Қорытындылайтын болсақ: - индустриялық-инновациялық қызметті ынталандыру үшін құқықтық жəне экономикалық негіздерді, сондай-ақ осы бағытта мемлекеттік қолдау көрсету шараларын анықтайтын арнайы заң жасалған, өндірістік жəне бизнес үдерістерді технологиялық жаңғырту жəне оңтайландыруға бағытталған экономиканың басым секторларын мемлекеттік қолдау шараларының жүйесі құрылған. Сонымен қоса бұл жүйе экспортты сервистік қолдау жəне сауданы қаржыландыруға, сақтандыруға, инвестиция жұмылдыруға, қолданыстағы кəсіпорындарды жаңғыртуға («Өнімділік–2020» бағдарламасы), шағын жəне орта кəсіпкерлікті қолдауға («Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасы) бағытталады; - ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаев ««Қазақстан–2050» Стратегиясы. «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауына сəйкес, үдемелі индустрияландыру — бұл жаңа салаларды қалыптастыру үдерісі, сондай-ақ экономиканың бəсекеге қабілеттілігін анықтайтын инновацияларды жəне жоғары технологияларды енгізу негізінде дəстүрлі салалардың дамуы. Қазақстандағы үдемелі индустрияландырудың басты мақсаты — бұл əртараптандыру арқылы экономиканың тұрақты жəне теңдестірілген өсімін қамтамасыз ету; - индустриялық-инновациялық стратегия негізінде, өңірлердің ішінде бəсекелестік қабілеті жоғары жəне экспортқа бейімделген секторларды анықтау арқылы, жалпы өңірлердің дамуына институционалды қолдау көрсету бүгін мемлекеттің негізгі мақсаты болып отыр; Бүгінгі таңда Қазақстан күрделі экономикалық жəне саяси міндеттерді табысты шешуде басқа елдерге үлгі болатын деңгейге көтерілді. Ендігі уақытта Қазақстанның бəсекеге қабілетті 30 елдің көшбасшылығына ұмтылуы заңды құбылыс, өйткені еліміздің экономикалық əлеуеті мен қоғамдағы саяси тұрақтылық, демократияның дамуы оған мүмкіндік беріп отыр. 84. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ұлт тарихындағы «ақтаңдақтарды» жоюға бағытталған шаралар барысы мен нәтижесі туралы талдаңыз. Ұлт тарихындағы "ақтаңдақтар" деген не? Түрлі бұрмалауға ұшыраған тарихи мәселелер. Бұл XX ғасыр оқиғаларымен тығыз байланысты. Бүгінгі күні тіуелсіздікке ие болған республиканың тарихтағы ақтаңдақ болып терең зерттелмей келген қайғылы оқиғалардың бірі - 1930 жылдардағы қуғын сүргін саясаты. 1930 жылдардың екінші жартысында Қазақстанда орын алған сталиндік саяси террор, қуғын сүргін тарихта ақтаңдақ беттер деп аталды. "Ақтаңдақтар" деген терминнің өзі 1987 жылдың ақпан айынан бастап қолданыла бастады. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасы тарих ғылымының негізгі міндеті отан тарихын обьективтік тұрғыдан қайта қарап отарлық кезең мен коммунистік жүйе дәуірінде қатаң саясаттың нәтижесінде оның елеусіз қалған ,бұрмаланған тұстарын қалпына келтіру болып табылады.