмыстар мен операциялар логикалық-ой әрекеті болып саналады. Бұған жататындары: салыстыру, талдау, синтез, абстракциялау, нақтылау, қортындылау, есептеу, болжалдау, шешім қабылдау.
Логикалық жұмыстар мен операциялар белгілі бір жүйе мен белгіленген тәртіп бойынша орындалады. Техникалық орындаушылар жұмыс уақытының қалған бөлігі техникалық операцияларға (мәліметтерді жинау, өңдеу, құжаттарды өңдеу т.б.) жұмсалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет