№1 басылым 08. 09. 2016 ж. 52 беттің -шісі



бет1/6
Дата15.09.2017
өлшемі1.42 Mb.
  1   2   3   4   5   6

042-18.28.1.3/01–2016


№ 1 басылым 08.09. 2016 ж.

52 беттің -шісі








ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ 3 дәрежелі құжаты

Пәннің оқу-әдістемелік

материалдары



Пәннің оқу-әдістемелік

материалдары



042-18.28.1.3/01–2016


Пәннің оқу-әдістемелік

материалдары




№ 1 басылым 08.09.2016 ж.






Пән атауы: Қазақ тілі

Кредит саны: 3

Шифр – мамандық атауы: Аграрлық факультеті, Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар факультеті, Жаратылыстану – математика факультеті, Инженерлік-технологиялық факультеті, Қазақ филологиясы факультеті, Тарих-педагогика факультеті, Шетел және орыс филологиясы факультеті, Экономика және құқық факультеті мамандықтарына арналған

Факультет, кафедра: Қазақ филологиясы факультеті, Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2016


Мазмұны

1. Глоссарий

2. Сабақтар

3. Практикалық сабақтар

4. Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары

5. Пәннің оқу-әдістістемелік картасы

6. Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы



7. Әдебиеттер

1. Глоссарий



Грамматика (грек. «жазу, жазу өнері»)-тілдегі сөздердің өзгеру тәсілдері мен құралдарын, сөз тіркестерін, олардың сөйлемге құралу заңдарын зерттейтін тіл білімінің саласы.

Лексика (грек.»сөздік қор»)-тіл білімінің сөз және оның мағынасын зерттейтін бір саласы.

Лексикология (грек. лексика, логос)-тілдік сөздік құрамы мен оның тарихи даму заңдылықтары, қызметін зерттейтін тіл білімінің саласы.

Лексикография (грек. «сөздік» «ілім»)-тіл білімінің сөздіктер жасайтын және оларды зерттейтін бір саласы.

Морфология (грек. «жаңа», «сөз»)- тілдегі жаңа ұғымды білдіріп, жаңадан пайда болған сөздер.

Синтаксис (грек. «құрастыру»)- сөз тіркесі мен сөйлемді зерттейтін тіл білімінің саласы.

Фонетика (грек.»дыбыс»)- тіл дыбыстары туралы, тілдегі дыбыстық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін тіл білімінің саласы.


1-ТАҚЫРЫП.

Грамматика: Көсемше категориясы. Көсемшенің жұрнақтары. Қызметі. Түрі. Кейіпті көсемшенің немқұрайлық, созылыңқылық, кенеттік және т.б. мәнде қолданылуы. Түбір етістік + а (-е, -й) салу, түбір етістік + ып (-іп,-п) тұру, түбір етістік + ып (-іп, -п) қалу, және т.б. тәсілдер арқылы шақ, жақ бойынша түрленіп жасалуы.

Мәтін: Ар-ождан бостандығы. Дін және діни тағым. Діни мерекелер. Ұлттық салт-дәстүрлер.

Қайталау: Синтаксис. Сөз тіркесі. Сөйлем.

Көсемше- өзіне тән синтаксистік қызметі, морфология тұлғалары бар дербес категория Көсемше де етістіктің ерекше түрі. Есімше сияқты көсемше де сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Бірде жіктеліп келіп, немесе күрделі етістіктің негізгі етістік сыңары көсемше тұлғасында келіп, көмекші етістік жіктеліп, қимылды, іс-әрекетті шақка байланысты білдіреді де, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады.

Көсемшенің жұрнақтары :



  • Шарт: майынша, мейінше

  • Мезгіл: ғанша/генше, қанша/кенше

  • Өткен шақ: ып, іп, п

  • Осы шақ: а, е, й

  • Мақсатты келер шақ: ғалы/гелі, қалы/келі

Мысалдар: Материалды дұрыс меңгермейінше тапсырманы орындау мүмкін емес. Қоранның төбесі ашылып қалыпты (М. Ә.)— Анау өрмекшіні көресің бе, не істеп жүр?— Көремін, өрмек тоқып жүр (Ы. А.). Түбімнен қатты ұрып, жемісімді жерге түсіріп алып жейді (Ы. А). Абай да Жұмабай да қызыға тыңдасты (М. Ә.). Төл үйдің пешін жапқалы Назыкеш төбеге шығып еді (Ғ. М.). Бірақ көзінде жайнай жанған от білінді (М. Ә.).

Көсемшенiң жұрнағы бар мақал-мәтелдер:1. Дұшпан кулдiр[iп] айтады,Дос жылат[ып] айтады.2. Досы көптi жау алма[й]ды,Ақылы көптi дау алма[й]ды.3 Асқар тау алыстан көрiн[е]дi.4. Сын тузелме[й],мiн тузелме[й]дi.5. Ат баспа[й]мын деген жерiн уш басар,Ер татпа[й]мын деген дәмiн уш татар.6. Ақылды адам айтқызба[й] бiл[е]дi,Ақсұнқар қаққызба[й] iл[е]дi.7. Адамды тусiне қара[п] таныма,Iсiне қара[п] таны.



Көсемше жұрнақтарын қатыстыра отырып, мағынасы сәйкес сөзбен тіркестір. (Дәптерге орындайды)

1. Таң----------------------жымыңда+п тұр

2. Жұлдыз----------------ағар+ып атты

3. Ай------------------------жау+ғалы тұр

4. Боран-------------------сыңғырла+й соғылды

5. Қоңырау---------------жарқыра+й+ды

6. Жаңбыр----------------гуілде+й соқты
МӘТІН: Ар-ождан бостандығы. Дін және діни тағым. Діни мерекелер. Ұлттық салт-дәстүрлер.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, мазмұнын айтыңыз.

Дін және діни мерекелер туралы


Діни мейрамдардың ішкі мазмұны мен аталып өтілуі жеке діннің тарихына байланысты. Исламдағы діни мейрамдарға Ораза айт, Құрбан айт, Қажылық және т.б. жатады.

Ислам дінінің қағидасы бойынша, мұсылман дінін ұстаушылар отыз күн ораза ұстауы керек. Құрбан айт мейрамы ораза айттан кейін, 70 күн өткен соң болады. Құрбан айтта таңертеңгі намаздан басталады, адамдар жағдайына қарай құрбандық шалып, айтқа арнап дастарқан жаяды. Адамдар үйді-үйге айтшылып кіріп, құрбандық етінен дәм татады. Діни мейрамдардың тағы бір түрі – қажылық. Дәстүрлі дала мәдениетінде малы көп, ауқатты адамдар қажылыққа барған. Қажылықтың рәсімдері мен жора- жосындары бар.


Имамдар киімі


Ертеде дін қызметкерлері өздеріне тән діндарлар киімін арнайы тіккізіп киген. Мұндай киімдер киіп жүруге ыңғайлы әрі пішіні мен сыртқы көрінісі жағынан өзгеше болды, сондықтан мұндай киім кигендерді халық бірден дін қызметкерлері деп таныған. Діндарлар киіміне лапас, мүлле, женде, кемер, ихрам, дастар, сәлде т.б. жатады.

Орта Азия Діндарларының киімі туралы зерттеген Р.Я. Рассудова ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап Д.-лар арасында киімнің бірегей үлгісінің кең таралғандығын және ортодоксальды Д.-лардың басында міндетті түрде бас шошақ келген бас киім, етегі күлбіреген жейде, жағасыз шапан болғандығын жазады.

Діндарлар шашадан сан алуан өрнек кестеленген, астары біз, жиегіне қара шаша тігілген кемер камар деп аталатын белбеу буынған. Ертеде диуаналар шошақ бөрік, жыртық-жамау шапан киіп, кемер белбеу буынып, қолына асатаяқ пен дорба алып ел кезген.

Ихрам (сөзбесөз мағынасы «тыйым»)– қажылар киетін айрықша киім. Ерте заманнан бері ихрам қажылықтың айрықша белгісіне айналған. қажылық ғибадатқа кірер алдында адамдар киімдерін ауыстырып ихрам киеді. Ихрам киген адамның бәрі бірдей саналып, кем-кетікті елемей, дүниенің келеңсіз жағдайларынан алыстап, тек ғибадатқа ана көңіл бөледі.

Дастар – арнайы істелген сәлде тектес бас киім. Жанда, мелде, сәлделер басқа мәдениеттің артефактілері болғандықтан, қазақтың дәстүрлі ұлттық киімдері санатына қосылмайды.

2-тапсырма. Сөйлемдерді мәтінге қарап аяқтаңыз.

Діни мейрамдардың ішкі мазмұны мен аталып өтілуі... .



...Ораза айт, Құрбан айт, Қажылық және т.б. жатады.

Құрбан айт мейрамы ... .

Құрбан айтта таңертеңгі намаздан басталады,

. ... құрбандық етінен дәм татады



... . ауқатты адамдар қажылыққа барған.

Ертеде дін қызметкерлері өздеріне тән ... .

Орта Азия Д.-ларыны? киімі туралы зерттеген Р.Я. Рассудова ХІХ ?.-ды? ІІ жартысынан бастап Д.-лар арасында киімнің бірегей үлгісінің кең таралғандығын және ортодоксальды Д.-ларды? басында міндетті түрде ... . Ихрам (сөзбесөз мағынасы «тыйым»)– қажылар киетін айрықша киім. Ерте заманнан бері ихрам қажылықты ... .

... ғибадатқа кірер алдында адамдар киімдерін ауыстырып ихрам киеді.

... сәлде тектес бас киім.

3-тапсырма. Мәтінді пайдаланып, өтініш, тілек мәнді сөйлемдер құрыңыз.

Үлгі:Ауқатты адамдардың қажылыққа бар+ғы+сы келеді.

1.....................................................................................................................

2. .

3. .


4. .

5. .


6. .

7. .


Ұлттық салт-дәстүрлердің түрлері

1. Діни әдет- ғұрыптар

2. Отбасылық той –томалақтар мен жиындар

3. Маусымдық халықтық мерекелер

Діни әдет- ғұрыптар: 1. Ырымдар, тойлар мен нанымдар

2. Діни рәсімдер

Отбасылық той –томалақтар мен жиындар: 1. Үйлену тойы



2. Бала тәрбиелеу

3. Жерлеу салты

Маусымдық халықтық мерекелер: 1. Жалпы халықтық



2. Кәсіптік мейрамдар

Ырымдар мен нанымдар. Он және теріс бата, жылан арбау, күн жайлату,ауруды емдеу, кәрі жілікті іліп қою, отқа май салу, дуалау, бәдік, алғыс – қарғыс, бақсылық және т.б.

Діни рәсімдер. Намаз оқу, ораза ұстау, зекет- садақа беру, қажыға бару.

Діни мейрамдар. Ораза айт, құрбан айт

Жалпы халықтық тойлар. Наурыз мейрамы, Қымызмұрындық, Сабантой(мизам), Соғым басы.

Кәсіптік мейрамдар. Биебайлау, сіргежияр, жүн қырқар, тулақшашар, күйек байлау, шашыратқы, уызқағанақ және т.б.

Қазақтың төрт тойы.

Наурыз мейрамы – күн мен түн тепе – теңдікке келген сәттен бастап тойланады. Наурыз мерекесінде көпшілік бұлақтардың көзін ашып, тал егіп, игілікті жұмыстар атөарады. Бұл кезде мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңара бастайды. Сондықтан да наурыз тойын «тепетңедік», «игілік», «жаңару», мейрамы деп атайды.

Қымызмұрындық – жаз тойы болып, мамыр айынан бастап маусым айына созылатын үлкен той. Осы кезде мал отығып, биелер желіге байланып, қымыз жиналып, ағайын – жекжаттар бірін – бірі қымызға шақырады. Құран оқып, мал сойылып, түрлі ойын – сауықтар, жарыстар ұйымдастырылады. Осы кезде түрлі той- томалақтар да өткізіледі.

Мизам (Сабан той) Күз айында диқандар мен бағбандардың құрметіне арналған той. Бұл тойда түрлі жарыстар мен ойын – сауықтар өткізілді.

Соғым басы – қыс тойы болып алғаш рет қар жауып аяз түскен сәттен басталады. Осы кезде ауыл адамдары соғымға сақтаған малдарын сойып, бірін – бірі қонаққа шақырады.

қыстың ұзақ түнінде ақындар мен жыршылар терме, қисса, ертегі айтып, жұртты қызыққа батырады.



Қайталау: Синтаксис. Сөз тіркесі. Сөйлем.


Сөздердің байланысу тәсілдері

  




1

2

3

4

түрі

Жалғаулар арқылы

Септеулік және жалғаулық шылаулар арқылы

Орын тәртібі арқылы

Дауыс ырғағы арқылы







Септеулік

жалғаулық







ереже

Сөйлемдегі сөздер жіктік, септік және тәуелдік жалғауларымен байланысады.

Сөйлемдегі сөздер септеулік шылаулармен байланысады.

Сөйлемдегі сөздер жалғаулық шылаулармен байланысады.

Сөйлемдегі сөздер ешбір жалғаусыз қатар тұрып орын тәртібі арқылы байланысады.

Сөйлемдегі сөздер дауыс ырғағы (интонация) арқылы байланысады.

мысал

Мен оқушымын.

Бала-ға берді.

Үйдің есіг-і


Біз сабақ туралы сөйлестік. Отан үшін отқа түс.

Ол ақылды бірақ жалқау. Ол шанышқы мен пышақты алды.

алыс жер, атақты адам.

Бұл – біздің ауылдың шамдары. Асан-белгілі ақын.

түсініктемесі

Мен сөзі мен оқушы сөзі мын жіктік жалғауымен байланысқан. Бала мен бер сөздері-ға септік жалғауымен байланысқан.

Сабақ және сөйлесу сөздері туралы септеулік шылаумен байланысқан.

Ақылды және жалқау сөздері бірақ жалғаулық шылауымен байланысқан.

Алыс сөзі мен жер сөзі ешбір жалғаусыз тек орын тәртібі арқылы быйланысқан.

Бұл деген сілтеу есімдігінен кейін сәл кідіріс жасалып, өзінен кейінгі сөзден дауыс ырғағы арқылы бөлініп айтылады.




Сөздердің байланысу түрлері

    

түрі

қиысу

матасу

меңгеру

қабысу

жанасу

ереже

Сөздердің жіктік жалғауы арқылы байланысуы. Немеме басауыш пен баяндауыштың байланысуы

1.Ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысуы.

2. Кейде ілік септігі түсіріліп беріледі.



Сөздердің ілік септігінен басқа септіктердің жалғаулары арқылы байланысуы.

Сөздердің ешбір жалғаусыз тек орын тәртібі арқылы қатар тұрып байланысуы. Олардың арасына басқа сөз енгізуге келмейді.

Сөздердің ешбір жалғаусыз бірде іргелес, бірде алшақ тұрып байланысуы. Негізінен үстеуімен етістік жанаса байланысады.

мысал

I. Мен жазушымын

II. Сен бала-сың.

III. Біз барғанбыз.


Бала-ның үй-і,

Біз-дің гүл-іміз,

Ауыл тұрғындары,

Көрші-нің қызы.



Су-ды төкті.

Ағасы-на берді.

Біз-ден сұрады.


Қара қалам, қызықты оқиға, төрт батыр, алтын сағат, әдемі қыз.

Кеше болды, әдейі келді, сол арқылы білдім.

Жаттығу тапсырмалары
1-жаттығу. Мына тірек сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастырыңыздар,, "Ата-ана" тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.

Менің ата-анам, өмір сыйлаған, бақытты болу, шыншыл бол, ата-ананың рұқсатынсыз, ақыл-кеңес, қадірлеу, ана жүрегі, еңбексүйгіш, адал, қайырымды, еңбектегі табысы, оқу озаты, әдепті болу.


2-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, сөз тіркесінің түрлеріне қарай ажыратыңдар.

География оқулығынан бала кезден аты мәлім қалалар бірінен соң бірі артта қалып жатыр, қалып жатыр. Көшелерге, үйлерге көз тастасаң, көңілің құлазиды. Әсіресе түнде өткенде тіпті түнеріп тұрады. Үйлердің бірде-бірінің терезесінен не электр жарығы, тіпті жылтылдаған шырақ байқалмайды. Барлығы да бір зор зобалаң күтіп, сақтанып, бұғып, қымтанып қалған. Өстіп отырып, олар Саратовқа жетті. Бұлардан бұрынырақ өткен бірнеше пойыз құрамасын фашистер бомбаның астына алыпты. Мұны осында келгенде естіді.


3-жаттығу. Берілген тіркестерді және сөйлемдерді байланыс түріне қарай топтап, кестеге орналастырыңдар.

1. Алғашқы ай, жинақталған тәжірибе, халықтың еңбегі, білгенге маржан, екі дос, біздің ферма, уақыттан озған, таудай талап, ағылшын машинасы, күнмен шағылысқан, барлаушылар кеңесі, сылдыраған бұлақ, ауыр күрсіну, көзін жұму, шамның жарығы, малды ауыл, шаруашылықты байыту, айдын- шалқар көл.

2. Туған жерге туың тік, Отан оттан да ыстық, Кеңеспен пішілген тон келте болмас, Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер. Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір, Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.

Үлгі:

Мысалы

Матасу

Қабысу

Қиысу

Меңгеру

Жанасу

алғашқы ай




+





















































































































3. Шаруашылық былтыр мемлекетке алты жүз мың пұт дән тапсырды.

Әр жыл сайын екпе шөбіміз де көбейе береді. Әзірше күніне төрт рет қатынап жүр. Кеше Мәдениет сарайын бәріміз көрдік. Бұлар жаңа басталған көмір разрезіне әдейі сұранып келіп отыр. Ал оны құрғату үшін жаңа шахта керек. Ерлік - табиғат сыйы емес, ұзаққа созылған тәрбиенің жемісі. Мен сендерге келген мұғаліммін. Біз осында оқимыз. Мен жақында ғана ауылдан келген едім. Дәукең Құсмұрын тауының сағасы жаққа ойлана қарап отыр.

Үлгі:

Мысалы

Қабысу

Жанасу

Былтыр тапсырды




+

Алты жүз мың пұт дән

+











































2-ТАҚЫРЫП.

Грамматика: Бұйрық мәнді сөйлем. Етістіктің бұйрық райының жекеше, көпше, сыпайы, қалыпты түрдегі тұлғалары арқылы жасалуы. –шы (-ші) жұрнақтары және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.

Мәтін: Тіл. Мәдениет. Өнер. Өнер шеберлері. Өнегелі ғұмыр: тарихи тұлғалар. Қайталау: Сөйлем. Сөйлемдердің құрылысына қарай бөлінетін түрлері. Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері.


Біреуге бұйыру, тілек, өтініш ету мақсатында айтылған сөйлемді бұйрық мәнді сөйлем дейміз. Мысалы: Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.

Бұйрықты сөйлемде интонация біркелкі бола бермейді. Бірде хабарлы сөйлем интонациясымен айтылса, бірде лепті сөйлем интонациясымен айтылады да, соған сәйкес сөйлем соңында не леп белгісі, не нүкте қойылады.Мысалы: Тәйт, тыныш отыр!






Жекеше

Көпше

І

Мен айт+айын

Біз айт+айық

ІІ

Сен айт

Сіз айт+ыңыз



Сендер айт+ыңдар

Сіздер айт+ыңыздар



ІІІ

Ол айт+сын

Олар айт+сын

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет